Батыс тарих философиясыныњ негізгі



Pdf көрінісі
бет3/32
Дата05.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#90520
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
қazaқtanu-tarih-filos.

жылдығы аталып өтеді. Еліміз үшін өте маңызды осы мәселенің 
өзектілігін түсіне отырып, тарихи сана қалыптасуы мен дамуын біз қазақ 
халқының тарихы мен мәдениетінің негізінде қарастыруды және тарихи 
сана эволюциясындағы тәуелсіздік идеясының өзегін көрсетіп беруді 
мақсат тұттық. Бұл үшін алдымен тарихи сана мәселесінің әлемдік және 
отандық ғылыми әдебиетте қойылуы мен талдануын зердеден өткізіп 
алған жөн.
Адамның өз өткенін пайымдауы мәселесі дәстүрлі философиялық 
мәселелердің қатарына жатқанымен және бұл тұтастай бір 
философиялық бағыт – тарих философиясының негізгі пәнін 
құрағанымен, тарихи сананы зерттеу кеңестік әдебиетте маркстік 
парадигманың қыспағында болды. Ал Қазақстанда тарихи сана 
тақырыбы тәуелсіздіктен кейінгі ұлттық сананың жаппай оянуы, тарихи 
ақтаңдақтарды қалпына келтіру, тарихи әділеттікті орнату үдерістері 
барысында бұқаралық баспасөз беттерін жаулап алғанымен, отандық 
философия мен әлеуметтік ғылымдарда арнайы әдіснамалық түрдегі 
зерттеулер саусақпен санарлықтай ғана еді.
Ұлттың тарихи өзіндік санасының өсуіне және әлемдік ақыл-ойдың 
тарихын игеруге мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 
академик Ә. Нысанбаевтың жетекшілігімен елімізге танымал 
ғалымдардың қатысып, қазақ тілінде жарық көрген 20 томдық «Қазақ 
халқының философиялық мұрасы» мен 20 томдық «Әлемдік философия-
лық мұра» атты кітап серияларының ерекше әсер етері сөзсіз. Тарихи 
сананы жаңғырту мен рухани мұраны игерудегі пайдасы орасан зор
әлемде теңдесі жоқ бұл бағдарламаға аталмыш еңбектің авторлары да 
атсалысып, «Қазақ халқының тарих философиясы» (6-том) және «ХХ 
ғасырдың тарих философиясы» (16-том) томдарын құрастыруға 
қатысып, аудармалар жасап, ғылыми комментарийлер жазды.
Тарихи сананы зерттеудің бұл бағыттарының жетістіктерін атап өте 
келе, ондағы көптеген мәселелердің басы ашылмағанын айта кету керек. 
Тарихи сананың жалпы табиғатына, оның құрылымдық элементтері мен 
ұйымдасу деңгейлеріне қатысты, тарихтың теориясы мен әдіснамасына, 
оның әлеуметтік философиялық қырларына байланысты мәселелер
біздің пікірімізше, одан әрі зерттеуді талап етеді.
Зерттеу жұмысындағы біздің мақсатымыз – кеңістік пен уақыт 
ағымындағы тарихи сананың қалыптасуы мен дамуын өткен шақ – осы 
шақ – болашақ арақатынасында жалпы әлемдік және қазақ мәдениетінің 
тарихы мен қазіргі жағдайының барысы арқылы әлеуметтік 
философиялық тұрғыдан зерттеу, қазақ халқының тарихи санасының 



эволюциясындағы өзекті идея – тәуелсіздік идеясының тарихи және 
рухани сабақтастығын айқындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет