Батыс қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта



бет56/139
Дата01.12.2022
өлшемі1,6 Mb.
#54101
түріСборник
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   139
Байланысты:
asz

Биолог (Аслан): Темекі алқатұқымдас класына жатады. Бұл тұқымдастың 62 түрі бар, оның 45-і Америкада, ал 21 түрі Австралия мен Полинезияда ӛседі. Қазақстанда темекінің үш түрі ӛседі. Ол бір жылдық шӛп, гүлдері түтікше тәріздес насекомдар арқылы және ӛздігінен тозаңданады. Жапырақтары кезектесіп ӛседі. Дәні қауашақ ішінде орналасқан ұсақ тұқымды, 1 грамында 10 мың тұқым болады. Құрамында никотин және басқа да улы алкалоидтар бар. Темекінің жабайы түрі ӛсетін жерлерде оның жапырағын жеген малдар уланып, қырылып қалады. Мәдени және дәрілік ӛсімдік ретінде тараған темекі 120 елде ӛсіріледі. Дүниежүзінің ӛндіріс орындары бір жылда 6 млн тонна ӛнім шығарады. Ал Қазақстанда жылына 9 мың тонна темекі ӛсіріледі. Одан жылына 12,6 млрд темекі экспортқа шығарылады, 3 млрд темекі басқа елден алынады.
Мұғалім: Оқушының берген осы ақпаратына биолог мамандардың алып- қосары бар маекен? Қысқаша шолу жасап ӛтсеңіздер.

  1. жүргізуші: Адам үнемі білуге құмарланып тұрады. Осыған байланысты араларыңызда ӛмірінде бір рет болса да темекі тартып кӛргендерге сұрақ қояйық. Бірінші рет тартқанда қандй күйде болдыңыз, осыдан кейін тағы да тартқыңыз келеді ме, жаман әдетті неге тастап кетпедіңіз? Темекі шегу әдетке айналады. Бұл сұраққа жауапты дәрігер ретінде зерттеу жүргізген Мирасбектен алсақ.

Дәрігер (Бақыт): Темекі түтігіндегі құрамды бӛліктер қанға сіңеді. Екі- үш минуттан соң ми клеткаларына жетеді де, уақытша белсенділігі артады. Бұдан шылымқор ӛзін уақытша жақсы сезініп, тыныштанғандай болады. Бір жыл ішінде ол адам шылымқор болады. Аяқ астынан темекіні тастаған адамның басы ауырып, еңсесі түсіп, ашушаң күй кешеді.
Мұғалім: Оқушының осы жауабына дәрігер мамандар не дейді екен?

  1. жүргізуші: Мен мынадай сұрақ қойғым келіп тұр. Темекі шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыратынын біле тұра неге адамдар темекі шегеді? Бұл туралы сыныбымыздың социологы не ақпарат берер екен, соны тыңдайық.

Социолог (Жасұлан): Зерттеулер бойынша шылымқорлар темекіні тастағысы келсе де, олардың 80 пайызы ӛздігінен қоя алмайды екен.
«Ағзамыз темекіге үйреніп қалған, денсаулығымызға зияны жоқ, керісінше тыныштандыруға кӛмектеседі, стресс жағдайынан арылуға себебін тигізеді» деп ойлайды. «Барлығы темекінің зияны туралы біледі, тбірақ темекі шегуді неге тоқатпайсыз?» деген сұраққа
«Шаршағанымызды басады, күш беретін сияқты, шекпесем ӛзімді жайсыз сезінемін» деп жауап береді. Осы ақпарат туралы мектеп психологының пікірін білсек.

  1. жүргізуші: Біздің ағзамызға темекі шегу қауіпті ме? Осы сұраққа жауап беру үшін химик ретінде зерттеу жүргізген Раушангүлге сӛз береміз.

Химик (Шынар): Темекіні сорғанда оның ұшында температура 60-900 – қа жетеді. Осы кезде құрғақ айдау үдерісі арқылы 60-қа жуық зиян түзіледі. Оның 12-сі улы. Темекіні ақырын тартқанда 20 пайыз никотин, жылдам тартқанда 40 пайыз никотин болады. Никотин ағзаға 21-23 секунд ішінде сіңеді. Адамдар үшін никотиннің 2-3 тамшысы ӛлімге әкеп соғады. Темекі тартқан адам 30 жыл ішінде 1 кг дейін никотин тартады. Темекі түтінінде никотиннен басқа да улы заттар бар. Олар: аммиак, иіс газы, синиль қышқылы, мышьяк, висмут, 20 жыл ішінде ӛкпеде 6 кг қақ түзіледі. Тек 5 пайызы ған фильтрде тұрады.
Мұғалім: Оқушының осы ақпаратына Жаналық Жолдауқызы сіздің қосар пікіріңіз бар ма?

  1. жүргізуші: Енді біз әйелдер арасындағы темекі шегушілік туралы әңгіме қозғасақ. Бұған дейін біздің қазақ қыздары, әйелдері темекі шекпеген ғой. Сіздерден сұрайтынымыз: қазіргі қыздар шылым шегуге неге құмар? Әйел ағзасына темекі қалай әсер етеді? Бұл туралы сынып дәрігерінен сұрасақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет