5. постмодернизм өзінің ирреализм құқығын - барлығын реалды түрде "көрсету" , бейнелеу, "икондандыру" іске аса бермейтіндігін - қорғайды; 6. әзіл-қалжың, әжуа,ойын мен аллегория, т.б. - постмодернистік ұстанымдардың бірі -әдебиет пен өнердің және жалпы ой творчествосының маңызды қатынасы ретінде қарастырылады; 7. "гибридтену" - өнердегі дағдылы жанрларды бір біріне қосу, араластыру немесе творчестводағы бір жанрдың стилі мен әдістерін екіншісіне көшіру ("глагиаризм"); 8. карнавалдандыру - заттар мен құбылыстардың "куанышты релятивтілігі" (салыстырмалылығы, өзара араласуы), "естен тандыратын өмір жолақтары" — яғни, "имманентті (ішкі, еріксіз) күлкіні тудыратын карнавал"; 9. "ойынға тең қатысу" құқығы, яғни шығармадағы автордың, оқырманның тындарманың тең "өкілдігі" немесе ондағы тағылымның, ақылгөйліктің болмауы; 10. "творчествоның конструктивтілік сипаты'" - мәтіндік сюжеттерді "жинақтауға", "бөлшектеуге" болатындығы - постмодернизмді "техникалық конструктілеумен" жақындата түсетін сипат.