Үстірттің не екенін толық түсіну үшін Делез оны "бетіне саусақпен жазуға болатын бу басқан әйнекпен" салыстырады. Философтардың үшінші образы жаңалық емес, деп санайды Делез. Антикалық киниктер мен стоиктер ешбір тереңдік пен шырқау биікті мойындамайтын ой үлгілерін қалдырды. Олар "дүниедегінің барлығы көзге көрінбес поралар арқылы бір-біріне ұсақ бөлшектерімен еніп жатқан" денелердің қосылысы болып табылады. Және оларды "жақсы-жаман" деп бағалайтын трансцендентгі немесе имманентті жоғары билік, мәре жоқ. Дүниедегінің барлығы тең, сондықтан ешқандай да құлдылықтар иерархиясы жоқ: "жоғарғы" да, "төменгі" де, моральды мен аморальды, шырқау биік те, жиіркенішті төмендік те жоқ. Каннибализм, инцест, антропофагия –бәрі де байсалдылық, ұстамдылық сияқты құбылыстар. Барлығына жол ашық, барлығы мүмкін.