Батыс қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта


Бағдарламаның мазмҧны мен қҧрылымы



бет67/139
Дата01.12.2022
өлшемі1,6 Mb.
#54101
түріСборник
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   139
Байланысты:
asz

Бағдарламаның мазмҧны мен қҧрылымы


(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)

Кіріспе (2 сағат)


Жалпы эволюция туралы түсінік. Эволюция ілімі тірі ағзалардың күрделі сатысы.

Эволюция ғылымының зерттелу тарихы (6 сағат)


Ерте заманғы, орта ғасырдағы және қайта ӛрлеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы кӛзқарастар. ХҮІІ- ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасқан эволюциялық кӛзқарастар. Тірі табиғаттың эволюциясы туралы кӛзқарастардың Дарвинге дейінгі дамуы. Тірі табиғаттың ӛзгермейтіндігі туралы кӛзқарастардың үстемдігі, эволюция теориясы, алғашқы эволюциялық идеялардың дамуы. Ч.Дарвин ілімінің пайда болуының алғы шарттары. Ч.Дарвин және У.Уоллес ілімінің негізгі қағидалары. Ресейде эволюциялық идеялардың дамуы. Қазақстанда эволюциялық идеялардың дамуы.

Қазіргі заманғы эволюцияның дамуы (7 сағат)


Түр тұжырымының тарихы. Микроэволюция. Популяция – эволюцияның элементарлық ӛлшем бірлігі. Организмдердің тіршілік ортасына бейімділігі табиғи сұрыпталудың нәтижесі екендігі, микроэволюция, түр түзілу туралы қазіргі кӛзқарастар, түр түзілудің жолдары. Табиғи сұрыпталудың шығармашылық рӛлі. Бейімделушілік – эвлюциялық үдеріс нәтижесі. Макроэволюция. Тірі табиғат эволюциясы. Биологиялық прогресс және регресс (А.Н. Северцов, И.И. Шмальгаузен). Биологиялық прогреске жетудің жолдары, эволюцияның негізгі заңдылықтары, нәтижелері. Биогенездік заң. Органикалық дүниенің эволюциясы. Ӛсімдіктер мен жануарлардағы негізгі ароморфоздар.

Зертханалық жҧмыс № 1


Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыптау әсерлерін салыстыру.

Зертханалық жҧмыс № 2


Макроэволюцияның дәлелдемелерін салыстырмалы анықтау.

Зертханалық жҧмыс №3


Ӛсімдіктер мен жануарлар жүйелік топтарының қалыптасу нәтижесі.

Жер бетінде тіршіліктің дамуы (3сағат)


Тіршіліктің пайда болуы жӛніндегі теориялар. Биохимиялық эволюция. Опарин-Холдейн теориясы. Тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі кӛзқарастар. Биологиялық эволюцияның бастапқы кезеңдері эукариоттардың, жынысты кӛбеюдің және кӛпжасушалылықтың пайда болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет