Дәрігер (Айсана): Әйелдер ағзасына темекі ерлерге қарағанда кӛп зиян әкеледі. Егер әйел жүкті кезде шылым шексе жатырдағы балаға әсер етеді, бала ӛлі тууы мүмкін. Шылымқор әйелдердің 42 пайызы бала сүю бақытынан айырылады. Олардың балалары аурушаң, әлсіз болады. Шылымқор әйелдердің 30 пайызы инфаркт ауруымен ауырады. Олардың терілері сұрланып, тістері мен саусақтары сарғайып кетеді.
жүргізуші: Темекі шегуді қалай қоюға болатынын дәрігерден сұрайық. Дәрігер (Айымгул): Темекіні қоюдың әр түрлі әдістері бар. Темекіні бірден қойып кетуге немесе бірте-бірте күнделікті тартатын темекі санын азайта отырып қоюға болады. Сол сияқты дәрігерлер психотерапия, ине қою, гипноз арқылы да темекіні қойғыза алады. Бұл әдеттен арылудың негізгі жолы шылым шегушінің ниетіне байланысты. 2-жүргізуші: Жасӛспірімдер біреу-міреу байқап қалмау үшін темекіні жасырынып, асығыс терең тартады. Темекінің зардабын ӛкпеден артық тартатын ешбір мүше жоқ. Темекі шегетіндер демікпе, қатерлі ісік, бронхит, туберкулез сияқты тыныс жолдарының ауыр науқастарына шалдығуы мүмкін.
Бронхит: Біз темекі тартқанды жақсы кӛреміз.
Қатерліісік: Біз темекі тартқанды жақсы кӛреміз.
Туберкулез: Сендердің сандарыңның кӛбейгені біз сияқты ауруларға ӛте жақсы.
Аманжол: Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оң білім алуға бӛгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем беретін нәрсе.
Гауһар:
Ешбір оғаш қылығыңды ұмытпаған, кешпеген, Ол – табиғат заңдылығы ешбір ғылым шешпеген. Кӛңіліме желік кірсе, қасиетті сол заңға,
Қарсы келіп қалам ба деп сескенем.
«Темекіні тастадым» ӛлеңі
Жасұлан: Мен бүгін сергек күйдемін, Жүрісім ширақ бүтіндей.
Түн де ӛтті тәтті түстей бір, Жӛтелсіз әрі түкірмей.
Гүлнұр: Атандым жұртқа танымал, Қуақы кісі тілі ӛткрі.
Ӛз ортамның гүлімін,
Ал жүзім қызыл шырайлы. Ақ жарқын ӛңім топ-толық, Ұмыттым тұмау-сұмауды, Тӛсек тартып жатқанды.
Аманжол: Азаматтар! Келе ме емін білгіңіз?
Ашсам ба сырын әлде шын, Мәлімдеймін азаматтар мен бүгін Темекіні тастаңдар.
Мұғалім тақтадағы схема бойынша темекі тақырыбын қорытындылайды.
ІІ бӛлім:
жүргізуші: 1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні. Бұл күн жапа шегушілердің қайғы-мұңына, осы жұқпалы дерттің әлем бойынша қауіптілігін түсінетін ниетке толы.
жүргізуші: СПИД пандемиясы аумақты, ұлтты, жалпы адамзатты жынысы мен жасына ажыратып жатпайтын, бүкіл жер шарына қаһарын тӛгіп, бүкіл қоғамды зардаптайтын дүлей күш.
Мұғалім: Біз бүгін темекі, арақ, есірткі жайында сӛз қозғадық. Жалпы ғасыр дерттерінің қатарында осы үшеуімен қатар СПИД дерті бар. «Енді тақтадағы схемадан СПИД-тің зардабына шолу жасап ӛтейін.
жүргізуші: 1) Бүгінгі конференцияда кӛтеріліп отырған ғасыр індеттері темекі, арақ, нашақорлық, СПИД туралы ӛз ойларын ортаға салу үшін дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері Арман ағай мен Мұрат ағайларға береміз.
2) Ортаға талқыға түсіп отырған мәселелер тӛңірегінде ӛз ойын ортаға салу үшін сӛз ішкі істер бӛлімінің жасӛспірімдер ісі жӛніндегі қызметкері Оралхан ағайға береміз.
жүргізуші: Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасӛспірімдер бойынан алшақтату әр адамның ӛз еркіне, біліміне байланысты.
жүргізуші: Жер үстіндегі байлық – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы қоршаған орта мен дос- жолдастарына байланысты.
жүргізуші: 29 қазан дүниежүзілік алкогольден бас тарту күні. Биылғы 29 қазанда баспасӛз беттерінде жарияланған деректерде былай делінген:
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі жанындағы нашақорлық, психиатерапияның республикалық ғылыми тәжірибелік орталығының мәліметтеріне жүгінсек, бүгінде еліміздегі нашақорлықты емдеу ұйымдарының диспансерлік және кеңестік есебінде 245 716 адам тіркеуде тұр. Ал дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының кӛрсеткіштері спиртті ішімдік тәуелділігінен әлемде жыл сайын 2,3 миллион адам кӛз жұматынын кӛрсетіп отыр», - деп жазылыпты.
жүргізуші: Елбасы ӛзінің халыққа жолдауы «Қазақстан 2030» бағдарламасында «Салауатты ӛмір салты» туралы нақты айқындап кӛрсетіп берді. Болашақ Қазақстанның жастары салауатты да, тәрбиелі, шыныққан да шымыр, экологиялық сауатты, ауасы таза кӛк желекті дамыған елде тұруы керек.
жүргізуші: Бүгінгі конференциямыздың қорытынды сӛз кезегін мектебіміздің мектеп директорының тәрбие ісі жӛніндегі орынбасары: Абдрахманова Розаға сӛз кезегі беріледі.
жүргізуші: Адам!
Адам!
Бӛлісіп уайымды
Болашаққа болыңдар дәйім-үлгі! Бір-біріңе болыңдар мейірімді, Бір-біріңе болыңдар қайырымды, Дерт шалмасын,
Ешқашан ӛрт шалмасын,
Алып емен, ақ балтыр қайыңымды.
Бір-біріңе болыңдар қайырымды, - дей отырып, бүгінгі конференциямызды аяқтаймыз.