34
олардың арасында – әдетте адамзат тарихы деп жарияланатын,
халықаралық қылмыстар мен жаппай өлтіру тарихына келеміз [17].
Бүгінгі күннің тарих философиясында К. Поппердің рөлі ерекше.
Ойшыл бірінші ретте өзінің тоталитаризммен күресімен әйгілі. Тарихта
тоталитаристік әдіснама «тарихилылық» деп аталатынмен көрініс
табады. Себебі, дейді К. Поппер, тарихилылық – әрі әлеуметтік, әрі
саяси, әрі моральдық философия, сондай-ақ
біздің өркениетіміз
басталған кезден-ақ, оның осындай үлкен әсері болған болатын.
Сондықтан да, қоғамның, саясат пен моральдың іргелі мәселелерін
талқылап алмай тұрып, оның тарихына түсініктеме беру өте қиынға
соғады, оның үстіне, мұндай талқылауда әрқашанда маңызды жеке
тұлғалық элемент (оны қатыстыруға бола ма жоқ па, соған қарамастан)
бар болады. Тарихилылық, К. Поппер бойынша, эмпирикалық деректер
иен теорияның арақатынасын бұрмалайды.
Тіпті, ғылымның өзі жәй
ғана «жаппай деректер» болып табылмайды. Ол, аздап болса да,
деректер жиынтығы болып табылады және сондықтан да, жинақтаушы-
зерттеушінің мүддесіне, оның көзқарасына байланысты болады.
Ғылымда зерттеушінің көзқарасы ғылыми теориямен негізделеді.
Шексіз көп деректерден және олардың аспектілерінен тек зерттеушіге
қызықтысы
ғана таңдап алынады, өйткені, олар оған бұрыннан азды-
көпті таныс, қандайда бір ғылыми теориямен байланысты болады.
Қорытындылаушы ғылымдардың теориясы немесе әмбебаптық
заңдары, сол ғылымға төмендегідей мағынада біртұтастық береді, ол
әрбір қорытындылаушы ғылымның айналысатын мәселелері шеңберін
қалыптастырады, оның мүдделерінің және ғылыми зерттеулерінің,
логикалық құрылымының және білімді қалыптасыру әдістерінің түйінін
анықтайды. Тарихта мұндай бірегейлеуші теория жоқ, анығырақ, біз
дәлелсіз қабылдайтын, көптеген таптуарынды әмбебап заңдар ғана бар.
Бұл заңдар ешқандай іс жүзінде ештеңеге жарамайды және зерттеу
тақырыбына ешқандай да тәртіп енгізуге қабілетсіз.
Сонымен, тарихи түсіндірмеде қолданылатын әмбебап заңдар,
ешқандай да селективті немесе біркелкілеуші ұстанымдардан, тарихқа
жалпылай белгілі «көзқарастардан» тұрмайтынын көруге болады. Бірақ
та егер тарихты
тіпті де қарастырмай-ақ, мысалы, саяси үкімет,
экономикалық қатынастар тарихымен, технология немесе математика
тарихымен шектеп қойса, онда дүние жүзілік тарихына кейбір
көзқарастарды, осы сөздің өте тар мағынасында қалыптауға болады.
Мұнда бізге, әдетте, біздің мүддемізді көрсететін, қосымша сұрыптау
ұстанымы мен қосымша көзқарас қажет болады. Мұндай ұстаным-
дардың бірқатары белгілі дәрежеде әмбебаптық заңдармен ұқсас, бұрын
өзіміз қабылдаған идеяларда бар. Ондайлар, мысалы, «ұлы адамдардың»
мінез-құлқы, «ұлттық мінез», әдептілік немесе экономикалық жағдайлар
және т.б. тарих үшін зор маңызы бар дейтін идеялар бола алады.
35
К. Попперді толғандырған басты сұрақ: т
арихтың қандай да
болмасын мағынасы бар ма? Ол бұл жерде «мағына» ұғымының
мәнінің мәселесіне терең тоқталмайды, өйткені көптеген адамдар,
«тарих мағынасы» туралы немесе «өмірдің мағынасы мен мақсаты»
туралы айтқанда оның не екенін өте жақсы түсінетіндіктен, оны өзінен-
өзі белгілі нәрсе деп есептейді. «Мағынаның» осындай түсінігін есепке
ала отырып, ол қойылған сұраққа былай жауап береді:
«Тарихтың
мағынасы болмайды».
Сонымен, батыстық тарих философиясы
қалыптасуы мен оның
мәселелік бағдарларына қысқаша тоқталып өткеннен кейін, қазақ тарих
философиясының басты ерекшеліктеріне назар аударайық.
Қазақ тарих философиясы тек көшпелі ауызекі мәдени ареалда
қалыптасты деу сыңаржақтылыққа жатады. Қалыптасқан бірыңғай
ұлттық тілдің жазба дәстүрі болуы – халық мәдениетінің,
өркениетінің дамуындағы алғы шарттардың бірі. Тіл әрбір халықтың
ерте кездерден бергі өніп-өсуінің, дамуының, бүкіл болмысының
құдіретті көрінісі. Тілдегі әрбір сөздің ар жағында сол халықтың
тіршілік-тынысы, салт-санасы, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, басынан өткен
қилы-қилы заманның белгісі, тарихы тұрады. Демек, оны халық
болмысының айнасы деуге әбден болады. Тілсіз тарихи сана жоқ.
Тарихи сана кез келген халықтың бүгінгі болмысын, арманын, алдағы-
сын, кешегісін, келешегін бейнелейді.
Сондықтан оның қалыптасуы
ұзак, уақытты бірнеше ғасырларды, тіпті мыңжылдықтарды алып
жатады. Қазақтың тарихи санасы да солай дамыды. Ол Еуразия
құрылығының керіліп жатқан кең даласын мекендеген қыпшақ, қаңлы,
үйсін, арғын. алшын, керей, дулат, қоңырат, найман сияқты тегі бір,
түбірі туыс ру, тайпалардың рухани дүниесі арқылы қалыптасып, уақыт
сынына төтеп берді. Оның електен өтіп, артынша сұрыпталып,
сындарлы сапаға ие болуында қыпшақ тілінің айырықша рөлі зор. Осы
тілде жазылған ежелгі қазақ жерін жайлаған халыққа, тайпаларға
түсінікті жазба мәдениеттің бір нұсқасы XVI-шы ғасырда жарық
көрген “Кодекс Куманикус” атты еңбек болды.
Қазақстандық тарихшылар ауызша тарихнаманы қоғамдық құбылыс
ретіндегі жалпы тарихнаманың дамуындағы әмбебап кезеңдік-
типологиялық феномен түрінде қарастыра отырып, оның жазба
тарихнамамен ұқсастықтарымен қатар қайталанбас ерекшеліктері бар
екендігіне назар аударады. Демек, ауызша тарихнаманы зерттеп үйрену
өзінің пәні мен әдістемесі жағынан жазба
тарихнаманы зерттеуден
айрықшаланатынын білдіреді. Сондықтан да біздің ғалымдар ауызша
тарихнаманың мәліметтерін жинақтау, жүйелеу, жіктеу, талдау және
тарихи зерттеулерде қолдану принциптерін даярлау міндеттерін шешу
жүктелетін деректанулық сипаттағы өзгеше тарихи көмекші пәнді
ашуды ұсынады. Осылайша мәдениеттің ұмыт қалған осы бір ерекше
36
саласын тірілтіп, оны қалыптастырушы көшпелі халықтардың
ұрпақтарына қайтарып ұсынуға болар еді. Бұл, әрине, тарихи сананы
қалыптастыруды қажет етіп отырған қазақ халқының тарихи жадын
қайта түлетіп қана қоймай, оның тарих философиясын қалыптастырудың
әдістемесін де шешуге ықпалын тигізері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: