62
көпшілігінде генеалогияға «ру-тайпалардың пайда болу, қалыптасу
тарихын білдіретін және ата-текті түсіндіре тарататын тарих
ғылымының бір саласы» деген академиялық анықтама беріледі. Кейде
тіпті шежірені «отбасы тарихын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін
тетік»
деп
те
қарастырады.
Мұндай
ұстанымнан
кеңестік
тарихшылардың, олардың ықпалынан әлі ажырай алмай жүрген
қазақстандық тарихшы-этнологтардың да ұзап кете алмай жүргені де
жасырын емес.
Шындығына келгенде, тарихи деректану саласында әлі түпкілікті
зерттеле қоймаған, әрі өзектілігі артып отырған ғылыми мәселенің бірі
қазақ шежірелерімен байланысты. Біз үнемі сілтеме келтіріп отырған
«Тарих толқынында» еңбегінен мынаны оқуға болады: «Ру шежіресін
білу – сахара төсінде көшіп-қонған қазақтар үшін өмірлік қажеттілік.
Қазақ халқының ру-тайпалық, жүздік-қауымдастық біртұтас ғажайып
бітімі ғасырлар бойы бүкіл қазақ – бір атаның ұрпағы, бір тамырдың
бұтағы деген ұстаным бойынша өсіп-өркендеп отырған» [19, 34-35 бб].
Дала өркениеті тудырған шежіре мәлеметтеріне деректік талдау жасау
көшпелілік болмысқа тән тарихи ой-сана мен тарихи таным өрісін, оның
табиғатын және құрамдық бөліктерін, әлеуметтік-мәдени қызметін
тануға жол ашады. Тарихи ертегілер, жыр-дастандар, тарихи әңгімелер,
аңыз, әпсаналар, қария сөз, шешендік, билер сөзі және басқа да ауызша
айтылып, халық жадында сақталған мұралар
Достарыңызбен бөлісу: