Шлейермахер пікірінше, мәтінді талдауда 2 герменевтикалық әдіс қолданыла алады:
1. грамматикалық; 2. психологиялық.
Бірінші әдіс арқылы «тілдің рухы»,
Екіншісімен - «автордың рухы» беріледі.
Герменевтикада (мәтінді талдауда) автор мен оқырманның жан туыстығы, жақындығы мағыналы болады. Егер автор окырманнан тым алыс болса, герменевтика қанша күш салса да, мәтін ешбір толық түсінілмейді. Ал автор мен оқырманның жан үндестігінен, сәйкестігінен. ұқсастығынан мәтінде жасырын мағына қалмайды және түсіндіру қажет болмайды.