Неопозитивизмнің келесі басты мақсаты (ғылым тілінің логикалық анализінен өзге) - философияны метафизикалық (шын ғылыми шешімі жок.) мәселелерден тазарту
Неопозитивизмнің келесі басты мақсаты (ғылым тілінің логикалық анализінен өзге) - философияны метафизикалық (шын ғылыми шешімі жок.) мәселелерден тазарту.
Позитивизмнің ең соңғы жаңа нұсқасы постпозитивизм болып табылады (XX ғасырдың екінші жартысы мен соңы). Көрнекті өкілдері - К.Поппер (1902-1994), Т.Кун(1992ж.т.).
Постпозитивизм ғылым тарихына мән береді.
Постпозитивизмнің басты мақсаты - ғылыми білімнің (тілдің, ұғымның) құрылымын (неопозитивистер сияқты) емес, ғылыми білімнің дамуын зерттеу.
Постпозитивизм қарастыратын негізгі сұрақтар:
1. Жаңа теория қалай пайда болады?
2. Ол калай танылады?
3. Біртектес немесе бәсекелес ғылыми теорияларды салыстырудың өлшемдері қандай?
4. баламалық (альтернативалық) теорияларды жақтаушылардың арасында ортақ түсінік болуы мүмкін бе?
Постпозитивистер пікірінше, теорияның ақиқаттығы мен оның верификациялылығы (тәжірибе жүзінде тексеру мүмкіндігі) арасындағы байланыс міндетті емес. Ғылымның жалпы мағынасы мен ғылым тілі арасында да қатаң қайшылық жоқ. Верификацияланбайтын мәселелерді (метафизикалық, бейғылыми) ығыстыру міндет емес.