120
2-тапсырма.
Тапсырма сипаттамасы:
• Ғылыми білім саласы: Физикалық жүйелер
• Құзіреттілік: деректерді түсіндіру және қорытынды
тұжырымдар жасау үшін ғылыми
дәлелдемелерді пайдалану
• Мәнмәтін (контекст): жеке
• Танымдық деңгейі: орташа
• Ғылыми білім түрі: мазмұндық
білім
• Жауап формасы: бірнеше дұрыс жауапты таңдау
Райхан мен әкесі келесі тәжірибені жасады. Олар металдан және
ағаштан жасалған екі ыдысты (кружка) алып, олардың
беткі
температураларын жанаспалы термометр деп аталатын құралмен
өлшеді(1-сурет).
1-сурет 2-сурет
Кейін Райхан 2-cуретте көрсетілгендей ыдысты екі қолымен орай
ұстады да, 1 минуттен кейін әкесі ыдыстың ішкі бетінің
температурасын өлшеді. Сосын олар осы тәжірибені металл
ыдыспен қайталады. Бұл өлшемдердің нәтижесі кестеде
көрсетілген.
Ыдыстың беткі
температурасы
Қолмен орай
ұстаған
ыдыстың
ішкі бетінің
температурасы
Ағаш ыдыс
23
0
С
24
0
С
Металл ыдыс
23
0
С
30
0
С
Тапсырма: Осы тәжірибенің негізінде Райхан
қандай қорытынды
жасай алды? Екі дұрыс тұжырымды таңдаңыз.
121
А. Қоршаған ортаның температурасынан металл ыдыс ағаш
ыдысқа қарағанда көбірек қызды.
В. Қоршаған ортаның температурасынан ағаш ыдыс металл
ыдысқа қарағанда көбірек қызды.
С. Металл ыдыстың ішкі бетінің температурасы алақаннан өткен
жылудың әсерінен жоғарылады.
D. Ағаш металға қарағанда жылуды жақсы өткізеді.
Е. Металл ағашқа қарағанда жылуды жақсы өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: