Батыс тарих философиясыныњ негізгі



Pdf көрінісі
бет2/32
Дата05.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#90520
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Алматы 2022 
 
МАЗМҰНЫ 
АЛҒЫ СӨЗ ………..................................... 3
1 ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ТАРИХИ САНА МӘСЕЛЕСІ 
1.1 Уақыт ағыны мен мәдениет аясындағы қазақ философиясы ... 7 
1.2 Тарих философиясы туралы пайымдар .... 24 
1.3 Тарихи сананың негізгі тұырымдамалары ..... 36 
 
2 ШЕЖІРЕ ЖӘНЕ ТАРИХНАМА 
2.1 Көшпенділердің тарихи танымы және шежіре мәселесі ...... 62 
2.2 «Бабырнама» және тарих философиясындағы түркілік үрдістер...86
2.3 М.Х.Дулати – қазақ тарих философиясының
негізін қалаушылардың бірі .......................... .... 114 
2.4. Әбілғазының «Түрік шежіресі» шығармасы және қазақ тарихының 
философиясы ........................................ .....139
2.5. Құрбанғали Халидтің “Тауарих хамса” (Бес тарих) атты 
кітабындағы тарихи-философиялық мәселелер.. .... 151 
3 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ 
3.1 Қазақ халқы тарихи санасының қалыптасу ерекшеліктері мен оның 
зерттелу бағыттары .... 160 
3.2 Қазақтың ұлттық ояну философиясы ..... 170 
4 ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХИ САНА МЕН ЗАМАНАУИ 
ТАРИХ ФИЛОСОФИЯСЫ 
4.1 Қазақстанда тарихнамалық ғылымдардың қалыптасуы мен даму 
ерекшеліктері .... 180 
4.2 Қазіргі тарихи сананың әлеуметтік-философиялық қырлары ..... 194
4. 3 Тәуелсіз Қазақстандағы тарихи сана және жаңару мен жаhандану 
үдерістерінің оған әсері ...211 
4.4
Заманауи Қазақстанның тарих философиясындағы «Мәңгілік ел» 
ұлттық идеясы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы
……237 
 



ҚОРЫТЫНДЫ ...... 255 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ....... 257 
АЛҒЫ СӨЗ 
Бұл монографиялық еңбекте қазақтың тарих философиясының 
қалыптасуы мен дамуы әлеуметтік-философиялық білім тұрғысынан 
талданады және ол тәуелсіздіктің рухани алғышарттарының бірі ретінде 
қарастырылады. Тарихи сананың дүниетанымдық негіздері, оның мәні 
мен мазмұны танымның теориялық деңгейінде пайымдалады. Тарихи 
сана қалыптасуының этномәдени алғышарттарының мысалы ретінде 
адамзаттық мәдениеттің ажырамас бір бөлігі түріндегі қазақ мәдениеті 
алынып, дербестікке қол жеткізген қазақ халқының бүгінгі тарихи 
өзіндік санасы зерттеледі. 
Жиырма бірінші жүзжылдықта қоғамдық сананың барлық қырларын 
тарихшылдықтың, яғни сананың тарихилануының жаулап алғаны 
соншалық, даулы да күрделі мәселелерімен ерекшеленетін тарих 
философиясы қызу пікірталастардың өзегіне айналды. Өйткені қазіргі 
заманның өз бойына әлеуметтік жадымен сипатталатын өткен шақты да, 
болашақты бағдарлаумен сипатталатын келер шақты да енгізетін осы 
шақты білдіретіні санаға сіңді. Мәуелі ағаштың тереңге бойлап, құнарлы 
топырақтан нәр алатын тамырынсыз жапырақ жайып көгермейтіні 
сияқты, жеміс бермейтіні сияқты қазіргі заман да өткеннің тарихынан 
тағылым алып, сабақтастығын сақтамаса келешектен күдер үзері сөзсіз.
Оның үстіне, қазіргі әлемде қалыптасқан әлеуметтік-мәдени ахуал, 
адамның ментальдық болмысының дамуындағы қайшылықтар, рухани 
дамудағы келеңсіз құбылыстар, сондай-ақ жаhандық қаржылық, 
экономикалық дағдарыстың астарынан қоғамдық өмірдің барлық 
салаларын қамтыған рухани тоқыраудың бой көрсетуі – осы 
үдерістердің барлығы адамзат дамуының келешегін болжауға қатысты 
ғана емес, оның тарихына, тарихи санасы мен тарихи құндылықтарына 
қатысты да зерттеулерге деген қызығушылықты тудырады. Бүгінгі 
жағдай қоғамдық деңгейдегі болсын немесе жеке тұлғалық деңгейдегі 
болсын, арнаулы ғылыми немесе бұқаралық санадағы болсын тарихи 
сананың мәні мен маңызын, оның мазмұны мен құрылымын, қалыптасу 
тетіктері мен қызмет ету заңдылықтарын теориялық тұрғыда ашып 
көрсетуді қажет етеді. 
Тарихи сана – бұл бүгінгі ұрпақтың әлеуметтік жады. Әлеуметтік 
жады формасы жағынан әмбебап және мазмұны жағынан нақты болып 
келеді. Сондықтан да тарихи сана қашанда нақты-тарихи, әлеуметтік, 
ұлттық және индивидуалдық мазмұнмен толтырылады. Қазіргі кезеңде 
әлеуметтік жадының үш деңгейінде де жаhандық деңгейінде, ұлттық 



деңгейде және жеке тұлғалық деңгейде түбірлі өзгерістер болып жатыр: 
адамдық индивидуалдық деңгейде антропологиялық төңкеріс орын 
алды, әлеуметтік немесе этностық деңгейде ұлттық сана-сезімнің бұрын-
соңды болмаған дүмпуі байқалды, ал жалпыадамзаттық деңгейде 
ақпараттық жаhандану үдерісін бастан кешіп отырмыз. 
Бірнеше ғасырларды қамтыған отаршылдық нәтижесіндегі рухани 
күйзелістен кейін тәуелсіздігіне қол жеткізгеніне жиырма жыл енді 
толып отырған Қазақстанның қазіргі жағдайында ұлттық бірегейлік пен 
мәдени тұтастықты қалыптастыру ең көкейтесті мәселенің бірі болып 
отыр. Барлық ізгі рухани белсенділіктер басылып қалатын жағдайдан 
шығып, шынайы еркіндікке қол жеткізу қазіргі жаhандастырудың қатаң 
бәсекелестігі жағдайында саяси, әлеуметтік-экономикалық дербестікпен 
қатар, рухани тәуелсіздікке ие болуды да қажет етеді. Бұл үшін замана 
ағымына лайықты сырттан енгізілген соңғы, бірақ барлық руханилықтан 
жұрдай жалаң технологияларды енгізу жеткіліксіз, мәңгүрттік және 
маргиналдық жағдайдан арылу үшін ұлт тәрізді күрделі жүйенің 
қалыпты өмірқамын қамтамасыз ететін төлтума тарих пен мәдениеттің 
өзегін құрайтын ұлттық дүниетанымды, рухани қайнарларды қайта 
қалпына келтіру арқылы қоғамның өзіндік тарихи санасын 
қалыптастыру керек. Тарих өткен шақпен, адами жадымен және 
әлеуметтік еспен байланысты болғандықтан, бұған төл тарихты тану 
арқылы қол жеткізуге болады. Яғни ұлттық мәдениеттің негізін 
құрайтын іргелі құндылықтарды – адамдарды рухани тұрғыда оятатын 
ана тілі мен дәстүрді жаңғыртумен қатар, халықтың тарихи өткенін 
толығымен, жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру, тарихи 
өзіндік сананы қалыптастыру тәуелсіздіктің рухани тұғырын құрайды.
Кеңес дәуіріндегі жетпіс жыл бойы халқымыздың өзіне лайық 
тарихы тұмшаланып айтылмай келгені, айтылса да саясаттың ыңғайына 
қарай бұрмаланып, теріс түсіндіріліп келгені белгілі. Шынайы тарихи 
дамуды түсіндіру амалдары маркстік-лениндік әдіснамаға сай, тап 
күресін таңумен сипатталды. Кезінде тек еуразиялық аймақтың дамуына 
ғана емес, әлемдік дамуға да өзіндік ықпалын тигізген Қазақстан мен 
Орталық Азиядағы үш мыңжылдық көшпелі мәдениет еуроорталықтық 
көзқарастағы әдебиеттерде алғашқы қауымдық, жабайылық ретінде 
қарастырылып, ұлттық тарихтағы өркениеттік, мемлекеттік дәстүр 
жоққа шығарылды. Қоғамдық және мәдени дамудың батыстық үлгіден 
түбірлі айырмашылықтары ескерілмеді. Қазақстанның Ресейге кіруінің 
себеп-салдары асыра дәріптелді, оның отаршылдық саясатының 
астарлары бүркемеленді. Қазақ халқының әлеуметтік және мәдени 
тарихына деген нигилистік көзқарас қалыптасты. 
Осы себепті тарихи әділеттілікті қалпына келтіріп, ұлттық тарихи 
өзіндік сананы түлету бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің біріне айналды 
және бұл отандық тарих ғылымына ғана емес, философияға да зор 



міндеттер жүктейді. Кез-келген қоғамдық ғылымдардың өзінің пайда 
болуы, қалыптасуы мен дамуы, яғни тарихы болатындықтан, олардың 
іргетасын құрайтын тарих ғылымы бұрмалаушылықтан, үрдісшілдіктен, 
бұра тартушылықтан, апологетикадан тазарып, объективті айғақтар мен 
дұрыс хронологияға сүйенгені дұрыс, ал оған философия ғылымы үнемі 
дүниетанымдық нәр беріп отыруы тиіс. Адамды әлемнің ғылыми 
кескінінен тысқа шығарып жіберетін рационалдылықтың классикалық 
типінен бас тартқан қазіргі ғылым интеграциясы пәнаралық синтезді 
қажет етеді. Нақты тарихи айғақтар мен ғылыми мәліметтерге негізделе 
отырып, тарихи үдерістердің даму қисыны мен заңдылықтарын тарих 
философиясы зерттейді. Зерттеу тақырыбы мейлінше күрделі осы 
мәселемен айналысатын бұл ғылым саласына келер болсақ, батыстық 
гуманитаристикамен салыстырғанда, кешегі кеңестік жүйенің де, біздің 
республикамыздың да қоғамдық ғылымдары кенжелеп қалғаны рас. 
Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени өмірінде тарихи сананы 
жаңғыртып қалыптастыру тәрізді маңызды міндетті іске асыруда біздің 
мемлекетіміз бірқатар маңызды іс-шараларды атқарды. Қызыл қырғын 
мен жаппай қуғын-сүргіннің алпыс жылдығына орайластыра отырып, 
1997 жылдың «Қоғамдық келісім және саяси қуғын сүргін құрбандарын 
еске алу жылы» болып жариялануы, келесі 1998 жылдың «Халық бірлігі 
мен ұлттық тарих жылы» деп аталуы, ғасырлар тоғысындағы 2000 
жылдың «Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялануы, 2004 жылдан 
бастап «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы 
нәтижесінде тарихи әділет үстемдік алып, зерде жаңарып, сана 
сауыққандай болды. Төл тарихымызды, елдік дәстүр, халықтық тағдыр-
талайымызды танып білуде, ескерткіш мұрағаттарымызды жинастыру 
мен сараптауда біраз жетістіктерге қол жетті. Жинақталған мәдени мұра 
мен рухани қазынаның дәнін тауып, сөлін сүзіп ұлттың кәдесіне жарату 
зиялы қауым мен ғылымдарға жүктелетін шаруа.
Біз бұл еңбекте қазақ халқының тарихи санасының қалыптасуын 
тәуелсіздік идеясымен байланыстырып отырмыз, өйткені кез келген 
халықтың тарихи өзіндік санасындағы қатпарлы ақиқаттарда туған 
жерді, ата мекенді немесе отанды жатжерліктерден қорғап, еркіндікті 
сақтап қалуға қатысты тарихи уақиғалар мәңгіге орын алып қалады. 
Тәуелсіздік түсінігі әрбір халық үшін мейлінше қастерлі ұғым болып 
табылады. Оның тағлымы терең астарларын тарихтың қойнауынан, ата-
бабамыздың өткенінен, оның сан ғасырлық арманынан іздеген жөн. 
Сонау сақ заманынан немесе әлімсақтан бері ата қонысты парсылардан, 
түркілердің жужандардан қорғаудан, бертінде қазақ хандығының 
тұтастығын сақтаудан, оның ішінде қалмақтармен, жоңғарлармен, 
қоқандықтармен, ресейліктермен болған шайқастардан осы тәуелсіздікке 
деген ұмтылысты байқаймыз. Ұлт-азаттық күрес тарихынан бір Ресей 
отаршылдығының өзіне қарсы 300-ге жуық көтерілістер белгілі. Ақы-



рында «ақтабан шұбырындыдан» асып түскен «қызыл қырғынды» 
бастан кешіп барып, ата-бабамыздың аңсаған арманы ХХ ғасырдың 
соңында жүзеге асты.
Үстіміздегі жылда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет