Батыс философиясы Қазіргі заманғы философияның жалпы сипаты және бағыттары



бет60/86
Дата31.12.2021
өлшемі474,66 Kb.
#21198
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   86

Кант трансцендентализмін жақтаушы Гуссерль философиялық зерттеудің бастапкы нүктесі ретінде индивидуалды сананы алуды ұсынды. Гуссерль философиясында зерттеу объектісі ретінде сана ағыны, ой-толғау ағыны алынады. Ағынның ішкі құрылымдық элементтерін талдау барысында Гуссерль ағынның құрамдас бөлімдері белгілі дәрежеде тұтастық (феномен) болып табылатындығы туралы қорытынды жасады.

Сезімдік дүниенің клеткасы болып табылатын және сол дүниенің заңдары бойынша тіршілік ететін Кант сфеноменінен» айырмашылығы, Гуссерлъ редукцияй - сананы зерттеу барысындағы натурализмді жеңуге бағытталған алғашқы қадам деп санады. Ол таза «Менге» жету, адам субъективтілігін рефлексиялау үшін редукцияның аса қажеттілігіне сенімді еді. Гуссерль ушін заттарға тікелей еніп, соның арқасында берілген нәрсені ешбір алғышартсыз қабылдау және түсіну маңызды болды. Гуссерльдің «Артқа -Нәрселерге қайта оралу!» қағидасының мәні осында.

  • Гуссерль феноменді тікелей табу, сипаттау, интерпретациялаудан тұратын алғашқы кезең мен одан кейінгі ұғыну, оны құрамдас элементтерге жіктеу сияқты келесі кезең айырмашылығьн ашып көрсетті. Біз «тікелей» сананың тұтас құрылымдарын «қанша жіктегенімізбен олар синтетикалық, жіктелмеген тұтастық түрінде қызмет атқарады. Осыдан келіп интуитивті - пайымдаушылық негізге кұрылған тұтастықты сипаттау ретіндегі феноменологиялық әдіс философиялық талдаудың басты шешуші тәсіліне айналады.
  • Гуссерль өз феноменологиясын философияны қатаң ғылым ретінде құру, ғьлыми білім теориясын жасау талпынысы ретінде ойластырғанымен, философтың еңбектері оның өз пікірінен қайтқанын көрсетеді: «Европалық ғылымдар дағдарысы және трансценденталды феноменология» еңбегінде бірінші орынға кейіннен феноменологияның мәнді бөлігіне айналған мәдениет мәселесі қойылған. Европалық ғылымдар дағдарысын ол XX ғасырдағы бүкіл батысевропалық философияның өзекті тақырыбына айналған европалық мәдениет дағдарысымен байланыстырады. Гуссерль философиясының екінші кезеңіндегі орталық мәселе - құндылық және адам жауапкершілігі.
  • Феноменология бейинтеллектулизм мен иррационализмге жол ашушы ретінде катты сыналды, Бейиителлектуализм ретіндегі сын философты философияға қабілетсіз деумен бірдей көрінгенмен, шындығында. феноменология өзінің кез-келген интеллектуалдық немесе рационалистік философия сияқты белгілі бір дәстүрі бар философия ретінде өз дербестігін және қабілеттілігін жариялау болатын.
  • Гуссерльдің феноменологиялық әдісін кейінгі философия жоғары бағалап, әсіресе экзистенциализм оны философиялық талдаудың ең дұрыс әдісі ретінде атады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет