Геродоттан
басталатыны белгілі. Гректерден бөтендерді ол дәстүр
бойынша «варварлар» деп атағанымен, олардың істері мен қылықтары
жөнінде, тіпті қазіргі нәсілшіл батыстық тарихшылардан ол біршама
әділ, ерекше қызығушылықпен баяндай бастайды. Іс жүзінде ол
дүниежүзілік тарихтың қаһармандарын суреттейді және сол себепті оны
кейін Плутарх «патриот емес» деп жазғырады. Алайда қазіргі өркениетті
адамзат Геродотты «Тарихтың атасы» деп құрметтейді.
27
Үлкен әріппен жазылатын «Тарих» тек өткенді баяндап, «қалай
болды?» деген сұрақпен шектелмейді. Ол «неге осылай болды?», «соның
себептері неде?» сияқты сұрақтарды қояды, ал «біздерден» бөлек
«басқалар да» бар және біздің отанымыз – аса үлкен әлемнің тек бір
бөлігі ғана дейді.
Тарих философиясы қайнарларының біріне ежелгі Рим жатады.
Ертедегі антик тарихшысы, өркениет пен варварлық құндылықтарының
арақатынасы мәселесін көтерген
Публий Корнелий Тациттің
көзқарастары тарихи маңызды сұрақтарға жауап бере алды. «Ертедегі
рим тарихшыларының ізденістері дұрыс бағытта болды. Онда азаматтық
мұраттарға деген сенімділік, жанұяға деген махаббат сияқты әлеуметтік
мәні бар адамзаттық, өнегелік құндылықтар бар, бірақ сонда да адамның
ішкі дүниесінен, жан сарайынан бір дабыл сезімі сезілетін секілді» [9] –
дейді Тацит. Оның көптеген ойлары әлі күнге дейін өз маңызын жойған
жоқ. Қай кезеңде болмасын тек ізгілікті ойға негізделген идея ғана
мәңгілік болмақ, ізгіліксіз ой уақытша ғана үстемдік етеді. Оған
маркстік ілім мысал бола алады. Социализм тұсындағы марксизм-
ленинизм атты тұтас ілімнің бүгінгі күні маңызы шамалы, яғни ол
уақытша үстемдік еткен өктем ой ретінде қала берді. Ойымызды
жалғастырар болсақ, Тацит әртүрлі халықтардың өмір сүру
ерекшеліктерін қарастыра отырып, мынандай жағдайды байқайды:
«Гректер тек өздеріне табынады, олар жалқау әрі өз бетімен кеткен,…
арабтарда тәртіп жоқ, египеттіктер ырымшыл». Бірақ Тацит Рим
экспанциясын қолдады. Б.д.д. ІІ ғасырдың басында Римнің жаулап алу
саясатын ақтау шаралары басталған еді. Сол кезеңде Римнің саяси
қайраткелері мен сөз шешендері, Рим жаулап алу соғысын жүргізіп
жүрген жоқ, керісінше, мәдениетті, халықтар достығын жариялап жүр
деп дәріптеді [9]. Тациттің пікірінен, римдіктердің өркениетті енгізуде
«мәдениет, өркениет» идеяларын ұстанып, осы саясатты жүргізіп жүрміз
деп дәлелдегенімен, бұл идея немесе «өркениет» теориясы шын
мәніндегі өз мағынасын аша алмағанын байқауға болады. Осындай
тарихи мәліметтер қатары жоғарыда аталған әртүрлі көзқарастардың
қалыптасуына мүмкіншілік туғызды.
Антикалық тарихтың жоғарғы үлгілері Қайта өркендеу
гуманистері тарапынан жаңғыртылды, бәрімізге мектеп оқулықтарынан
белгілі дүниежүзілік тарихтың антик, ортағасырлық және жаңа
замандық кезеңдері бөліп көрсетілді. Егер көне гректер тарихты тоғыз
Музалардың бірі – Клионың қамқорлығында болады десе, гуманистерде
тарих әдебиеттің бір түрі ретінде есептеледі. XV ғасырда итальяндық
Леонардо де Винчи тарихты оқу әдемі мәнер мен жоғары сүйсінуді
қалыптастырады деді. Алайда бұл дәуірдің өзінде тарих нәсілшілдік
тұғырдан және діни-мифологиялық сана ықпалынан шыға алмады.
Мысалы, «қара нәсілді адамдар» өз әкесін балағаттаған Хамның
28
ұрпақтары деген көзқарас сол кездегі озық ел Италияда да кең тарады.
Батыста да, Шығыста да тарих тек қайталанбалы шеңбермен жүреді
деген дәстүрлі мәдени көзқарас үстемдік етіп келді.
Жаңа заманда тарих философиясы бұрынғыға қарағанда мүлдем
басқа әдістемелік негіздерге сүйене бастады. Біріншіден, Ф. Бэконның
индуктивтік таным әдістемесі тарихи деректі алдыңғы қатарға шығарды.
Мифологиялық санадан өзгеше тарихи сана тек болған, не болуы
мүмкін, нақтылы хроникалық тұрғыдан тіркелген оқиғалар мен
құбылыстарды баяндай бастады. Осыдан азаматтық тарих пен
генеологиялық шежірелердің басты айырмашылығы қалыптасты.
Жаңа замандағы тарих философиясына енген екінші маңызды
ұстаным прогресс идеясы болды. XVIII ғ. неміс философы Г. Лейбниц
біз тек ең жақсы әлемде ғана емес, сонымен бірге тұрақты жетілетін
және үйлесімді дүниеде өмір сүреміз, ал бұл тарихи қозғалыстың негізгі
бағытын көрсетеді деген болатын. Француз революциясы көсемдерінің
бірі Кондорсэ дүниежүзілік тарихты төменнен жоғарыға қарай
құрастырылған баспалдақ ретінде суреттеді. Ол тарихи прогресс үшін
үш маңызды қағиданы ұсынды: ұлттардың арасындағы теңсіздікті жою,
сол халықтың әлеуметтік топтарын бір-біріне жақындату жәнее жетілген
адамды қалыптастыру.
Батыстың тарих философиясының қалыптасуында маңызды рөл
атқарған факторларға тарихты мифологиясыздандыру жатады.
«Тарихтың атасы» Геродотқа қайтадан келсек, онда тарихи қозғалысты
құдайлар немесе тағдыр айқындап отыратынын аңғаруға болады. Бүкіл
тарихи оқиғалар алдын ала белгіленген құдайылық жоспармен жүріп
отырады. «Құдай барлық арамзаларды түбінде жазалайды» және бұл
тарихтың мәні мен мағынасына жатады. Екінші жағынан алғанда,
құдайлар да адамдар сияқты көрсеқызар, қызғаншақ, өш алушы болып
табылады, ал сондықтан тарих кездейсоқтарға толы» [10, 9].
Тарих философиясының мәдени негіздерін айқындауда Гердердің
«Адамзат тарих философиясының идеяларына» [11] деген еңбегі үлкен
рөл атқарады. Тарихты рационалдық тұрғыдан түсіндірудің шешуші
қадамдарын
Гегель
өзінің «Тарих философиясы» еңбегінде жасады.
Гегель тарихты еркіндіктің санадағы шеруі деп қарастырды. Гегельде
тарих – саяси тарих, театр сияқты қарастырылады, нақты айтсақ – ол
ұзақ шекспирлік пьеса сияқты, ал көрермендер өздерін осы «ұлы тарихи
тұлғалар» немесе абстрактілі адамзаттың сахналық қойылымының
кейіпкерлері есебінде елестетеді. Көрермендер өздерінен былай
сұрайды: «Мына пьесаны кім жазды?» және «Құдай» деп жауап
бергенде, тақуалық жауап алдық деп пайымдайды. Бірақ олар қателеседі.
Олардың жауабы – бұл таза құдайға тіл тигізу, өйткені пьесаны Құдай
емес,
генералдар
мен
диктаторлардың
қадағалауымен
тарих
профессорлары жазған болатын [12]
29
Дж. Макмаридың пайымдауынша, осы заңға сәйкес, саяси тарих
сөзсіз «әлемдегі әлеуметтік жалпыға бірдей молшылықты туғызу керек.
Адамзат табиғатының іргелі заңы бұзылмауы тиіс... Сол бой ұсыну-
шылар ғана жерге ие болады» [13]. Мұндай үмітті анықтылыққа
ауыстыратын тарихилылық, моральдық футуризмге апаруы керек.
Ақырғы
нәтиже
біздің
моральдық
таңдауымызға
тәуелді
болмайтындықтан, біздің жауаптылығымыз туралы алаң болудың
ешқандай да қажеттілігі жоқ. «Дана бол және христианшылдықтың
негізін салушы не айтса, соны жүрегіңе қабылда, өйткені ол адамзат
табиғатының ұлы психологы және тарихтың ұлы пайғамбары. Жеңіске
жеткен бой ұсынушыға уақытында қосыла біл, әйтпесе, адамзат
табиғатының қайсар ғылыми заңына сәйкес, бұл – биіктерге жетудің ең
дұрыс әдісі!» деген сақтандырумен қауіпті ұқсастық алмай ма?» [14].
«Гегельге дейін де тарихты... түсіндіруге тырысқан философтар
болды – деп жазды С. Кьеркегер. — Олардың әрекетін көрген құдіретті
күш тек қана жымиюы мүмкін. Бірақ, бұл философтар адамгершілікті,
адал және қадірлі болғандықтан, құдірет күш ашық күлген жоқ. Бірақ,
Гегель! Мұнда Гомердің тілі керек. Құдайлар қалай қарқылдап күлді!
Мынау жағымсыз кішкентай профессор, қулықпен ақылгөйси, жалпыға
да және неге де болса қажеттілікке көзі ашылып, өзінің шарманкесінде
барлық тарихты ойнай бастады: Тыңдаңыздар, сіздер, Олимп
құдайлары!» Христиандық апологет Гегельді атеист Шопенгауэрдың
сынағанына [15] назар аударған, Кьеркегор былай жалғастырады:
«Шопенгауэрді оқу мені айтып жеткізе алмайтын рахатқа кенелтті.
Оның айтқандарының бәрі дұрыс, және мұнда ол – немістердің өздеріне
де сол керек — ол германдықта ғана болатын дөрекілік көрсеткен»[15].
Гегельдік тарих философиясындағы әсіре логикашылдық пен
провиденциализмнің шектілігі қазіргі классикалық емес философия
тарапынан тарих философиясының принципті жаңа концепцияларын
ұсынуға түрткі болды. Рационализм мен тарихи редукционизмді ХІХ
ғасырдың ортасынан бастап «өмір философиясының» принциптері
ауыстыра бастады.
Егер батыстық тарих философиясының ХХ ғ. соңғы ширегінде кең
таралған концепцияларына келсек, онда АҚШ пен Англияда басым,
тарихты лингвистикалық талдау және қазір бүкіл әлемде кең таралып
келе жатқан постмодернизмді атап өтуге болады. Аналитикалық тарих
философиясы мен «мета-тарихи талдау» тарихи мәндердің құрылымын
айқындауға үлкен мән береді. Тарихи білім мәтін қисынымен анық-
талуға тиіс. Мәтінде тарихи білім «әңгіме», хабарлау» түрінде объек-
тивацияға ұшырайды. Мәтіннің тарихи шындыққа қатынасы (рефе-
ренция) тек семантикалық кеңмәтінмен айқындалады, соңғысының
мазмұндық өрісін құрастырады. Бұл жерде феноменология мотивтерінің
лингвистикалық талдау кеңмәтініне енгізілетінін есте ұстаған жөн.
30
Нақтылы бір әдеби жанр ретіндегі тарихи баяндау «фабуланы енгізу»
арқылы мағыналы бола бастайды, оқиғалардың ретсіз жиынтығын
жүйелейді. Шынайы суреткер романистке қарағанда, өз шығарма-
шылығын бастай отырып, тарихшы оқиғаның аяғын біледі, деректердің
хронологиялық тізбегін мағынамен толтырады. Шынайы тарих
философиясы тарихты түсіндірмелі социологияның қолжаулығы болу-
дан да, «рух патшалығы» ретіндегі таза тарихшылдықтан да сақтайды.
Тарихтың жағдайы, белгілі бір дәрежеде, жаратылыстану
ғылымының, мысалы, физиканың жағдайына ұқсас. Бірақ та, егер біз
«көзқарастың» тарихтағы рөлін оның физикадағы рөлімен салыстырсақ,
онда үлкен айырмашылық бар екенін көреміз. Физикада «көзқарас»,
әдетте, жаңа деректер көмегімен тексеруге болатын, физикалық теория
формасында көрінеді. Ал тарихта бұл мәселе соншалықты қарапайым
болып көрінбейді. Басқаша айтқанда, біз, бақыланатын деректермен
дәлелдене алатын жаңа болжамдарды, (қандай да бір басқа, теңдей
дәрежедегі таптаурын әмбебаптық заңдардың көмегімен) шығара
отырып, сол нақты гипотезаларды тексереміз.
Біздің бұндай түсіндірулерде қолданылатын әмбебаптық заңдарға
қатысты күмән келтіруіміз өте сирек. Тек қана, қандай да бір жаңа және,
әсіресе, біз үшін оғаш (кездейсоқ химиялық реакцияға ұқсас),
оқиғаларды бақылаған кезде ғана күмәндануымыз мүмкін. Егер ондай
оқиға жаңа гипотезаны жасауға және тексеруге мүмкіндік жасайтын
болса, онда ол негізінен қандай да бір қорытындылаушы ғылымның
тұрғысынан қызықты болуы мүмкін. Алайда, егер біз нақты оқиғаларға
және оны түсіндіруге қызықсақ, онда әдетте, бізге қажетті барлық
көптеген әмбебаптық заңдарды сеніп, қабылдаймыз.
Нақты
,
арнайыланған
,
оқиғаларға және оларды түсіндіруге
қызығатын ғылымдарды
,
қорытындылаушы ғылымдардан бөлектеп
,
Достарыңызбен бөлісу: |