Батыс философиясы Қазіргі заманғы философияның жалпы сипаты және бағыттары



бет76/86
Дата31.12.2021
өлшемі474,66 Kb.
#21198
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   86

Делез "аскеттік идеал ұзақ уақыт бойы философ үшін тіршілік ету шарты, көрініс беру формасы қызметін атқарды", философ "философ бола алу үшін соған сенуге", дәл осы идеалды уағыздауга мәжбүр болатын деп санаған Ницшенің пікірін толық келтіреді. Даналыққа кұштарлықты өз өмірінің басты мақсаты деп жариялаған философтар өмірді ойдың көмегімен Құдірет, Ақиқат, Сұлулык, Игілік, т.б. жоғарғы құндылықтар тұрғысынан талдай бастады. Делез пікірінше жоғарғы құндылықтар - Сократтан кейінгі философтар ғасырлар бойы өздерін ерікті түрде алып жүрген "салмақ пен жүк". Ницше ақыл-ойдың жоғарғы идеалды құндылықтарының диктатын жокқа шығарған жаңа образ қалыптастырды. Ницшеандық типтегі философтар үшін негізгі бағдар -идеалды мәндер емес - тереңде жасырынған, "тиым салынған" аймақта саяхаттауға бейімділік. Ақыл-ой - өтуге болмайтын шекараларды белгілеп берді, олар: инцест, секс, бейсаналық, инстинктер, түрме, антропофагия (адамжегіштік), т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет