Делездің "үстірт" ұғымы Делез өзінің "Ницше" (1965) және "Мағынаның логикасы" (1969) атты еңбектерінде постмодернистік фәлсафалаудың және философ-постмодернистің образының өз ерекшелігі болатынын көрсетті. Ол ерекшелік - терең мәнді субстанцияға да, жоғарғы идеяға да жатпайтын автономды үстіртте орналасқан окиғалар мен мағыналардың тіршілігі болатындығын мойындауда. Дәл осы үстірт ұғымы (резома) постмодернистік философиялық сөздіктің басты сипатына айналды. Делез пікірінше, философия тарихындағы философ образының екі түрі қалыптасқан: біріншісі Платон бейнесінде, екіншісі - Ф.Ницше түрінде берілген. Платон мәдениетке Таза Идеялар патшалығына өрлеп бара жатқан философ-жолаушы образын ендірді. Философиялық ой ізденісін таным қозғалысы ретінде анықтайтын жоғарғы принципке қарай бағытталған қозғалыс ретінде қарастырылады. Сондықтан фәлсафалау моральдық тазарумен, аскеттік идеалмен тығыз байланысты болды.