3 -тапсырма. Тапсырма сипаттамасы: • Ғылыми білім саласы: Тірі жүйелер
• Құзіреттілік: деректерді түсіндіру және қорытынды
тұжырымдар жасау үшін ғылыми дәлелдерді пайдалану
• Мәнмәтін (контекст): жергілікті
• Танымдық деңгейі: орташа
• Ғылыми білім түрі: мазмұндық білім
• Жауап формасы: бірнеше дұрыс жауапты таңдау
Бүкіл жаз бойы Әнел мен Санжар өсімдіктерді жақсылап күтті.
Олар Хэллоуин мерекесіне шам жасау үшін өздері өсірген
асқабақтарды жинағанша асықты.
Тапсырма: Асқабақ жемісін жинауға дайын болғандығын қандай
белгілеріне қарап біледі? Барлық дұрыс жауаптарды белгілеңіз.
А. Сабақтары құрғақтанып, қатты болады.
В. Асқабақ жемістері дөңгелектенеді.
С. Өсімдік жапырақтары ашық-жасыл түске айналады.
D. Өсімдіктің гүлдері қурайды.
Е. Жемістердің қабығы қатты және ашық түсті болады.