Бүкіл дәстүрге Гуссерль өте мәнді элемент ендірді: ол уақыт. Кәдімгі моншақ тізбектелетін жіп сияқты, сана - өмір тізбектелетін мағыналық жіп екендігін, және оған уакытқа қатысты алғанда сана -әрдайым бөтен болып табылатындығын айтты. Бұл енді априорлық, бастапқыдан берілген, тәжірибеге дейін де болған формалар. Бұл априоризмнің модификациясы, бір кезде «туа біткен» «идеялар» немесе «априориялық категориялар» деп аталғандарға динамизм беру. Тіл мәселесімен салыстырғанда уақыт мәселесі XX ғасыр философиясы мен мәдениеті үшін аса мәнділердің бірі болып табылады, сондықтан Гуссерльдің көптеген еңбектері уақыттағы ішкі сананы тыңғылықты талдауға арналды.