Батыс қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта



бет58/139
Дата01.12.2022
өлшемі1,6 Mb.
#54101
түріСборник
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   139
Байланысты:
asz

Сабақ тақырыбы: Күнделікті шашты күту. Мақсаты:Шашты ӛсіру,күту жолдарын үйренеді Сабақ барысы:
Мамандар әр екі ай сайын сусабынды ауыстырып отыруға кеңес береді. Бағасы қымбат сусабындардың бәрі де сапалы бола бермейді. Бірақ, тым арзан да болмау керек. Ӛйткені, ӛте арзан құралдардың құрамында бас терісі мен шашқа зиянды элементтер табылуы мүмкін. Кӛптеген бағасы
қымбат сусабындардың құрамында табиғи майлар мен мұқият тазалайтын қоспалар бар. Солардың әсерінен сусабынды кішкене үнемдеуге болады. Ал, шашын күнде жумаса, жүре алмайтын арулар үшін қымбат сусабынды қолдану – шығын болуы да мүмкін. Күнде жуылатын шашқа кететін қаржылай шығынды былай қойғанда, ол бас терісіне де зиян екенін трихология мамандары растап отыр. Әр адамның шашы ӛзіндік құрылым мен ӛзіндік түрге ие. Сусабынды шаш түріне қарай таңдау қажет. Құрғақ не майлы шашты күнара (араға бір күн тастап) жуып отырған тиімді. Шашты жиі жуған сайын оның майлылығы арта тҥседі. Май қабаты бас терісін құрғап кетуден сақтайтындықтан күнде тазарып отыратын шашта тез пайда болады. Байқасаңыздар, бұйраланған шашқа қарағанда бұйраланбаған шаштар тез майланады да, кір боп кӛрінеді. Оның мыры тіке шашта майдың тез таралуында ғана. Шаштың майлануы – кір емес, бас терісі аурудан аман, шаштың сау екендігінің кепілі. Ӛйткені, май қабаты шаш талшықтарындағы дымқылдың сақталуы мен су сіңірмеуіне ықпал етеді. Шашыңызды күнде жуған сайын оны табиғы қорғанысынан айырып отыратыныңызды ұмытпаңыз.
Шашты жуғанда бір ғана ережені ұстаныңыз: су сабынды (шампунь) мейлінше аз қолдануға тырысыңыз. Кӛп жаққан жағдайда шашқа артық салмақ түсіп, құрғатып жібереді. Шаштараздан кеңес: 1 шәй қасық сусабынды 1 стақан суда араластырып жағыңыз. Сусабынды шаштың барлық ұзындығына құймаңыз. Оны тек шаштың түбіне жақсаңыз болғаны. Жуған кезде сусабынның кӛпіршігі соңына қарай ағады. Бұл оларды жуу үшін жеткілікті. Сусабынды жылы сумен кетіру қажет. Ӛйткені ыстық су шашты құрғатып, қайызғақтардың пайда болуына әсер етеді. Содан кейін барып бальзам-шайғышпен шайыңыз.
Бальзам-шайғыштар немесе кондиционерлер шашқа жұмсақтық пен олардың жақсы таралуын қамтамасыз етеді. Оларды тиімді қолдануға тырысыңыз. Әр жуған сайын бальзамды массаждап шашқа жағып, 3 минутқа қалдырыңыз. Содан кейін жақсылап шайыңыз. 3 минуттан артық уақытқа қалдырып қажеті жоқ. Ӛйткені бальзам шашқа сіңбейді, тек сыртқы келбетіне әсер етеді. Шаштарың жарнамадағы жұлдыздардың шаштарындай жарқырап тұрсын десеңіз, жуып, шайып болғаннан кейін шашты минералды сумен шайып жіберу қажет. Олар шашты біраз жұмсартып, жылтырауына кӛмектеседі және құнды минералдармен қамтамасыздандырады.
Шашқа арналған маскалар қоректік заттарға бай. Оларды шашта 10 минут ұстаған абзал. Егер масканы жаққаннан кейін сыртынан пленкамен, содан кейін орамалмен орап қойса, маска жақсы әсер етеді. Әр жуған сайын маска қолданған міндетті емес. Аптасына 1-2 рет қолданса болады. Құрғақ шаштар әрдайым ылғалдандыруды қажет етеді. Сондықтан аптасына 1 рет ылғалдандыратын маска жасап тұрған жақсы.
Жұмсақ, әрі жұқа шаштарға кӛлем беру үшін жұмыртқаның сарысы мен зәйтүн майын алып, араластырып, шашты жумас бұрын жағып қойыңыз. Шашты арнайы пленкамен орап, сыртынан орамалмен орап, 10
минуттай ұстаңыз. Шашыңызды ұзын етіп ӛсіргіңіз келсе, ұштарын әрдайым түзеп отыруды ұмытпаған жӛн.Шаштарыңыз мүлде жатпай, жан- жаққа ұшып, икемге келмейтін уақыттарда мынадай тәсіл қолданып кӛріңіз: аса майлы емес қолға арналған кремді алып, кішкене ғана түйірін алақаныңызға ысқылап, шашыңызды сипап ӛтіңіз. Бұдан еш зиян болмайды, майланып, кір болып тұрғандай да әсер қалдырмайды. Әдемі шаштар оларды дұрыс күтудің нәтижесінде ғана болмайды. Жеп-ішетін тағамдағы дәрумендер мен минералдар да шаштың мықтылығына іштен әсер береді. А, С, Е дәрумендері шашқа күш пен кӛлем береді. Шаштарыңыз тез майланып, әлсізденіп, кӛлемін кетірмесін десеңіз, мынадай масканы жасап кӛріңіз: бір шәй қасық бал алып, оны ¼ стақан жылы суда араластырыңыз да, кішкене ғана миуалы (фруктовый) сіркесуын қосыңыз. Бұл дәрілік масканы шаштың түбіне және біразын шаштың ӛзіне жағыңыз. Кепкенше 15 минуттай ұстап, жуып тастаңыз. Бұл маскадан кейін шаштарыңыз қатайып, түспейтін болады. Оларды жатқызу да оңайға түсіп, шаш үлгісі де кӛп уақытқа дейін ұсталады. Сабынның орнына айран немесе жұмыртқаның сарысын пайдалануға болады. Айранды бастың терісі мен шашқа жақсылап жағып, басты орамалмен байлап, 5-10 минуттан кейін ыстық сумен жуу керек. 1-2 жұмыртқа сарысын ағынан айырып, ішінде аздаған мӛлшерде суы бар ыдысқа құйып араластырып, шашты сонымен жуып, сонан соң ыстық сумен шаяды. Шашты жуып болған соң, оны жұмсақ сүлгімен сүрте отырып, кептірген дұрыс. Басты орамалмен байламайды. Құрғақ шашты жуар алдында бірнеше сағат бұрын кез келген ӛсімдік майымен майлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет