Батыс тарих философиясыныњ негізгі



Pdf көрінісі
бет5/42
Дата21.09.2023
өлшемі1,93 Mb.
#109557
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
қazaқtanu-tarih-filos.

 
 


24 
 
1.2 ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ ТУРАЛЫ ПАЙЫМДАР
Қазақ халқының философиялық мұрасында ұлттық тарихи сана 
үрдістерін жаңғырту ерекше маңыздылыққа ие. Бұрынғы КСРО орнына 
тәуелсіз жаңа мемлекеттер пайда болып, олар егемен әлеуметтік-
экономикалық, мәдени дамудың арнасына түскен уақытта бұл сапалы 
өзгерістерге лайық тарихи сананы қалыптастыру қажеттігі өз-өзінен 
түсінікті. Бұл үрдістерді ары қарай тереңдету тек ұлттық мәдениет 
аясында ғана жүзеге аса алады және батыстық дайын философиялық 
үлгілерді қабылдау еліміздің алдында тұрған тарихи мәселелерді 
шешуге негіз бола алмайды. 
Алайда, мәселенің басқа жағынан алғанда, ұлттық тарих 
философиясын деконструкциялау тек партикулярлық ұстындармен 
шектеле алмайды және бұл қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған 
тарихи тәжірибесіне сай келмейді. Алдымен бұл мәселенің ұрпақтар
сабақтастығы мен тарихи санаға тікелей қатысы бар екендігін
ескерген жөн. Осы мақала кеңмәтінінде жадылық тұрғыдан тарихи
сананың үш бітімін атап өтуге болады: 
1. Адами-өмірбаяндық ес. Әркім өзінің ұрпақтарының жадысында 
сақталған уақытқа дейін өмір сүре береді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы
«Жеті атасын білмеген ұл жетесіз» деген нақыл сөз осыған мегзейді. 
2. Шежірелік (генеалогиялық) немесе ауызекі тарихи ес. Бұл
формада жеке-дара кісілік естің ауқымы кеңейтілгенімен, мәдени
артефакт (тарихи тұлға, оқиға, құндылық т.б.) туралы тарихи білім өз 
объективтілігінен айырылып қалуы мүмкін. Мысалы, исламға дейін
қалыптасқан тарихи шежірелер кейін мұсылмандық арғы тектермен
толықтырылды. Өзінің түпнегізін пайғамбардан, сахабалардан, жалпы
арабтардан бастау беделді болып есептелді. 
3. Тарихи ес. Ислам мен христиандықта жазылған сөздің түпнегізі
жаратушының адамзатқа берген сыйы деп есептеледі. Жазбаша мәтін
тарих сындарынан өтетін мәдени құндылықтардың сақталуының кепілі.
«Ырық бітіг» пен «Алтын жарық», Орхон-Енисей жазбалары, «Қорқыт
ата кітабы» т.б. осындай функцияны атқарады. 
Рухани сана үшін ең үлкен қауіп тарихи есті жоғалту болып
табылады. Ш. Айтматов оны «мәңгүрттену» деп атаған. Өркениетті
адамзат өзінің мәдени мұраларын қорғауға, мәңгүрттену үрдісіне түсіп
кетпеуге үлкен мән береді. Итальяндық Ренессанс адамгершілік
мұраттарын нысанға ала отырып, мәдени мұраны қайтадан өркендетуге
бағытталды. Тағы бір мысал келтірейік. Қазіргі батыстық баспасөзде
Иранда партикуляризм бар деген пікір жиі кездеседі. Алайда бұл елде 
исламға дейінгі мәдени мұраға деген үлкен қастерлеушілік байқалады.
Зәрдеш дініне қатысты храмдар (аташханалар) мемлекет қорғауына
алынған, мысалы, Исфаһан қаласында зәрдештік храм еркін жұмыс


25 
істеп тұр. Ұлттық мұражайда исламға дейінгі мәдени артефактылар
көпшілік назарына ұсынылған. Онда ешкім (біздің кейбір авторлар
сияқты) зороастризмді отқа құлдық, ал Фердоусиді «примитивтік»
діндерді жырлаған ақын деп қорламайды. Себебі мәдени сабақтастық
өркениеттілікке жеткізетін даңғыл жолдардың біріне жатады.
Тағы бір тарихи-мәдени параллельге назар аударайық. Х-ХІІ
ғасырларда Орталық Азияда Ислам Ренессансының өзінің шарықтау
шегіне жеткенін, «көзқамандардан» басқалардың бәрі, аңғара алады.
Алайда моңғол шапқыншылығынан басталып, түркілердің өзара
этникалық тартыстарымен жалғасқан бұл үрдістер, Ш.Уәлихановтың
сөздерімен айтқанда, бұрын білім ордаларына, обсерваторияларға, т.б.
бай өлкеде кертартпа билеушілер мен дінибасыларына, «зындандар»
мен «кенеханаларға» толы иеліктермен аяқталды. Бұл тарихи санадан
айырылудың айқын көрінісіне жатады. 
Жалпы алғанда исламият мәдени мұра мен сұқбат мәселесінде
үлкен жетістіктерге жеткенінің мысалдары көп. Айталық, белгілі халиф 
әл-Мамун 
Бағдат 
қаласына 
атақты 
ғұламалар 
мен 
кәсіби
аудармашыларды жинақтап, оларғ антикалық философияның көрнекті
өкілдері еңбектерін араб тіліне аудару туралы өз тілегін жеткізді. Бұл 
ислам мәдениетінің сол заманда өркендеуінің басты себептерінің бірі
болып табылады.
Кеңес дәуіріндегі жетпіс жыл бойы халқымыздың өзіне лайық тарихы 
тұмшаланып айтылмай келгені, айтылса да саясаттың ыңғайына қарай 
бұрмаланып, теріс түсіндіріліп келгені белгілі. Шынайы тарихи дамуды 
түсіндіру амалдары тек қана тап күресімен шектеліп қарабайыр-
ландырып жіберілді. Қазақстан мен Орталық Азиядағы көшпелі 
мәдениет алғашқы қауымдық, жабайылық ретінде қарастырылып, 
ұлттық тарихтағы мемлекеттік дәстүр жоққа шығарылды. Қоғамдық 
және мәдени дамудың батыстық үлгіден түбірлі айырмашылықтары 
ескерілмеді. Қазақстанның Ресейге кіруінің себеп-салдары асыра 
дәріптелді, оның отаршылдық саясатының тұжырымдары бүркемеленді. 
Қазақ халқының мәдени тарихына деген нигилистік көзқарас 
қалыптасты. Тек тәуелсіздік тұсында ғана халық өз тарихы мен 
тағдырына бет бұруға мүмкіндік алды. Осыған орай отандық тарихты 
саралап танудың басты бағыттарының біріне қазақ халқының 
этногенездік, этникалық-саяси және рухани-мәдени тарихының мәселе-
лерін тиянақтап талдау қажеттілігі туындайды. 
Дүниежүзілік тарих философиясының батыстық және шығыстық 
үлгілерінің бар екендігі даусыз мәселеге жатады. Сонда да батыстық 
тарих философиясын қазақ дүниетанымы тұрғысынан сараптау біршама 
қиындықтарға ұшырайды. Солардың арасында төмендегідей ой 
желілеріне басты назар аударғымыз келеді:


26 
1.
Тарихи сананың батыстық формалары мен құндылықтары қазір 
үстемдік танытып, өздерін бірден-бір мүмкін ақиқат деп жариялап 
келеді.
2.
Батыстық тарих философиясы христиандық өркениеттің бүкіл 
әлемдік батыстандыруға деген ұмтылысының өзіндік санасын 
түйіндейді.
3.
Қазақ және басқа түрік халықтарының тарихи санасы отаршылдық 
қысым жағдайында қалыптасты.
Осы жағдайларды ескере отырып, қазіргі батыстық тарих 
философиясының кейбір ой түзілімдеріне назар аударайық.
Тарихи үдерістердің онтологиялық қырларын (тарихтың мәні мен 
мағынасы, бағыттары, тарих пен табиғат, тарихи прогресс, және т.б.) 
зерттейтін арнаулы философиялық ілім – тарих философиясы негізінен 
Жаңа заманда қалыптасып, толысты. Оның басты өкілдері Дж. Вико, Ш. 
Монтескье, Ф. Вольтер, И. Гердер, Гегель христиандық сәуегейшілдік 
формаларын сақтағанымен, тарихи процестерге терең философиялық 
талдау бере білді.
Зерттеудің өзіндік мақсаттарын ескере отырып, батыстық тарихи 
сананың мынадай үрдістерін топтастырып (типтік ерекшеліктерін 
жіктеп) көрейік.
Алдымен көзге түсетіні – барлық халықтардың тарихты жеке 
иеленіп, оны тек өзінікі деп түсінуі. Антик заманындағы бөлінулер: 
грек-римдік және варварлар, христиандар және «жабайылар», Робинзон 
мен 
Жұма, 
еуропалық 
саяхатшылар 
немесе 
миссионерлер 
суреттемелеріндегі 
«қатігез, 
топас, 
жауыз, 
жануарға 
жақын 
аборигендер» – осылардың бәрі тарихтың этноорталықтық тұғырна-
маларын қалыптастырды. Сондықтан, барлық адамдық бірлестіктердің 
теңқұндылығы идеясы орнықпай әмбебапты тарих туралы айту мүмкін 
емес еді. Басқаша айтқанда, тарихты аңғару үшін адамзаттың өзін ашу 
керек болды. Әзірше әрбір халық тек өздерін нағыз адам, ал басқаларын 
жай ғана адамсымақтар деп есептеп келді. Мысалы, жапондықтар XVIII 
ғасырда португалдықтарды «мысық көзді, тарбиған мұрны бар, қызыл 
шашты» деп суреттеген. Ресейлік жылнамалардағы қыпшақтардың да 
«жетісіп тұрғаны» шамалы.
Тарихтың пайда болуы, алғашқы әмбебапты тарихи сана 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет