Декарт жүйесінен туатын қорытынды: «Жаңа Заманның маңызды сипаты - сананың -субстанция екендігі». Субстанция өздігінен тіршілік ететін және қасиеттері мен сапалары бар түпнегіз (Кантша «аn sісһ»). Декарт дәстүрі өз дуализмін осы шеңберде (рухани және тәндік субстанция, идеалды мен материалды, субъект пен объект) көрсетеді. Тұтас алғанда, Жаңа Заман философиясы мен мәдениетінің бағдарына танымдық сипат тән. Декарт белгілеген бағдарлама Гуссерль философиясында басқаша дамыды. Сана мәселесіндегі картезиандық идеяларды жақтағанмен Гуссерль «сана - субстанция, бастапқыдан берілген мән» қағидасын қабылдаудан бас тартты.