3 -тапсырма. Тапсырма сипаттамасы: • Ғылыми білім саласы: Тірі жүйелер
• Құзіреттілік: құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру
• Мәнмәтін (контекст): жеке
• Танымдық деңгейі: орташа
• Ғылыми білім түрі: процедуралық (рәсімдік) білім
• Жауап формасы: толық жауап
Аружан бақшаға бұршақ тұқымын отырғызды. Ата-анасы оған
саяжай топырағы сазды, ауыр болғандықтан, тұқымды тым терең
отырғызбауын өтінді.
Тапсырма: Неге Аружанның ата-анасы тұқымды терең
отырғызбауын өтінгенін түсіндіріңіз. Жауабыңызды жазыңыз.
________________________________________________________
________________________________________________________
____________________
Бағалау жүйесі Балл
Критерий мазмұны
1
Сазды
топырақ
тығыз
болғандықтан,
тұқымның өніп, өсуі қиынырақ болатыны
жазылады
0
Басқа жауаптар