§1.8. Сағат, күн, апта, айларға байланысты тест тапсырмалары
1.Марат бір күнді параққа жазып цифрларын қосады. Мысалы 17.04 болса 1+7+0+4=12. Қосындының мәні ең көп дегенде неше болуы мүмкін?
А)7 В)13 С)14 D)19 Е)20
2.Айжан электронды сағаттың сағаттық және минуттық сандарының цифрларының қосындыларын тауып өзара қосты. Қосындының ең үлкен мәнін көрсетіңіз.
A)36 B)19 C)24 D)23 E)28
3.Айжан электронды сағаттың сағаттық және минуттық сандарының цифрларының қосындыларын тауып өзара қосты. Қосындының ең кіші мәнін көрсетіңіз.
A)36 B)19 C)24 D)59 E)0
4.Айбек электронды сағаттың минуттық сандарының көрсеткішінен сағаттық сандарының көрсеткішін азайтты. Айырманың ең үлкен мәнін көрсетіңіз.
A)36 B)19 C)24 D)59 E)0
5.Әсемнің сағаты әрбір бір сағатта 4 секундқа қалып қалады. Әсемнің сағаты бір тәулікте қанша уақытқа қалып қалатынын анықтаңыз.
A)1 мин 12 с B)1 мин 48 с C)1 мин 24 с D)48 с E)1 мин 36 с
6.Әсемнің сағаты әрбір бір сағатта 6 секундқа қалып қалады.Әсемнің сағаты бір тәулікте қанша уақытқа қалып қалатынын анықтаңыз.
A)2 мин 14 с B)2 мин 24 с C)1 мин 24 с D)134 с E)1 мин 36 с
7. Бүгін аптаның сәрсенбі күні болса,онда бүгіннен бастап санағанда 2017 күн аптаның қай күніне сәйкес келеді ?
A)Сәрсенбі B)Дүйсенбі C)Жексенбі D)Сейсенбі E)Бейсенбі
8. Бүгін аптаның Жұма күні болса,онда бүгіннен бастап санағанда 200 күн аптаның қай күніне сәйкес келеді ?
A)Сәрсенбі B)Дүйсенбі C)Жексенбі D)Сейсенбі E)Бейсенбі
9.Бүгін аптаның сенбі күні болса,онда бүгіннен бастап санағанда 168 күн аптаның қай күніне сәйсес келеді ?
A)Сәрсенбі B)Дүйсенбі C)Сенбі D)Сейсенбі E)Бейсенбі
10.Осы жылы Қанаттың туған күні қандай да бір аптаның Сейсенбі күніне келіп тұр. Ал Мараттың туған күні Қанаттың туған күнінен кейін 52-ші күн болса, Мараттың туған күні Аптаның қай күніне сәйкес келетінін анықтаңыз.
A)Сейсенбі B)Сәрсенбі C)Бейсенбі D)Дүйсенбі E)Жұма
11.Егер қабырғалы сағат тілі әр күн сайын 3 минутқа қалып отырса, қанша күннен кейін сағат дұрыс уақытты көрсетеді?
A)100 B)120 C)60 D)240 E)360
12. Егер қабырғалы сағат тілі әр күн сайын 2 минутқа қалып отырса, қанша күннен кейін сағат дұрыс уақытты көрсетеді?
A)100 B)120 C)60 D)240 E)360
13.Қабырғалы сағат тілі әр күн сайын қандай да бір уақытқа қалып отырады.Осылайша сағат тілі 80 күннен кейін дұрыс уақытты көрсетсе,онда сағат тілі неше минутқа қалып отырғанын табыңыз.
A)9 минут B)3 минут C)2 минут D)8 минут E)6 минут
14.Ескі будильник әр 24 сағат сайын 8 минутқа ешігеді. Таңертең сағат 7:00-де тұру үшін, бұл будильникті бүгін кешкі 22:00-де неше минутқа алға жылжытып қою керек?
A)9 мин B)3 мин C)1 мин 30 с D)2 мин 40 с E)15 мин
15.Ескі сағат тәулігіне 8 минутқа қалып қояды.Осы сағатты кешке сағат 7-де,келесі күнгі таңғы сағат 7-де шырылдайтын етіп,қою үшін қанша ілгерлетіп қою керек екендігін анықтаңыз.
A)1 мин 40 сек B)2мин C)6 мин D)8 мин E)4 мин
16.Айдын өзінің ескі сағатын кешкі сағат 9-да,келесі күнгі таңғы сағат 6-да шырылдайтын етіп қойды.Бірақ ескі сағаты істен шығып,тәулігіне белгілі бір уақытқа қала бастады. Осылайша сағаты таңғы уақыт 5:48 шырылдай бастады.Ескі сағат тәулігіне неше минутқа қалып қойғанын табыңыз.
A)12 мин B)16мин C)32 мин D)8 мин E)24 мин
17.Сағаттық тіл мен минуттық тіл 3 сағат 18 минутты көрсетіп тұрса,онда олардың арасындағы бұрышты табыңыз
A)9о B)27о C)18о D)15о E)6о
18. Уақыт 17:30-да сағаттық тіл мен минуттық тілдің арасындағы бұрыш қаншаға тең?
A)10° B)15° C)25° D)30° E)40°
19.Уақыт 16:30-да сағаттық және минуттық тілдерінің арасындағы бұрыш шамасы неге тең?
А)30о В)45о С)60о D)75о E)175о
20.Уақыт 09:20-да сағаттық және минуттық тілдерінің арасындағы бұрыш шамасы неге тең?
А)140
В)150
С)160
D)170
E)165
21.Қандай да бір айда үш жексенбі жұп сандарға сәйкес келді. Осы айдың 20-сы аптаның қандай күні болады?
A)сейсенбі
B)бейсенбі
C)сәрсенбі
D)дүйсенбі
E)сенбі
22.Үш сейсенбі күні Қыркүйек айының тақ күндеріне сәйкес келсе, сол айдың 21-і аптаның қай күні болады?
A)Сейсенбі
B)Сәрсенбі
C)Дүйсенбі
D)Жұма
E)Сенбі
23.Сәуір айында 5 сенбі және 5 жексенбі бар екені белгілі болса, 1 сәуір аптаның қай күніне сәйкес келеді?
A)Сейсенбі
B)Сәрсенбі
C)Бейсенбі
D)Жұма
E)Сенбі
24.Сәуір айында үш жұма тақ күндерге сәйкес келген болса, сәуірдің 25-і аптаның қай күніне сәйкес келетінін табыңыз.
A) Бейсенбі
B) Жексенбі
C) Сәрсенбі
D) Дүйсенбі
E) Сейсенбі
25.«Астана-Алматы» жолаушылар пойызы Астанадан 1 наурыз 19:15-те шығып, Алматыға 2 наурыз күні 15:40-та келді. «Астана-Алматы» жолаушылар пойызы Астанадан Алматыға дейін қанша уақыт жолда болғанын анықтаңыз.
A)20 сағ 55 мин
B)19 сағ 5 мин
C)20 сағ 25 мин
D)19 сағ 25 мин
E)21 сағ 15 мин
26.«Астана-Павлодар» жолаушылар пойызы Астанадан 30 маусым күні 22 сағ 45 минутта шығып, Павлодарға 1 шілде күнгі 6 сағ 50 минутта келді. «Астана-Павлодар» жолаушылар пойызы Астанадан Павлодарға дейін қанша уақыт жолда болғанын анықтаңыз
A)7 сағ 55 мин
B)7 сағ 5 мин
C)8 сағ 50 мин
D)7 сағ 50 мин
E)8 сағ 5 мин
27. Пойыз Алматыдан 19 мамыр күні 15 сағ 50 минутта шығып, Ақтөбеге 21 мамыр күні 10 сағ 30 минутта келді. Пойыз Алматыдан Ақтөбеге дейін қанша уақыт жүрді?
A)40 сағ 50 мин
B)42 сағ 40 мин
C)45 сағ 50 мин
D)8 сағ 40 мин
E)50 сағ 20 мин
28.Жолаушыларпойызы Апунктінен В пунктіне 30 шілдекүні
22 сағ 15 минутташығып, В пунктіне 1 тамызкүнгі 7 сағ 50 минуттакелді. Жолаушыларпойызы Апунктінен В пунктінедейінқаншауақытжолдаболғанынанықтаңыз.
A) 9 сағ 35 мин
B) 32 сағ 25 мин
C) 33 сағ 35 мин
D) 27 сағ 5 мин
E) 34 сағ 45 мин
29.Егер тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінің 60%-ына тең болса, қазір сағат неше болатынын табыңыз.
A)14 сағ
B)14 сағ 40 мин
C)15 сағ
D)7 сағ 20 мин E) 3 сағ
30. Егер тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінің 20%-ына тең болса, қазір сағат неше болатынын табыңыз.
A) 14 сағ
B) 15 сағ
C) 18 сағ
D) 20 сағ
E) 21 сағ
31. Егер тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінің -індей болса, қазір сағат неше болатынын табыңыз.
A) 14 сағ
B) 15 сағ
C) 18 сағ
D) 20 сағ
E) 21 сағ
32.Қарауыл 3 күн істеп ,төртінші күні демалады . Ол жексенбі демалып , дүйсенбі де жұмысын бастайды . Оның демалысы қанша күнде бір жексенбіге сәйкес келеді ?
A) 21
B) 25
C) 28
D) 30
E)35
33. Электронды сағат уақытты 00:00 ден 23:59-ға дейін сағатпен және минутпен көрсетіп тұр. Бір тәулікте таблода 2;0;1;9 цифрларын әр түрлі тәсілмен неше рет көруге болады?
А) 9
В) 13
С) 10
D) 12
E) 11
34. Электрондықсағат 19 сағ 57 мин 31 сек-ті (19:57:31) көрсетіптұр. Ең кем дегенденешесекундтанкейін осы сағатбетіндегібарлық цифр өзгеретінінанықтаңыз.
A) 147
B) 229
C) 60
D) 149
E) 120
35. Саяхатшы моторлы қайықпен дүйсенбі күні сағат 12-де өз саяхатын бастады да, 100 сағат саяхаттап қайта оралды. Ол қай күні неше сағатта қайтып келген?
A) Сенбі күні сағат 16:00-де
B) Сәрсенбі күні сағат 04:00-де
C) Бейсенбі күні тал түсте
D) Жұма күні сағат 04:00-де
E) Жұма күні сағат 16:00-де
36. Сержанға дәрігер дәріні 15 минут сайын ішіп тұру керек деп нұсқау берді. Егер ол бірінші рет дәріні сағат 11-ден 5 минут кетекенде ішсе, төртінші рет дәріні қай уақытта ішуі тиіс?
A) 11:40
B) 11:50
C) 11:55
D) 12:05
E) 12:00
37. 25 минутты сағатқа айналдырыңыз.
А) 712
В) 14
С) 0,4
D) 512
Е) 0,36
38. Саяхатшы моторлы қайықпен дүйсенбі күні сағат 12-де өз саяхатын бастады да, 150 сағат саяхаттап қайта оралды. Ол қай күні неше сағатта қайтып келген?
A) Cенбі күні тал түсте
B) Сенбі күні сағат 18:00-де
C) Жексенбі күні сағат 18:00-де
D) Жұма күні сағат 06:00-де
E) Жұма к