Философияға ғана емес, тұтас XX ғасыр мәдениеті үшін аса мәнді болған феноменологиялық философияның алғашқы қағидасын Гуссерль «Zu den Sachen seebst» -«вещам самим!» деп тұжырымдады. Әңгіме философиядағы сана мазмұнына қатысты тіпті өзгеше қатынасты білдіретін тенденция туралы болып отыр. «Zu den Sachen seebst» мағынасы: өзіміз құрайтын, қолдан жасайтын сызба, кесте, шаблондарды өзіміз байқамай, шын дүниеге еріксіз міндеттемеу, таңбау: «Біз «sacһеn» («нәрселер», «заттар») - қандай болса - сондай күйде көруге, қабылдауға тиіспіз».