Ницше өзінің философиясының жеңіске жететіндігіне сенді. Өйткені Ницше философиясында автордың "тиым салынған аймақтағы ұзақ саяхатынан" жинақталған "ұзақ мерзімді тәжірибесі" - творчестволық күш ретінде акыл-ойды емес, инстинкті бекіту тәжірибесі берілген. Платон мен Сократты сынаған Ницше, Делез пікірінше, бәрібір ежелгі гректер ұсынған фәлсафалау парадигмасы шеңберінен аса алған жоқ: Ницше де гректер сияқты "үстіртті айыптағанымен, оны бар болғаны "жаңа тұрғыдан - тереңдік тұрғысынан іске асырды". "Платон және Ницше қалыптастырған философтар образының тарихи уақыты өтіп кетті. Бүгінгі күні жаңа, үшінші образ пайда болды" деп санайды Делез. Ол образ - ойды қайта қарастыруға, бағыттауға, бағдарлауға байланысты өзінің толғауларында асқақ Идеяға немесе инстинктер тереңдігіне (және басқа да тиым салынған субстанцияларға) аяқ асты болу тағдыры жоғарғы себептер ретінде Идеяларға ғана емес, олардың ойлар мен денелерге бойлай жасырынған тереңдегі Абсолютті мәндеріне де жазылды.