Фрейд « Мен»мен «Олды» салт атты адамға теңейді: «Мен» -сырт қарағанда атты басқарып, бақылап, бұйрық беріп отырады. Бірақ ат («Ол»)-адамнан күштірек және (адамды көтеріп келеді) кей жағдайда ат иесі атқа бақылауын жоғалтып алып, ол қайда шапса да кете баруы мүмкін.
«Олдан» басқа «Жоғарғы Мен» де (тиымдар, нормалар) – «Менді» өзіне жиі бағындырады.
Осылайша адам « Мені» (Фрейд тілімен айтқанда-(«адамның бейшара Мені») үш жақты қысым көреді:
Бейсаналық « Ол»
Сыртқы дүние
Тиымдар, нормалар- «Жоғарғы Мен»
Фрейд ілімі бойынша адам психикасын басқаратын және бағыттайтын негізгі факторлар:
Ләззат, раһат- психика компасқа ұқсап раһатқа жол іздейді.
Ығыстыру – психика бейсанаға қолайсыз, тиым салынған тілектер мен идеаларды (асоциалды, сексуалды ойларды) ығыстырады.
« Цензурадан» өтпей бейсанаға ығыстырылған тілектер, ойлар сублимацияға ұшырайды- әлеуметтік әрекет пен мәдени творчествоның «рұқсат» етілген түрлеріне айналып, бейнесін өзгертеді.