Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті


§1.7. Кітап беті. Газет-журнал беті



бет18/61
Дата24.02.2022
өлшемі1,86 Mb.
#26358
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61
Байланысты:
Математикалы сауаттылы Есетов ЕН

§1.7. Кітап беті. Газет-журнал беті.

Күнделікті өміріміздегі кітаптардың беттері цифрлармен нөмірленеді. Есеп шарты бойынша кітап бетін номерлеуге пайдаланылған цифрлар саны берілген болса, сол кітаптың неше беттен тұратынын табуғға болады. Оның формулалары төмендегідей:



n – кітаптың беттерін нөмерлеу үшін пайдаланылған цифр және

  • Егер кітап 1-беттен басталса:

  • Егер кітап 3-беттен басталса:


1-мысал: Кітаптың беттерін нөмірлеу үшін 600 цифр пайдаланылды. Осы кітапта барлығы неше бет екенін анықтаңыз.

А) 200 В) 235 С) 215 Д) 300 Е) 236



Шешуі: Ешқандай қосымша ақпарат берілмесе, кітап 1-беттен бастап нөмірленген деген мағынада. Формула бойынша:

Кітапта барлығы 236 бет бар.


2-мысал: Кітаптың беттерін нөмірлеу үшін 430 цифр пайдаланылды. Егер кітап 3-беттен басталса, осы кітапта барлығы неше бет екенін анықтаңыз.

А) 195 В) 202 С) 178 Д) 180 Е) 183



Қосымша ақпарат берілген, яғни кітап 3-беттен бастап номерленген. Олай болса екінші формула бойынша:

Кітапта барлығы 180 бет бар.


3-мысал: 203 беттік кітаптың беттерін 1-ден бастап нөмірлеу үшін неше цифр пайдаланылғаның табыңыз.

А) 522 В) 432 С) 501 Д) 450 Е) 504



Формула бойынша:













Есептеу бойынша:

[1-9] арсында 9 сан бір таңбалы 9·1=9 Яғни 1-ден 9-ға дейінгі беттерде: 9 цифр

[10-99] арасында 90 сан екі таңбалы 90·2=180 Яғни 10-нан 99ға дейінгі беттерде: 180 цифр

[100-203] арасында 104 сан үш таңбалы 104·3=312 Яғни 100-ден 203-ке дейінгі беттерде: 312 цифр

Жалпы қосындысы: 9+180+203=501


501

Математикалық сауаттылық емтихандарында газет және журнал беттеріне байланысты есептер бар. Оларды шығару үшін мынадай ережені білу қажет:

Егер газет немесе журнал n беттен тұрса, онда кез келген қос бетінің қосындысы n+1 болады.

Мысалы 40 беттен тұратын газетті қарастырайық. Оның ең алғашқы бетінде 1 нөмірі, ал ең соңғы бетінде 40 нөмірі жазулы тұрады.



Осылай қос беттеп жаятын болсақ, газеттің бір жағында 1нөмірі, ал екінші жағында 40 нөмірі тұрады. Екеуінің қосындысы: 40+1=41



Ал осы беттердің артында, яғни 1-ші беттің артында 2 нөмірі, ал 40-шы беттің артында 39 нөмірі жазулы тұрады. Олардың да қосындысы тұрақты болады: 39+2=41

Солай солай жалғаса береді:

38+3=41

37+4=41


36+5=41
4-мысал: Асқар көшеден бір газет парағын тауып алды. Оның бір жағында 27-ші бет, ал екінші жағында 10-шы бет жазулы тұрды. Сонда газет неше беттен тұрған?

А) 40 В) 37 С) 36 Д) 44 Е) 46

Ереже бойынша: егер газет немесе журнал n беттен тұрса, онда кез келген қос бетінің қосындысы n+1 болады. Осы ереже бойынша қос бетінің нөмерлерін қосамыз:

n+1=27+10

n+1=37

n=37-1


n=36

Газет 36 беттен тұрады.



5-мысал: Марат ортасындағы парақтары жыртылған журнал тауып алды. Оның бір жағында 18-ші бет, ал екінші жағында 59-ші бет жазулы тұрды. Сонда журнал неше беттен тұрған?

А) 78 В) 74 С) 77 Д) 75 Е) 76

Ереже бойынша: егер газет немесе журнал n беттен тұрса, онда кез келген қос бетінің қосындысы n+1 болады. Осы ереже бойынша қос бетінің нөмірлерін қосамыз:

n+1=18+59

n+1=77

n=77-1


n=76

Журнал 76 беттен тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет