2. мәні түсінік болып табылатын болмыс калай кұрылған (түсінудің құрылымы қандай?).
Герменевтика
Герменевтиканың басты идеясы:
Тіршілік ету дегеніміз - түсінілу.
Герменевтиканың зерттеу пәні мәтін (текст) болып табылады. Герменевтиканың фундаменталды ұғымдары:
1. «герменевтикалық үшбұрыш» - мәтін авторы, мәтіннің өзі және оқырман үшеуі арасындағы өзара қатынас;
2. «герменевтикалык шеңбер» - түсіну процесінің циклдық сипаты.
Герменевтика - герменевтикалық жағдайдың - мәтінді дұрыс түсіну мен түсіндіру қажеттілігі - тууына байланысты пайда болды.
Алғашқы герменевтер - Інжіл мәтіндері аркылы берілген құдіретті ойды ашып, «түсіндірумен» айналысқан ортағасырлық теолог-схоластар (Ф.Аквинский, т.б.) болды.