Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығы «Физикадан pisa тапсырмалар жинағы»



Pdf көрінісі
бет35/43
Дата27.09.2023
өлшемі2,36 Mb.
#110792
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43
Байланысты:
Физикадан PISA тапсырмалар жинағы

 
57-тапсырма
.
Шолпанның Күн дискісінен өтуі. 
2004жылғы маусымда Жердің көптеген аумағынан Шолпан ғаламшарының 
Күн дискісінің алдында қалай өтетінін бақылауға болады.Бұл құбылыс 
Шолпанның Күн дискісінен өтуі деп аталады және Шолпан Күн мен Жер 
арасынан өткен кезде байқалатын құбылыс.Төмендегі суретте 2004 жылы 
Шолпанның Күн дискісінен өтуі көрсетілген.Телескоп Күнге бағытталған,ал 
сурет ақ экранға түсірілген

Неліктен Шолпанның өтуі кескінді телескоп арқылы тікелей емес,ақ экранға 
проекциялау арқылы бақыланады?
А.Күн сәулесі жарық,одан Шолпанды көру мүмкін болмады.
В.Күн үлкен,оны үлкейткіш құрылғыларсыз көруге болады .
С
.Телескоп арқылы күн сәулесіне қарасаңыз,көзіңізге зақым келуі мүмкін.
Д.Кескінді экранға проекциялау оны кішірейту үшін қажет болды
.
58-тапсырма
.
Суды тазарту
Кейбір елдерде таза ауыз су проблемасы бар. Осы мәселені шешу үшін 
конусын пайдалану ұсынылды 


45 
Ішінде лас суы бар құты аузына су конусы кигізіледі. Төменде су конусын 
пайдаланудың нұсқаулығы берілген 
Лас
 
су құйылған құтының беті неліктен ауқымды екендігін түсіндіріңіз. 
Жауабы:Буға айналу – сұйықтың біртіндеп буға немесе газға айналу үдерісі. 
Барлық сұйық зат буға айналады, бірақ олардың буға айналу 
жылдамдықтары әртүрлі. Буға айналатын сұйықтың беті үлкен болған 
сайын, буға айналу жылдамырақ өтеді.
 
59-тапсырма.Су электр станциясы 
Бұл анимация тұщы сулы өзен мен мұхит суы кездесетін жерде орналасқан 
электр станциясының жаңа түрін көрсетеді. Электр станциясы электр 
энергиясын 
өндіріп 
шығару 
үшін 
екі 
су 
айдындағы 
тұздың 
концентрациясындағы айырмашылықты пайдаланады. Электр станциясында 
тұщы су өзеннен құбырлар арқылы бір резервуарға тартылады. Басқа 


46 
резервуарға мұхиттан тұзды су тартылады. Екі резервуар су молекулаларын 
ғана өткізетін мембранамен бөлінген. 
Су молекулалары мембрана арқылы тұздың концентрациясы төмен 
резервуардан тұздың концентрациясы жоғары ыдысқа ауысады. Бұл тұзды 
су резервуарындағы судың көлемі мен қысымын ұлғайтады.Су молекуласы 
қозғалысының ұлғайтылған суреті 
Тұзды суы бар резервуардағы жоғары қысым астындағы су одан кейін 
электр энергиясын өндіріп шығару үшін турбиналарды жылжыта отырып, 
құбыр арқылы ағады
.
Электр станцияларының көпшілігі энергияның көзі 
ретінде мұнай мен көмір тәрізді қазба отынды пайдаланады.
Бұл жаңа электр станциясы қазба отын түрлерін пайдаланатын электр 
станциясына қарағанда неге экологиялық жақтан таза болып есептеледі? 
Жауабы: 
атмосфераға зиянды қалдықтар мен шығарындылар бөлінбейді; 

жасанды су қоймаларындағы су, әдетте, таза, себебі қоспалар түбінде 
тұнады. Бұл суды ішу, жуу, шомылу және суландыру үшін пайдалануға 
болады; 

су - жаңартылатын энергия көзі; 

су электр станциясын пайдалану үшін отын алудың, өңдеудің, 
тасымалдаудың қажеті жоқ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет