ІV. Табиғи бірлестіктер мен агробірлестіктердің қазіргі экологиялық
жағдайлары(4сағат) Табиғи бірлестіктер-биотоп, биоценоз туралы түсініктер. Биоценоз және биогеоценоз табиғи бірлестіктерінің құрылымы мен құрауыштары. Адамның іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсерлері. Экологиялық апаттар. Олардың түрлері. Адамның табиғатқа тигізетін тікелей және жанама әсерлері. Қоршаған ортаны ластайтын заттар.
V. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар (8 сағат)
Қоршаған ортаның негізгі ластану кӛздері. Қоршаған ортаның ластану себептері. Ластағыш заттар. Ластану кӛздерін жіктеу. Химиялық,
физикалық, биологиялық және антропогендік ластану кӛздері. Ластағыштардың тірі ағзаға тигізетін зардаптары.
Химиялық ластану. Оның түрлері. Жылыжай эффектісі.
Қоршаған ортаның радиациялық ластануы. Радиациялық ластанудың негізгі кӛздері. Радиацияның зиянды шектеулі мӛлшері.
Қоршаған ортаның биологиялық ластануы. Биологиялық ластану, оның зардаптары. Жұқпалы аурулар, олардың таралу жолдары. Аурудан сақтану және сауықтыру шаралары.
Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары. Экологиялық апат аймақтары туралы түсініктер. Қазақстандағы радиациялық апат аймақтары. Атом қарулары мен зымыранды сынау және оның мақсаты. Хиросима және Нагасаки қалаларына тасталған атом бомбасы. Қазақстандағы Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған полигондары. "Невада-Семей" қоғамдық қозғалысы. Қоршаған ортаның экологиясын бақылау.
Арал ӛңірінің экологиялық жағдайы. Арал теңізінің бұрынғы және қазіргі жағдайы. Арал ӛңіріндегі антропогендік факторлар. Арал апатына себеп болған факторлар. Арал теңізін құтқару жӛніндегі болжамдар мен жобалар.
Балқаш кӛлі мен Каспий теңізінің экологиялық жағдайы. Іле- Балқаш су алабындағы экологиялық проблемалар. Қапшағай су қоймасының салынуы. Іле ӛзені бойындағы экожүйелердің игерілуі. Антропогендік факторлар. Іле тоғайының экологиясы. Шарын ӛзенінің жағдайы. Аң мен құстардың сиреп кету фактілері.
Балқаш кӛлі. Кӛлдің ластану кӛздері. Балқашмыс комбинаты. Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері. Сарышаған полигондары және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттарының зардаптары. Каспий теңізі экологиясы. Мұнайды ӛндіруге байланысты теңіз суының ластануы. Каспий теңізінің деңгейінің кӛтерілуіне байланысты туындаған проблемалар. Теңіз жағалауының ластануы және әлеуметтік
жағдайлардың шиеленісуі. Қарабұғазкӛл тәжірибесі.