«Жұбату» туралы түсінігіңіз қандай? Мысал келтіріңіз
Жұбату сөздер – жалғыз баласы өліп жер таянып қалған қарт ата –анаға әртүрлі үлгіде атам заманнан бері келе жатқан көңіл айтудың дәстүрлі түрі.Мысалы: Халық мұнда қаза ешкімнің қалаулысына қарамайды. Өлімнен ешкім қашып құтылмайды дегенді аңғартады. Сонымен бірге өлім - өмірдің заңы, оған мойын ұсын дейді, балаң бұл дүниеде көрмеген қызығын о дүниеде көреді-міс деп жылағанды жұбату үшін діни аңыздарды да пайдаланады.
Тапсырма № 3
Тақырыбы: Көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалу
Тапсырма:
Көпшілік алдында сөйлеуге дайындалудың негізгі кезеңдерің сипаттаңыз.
I Сөйлеуге күнделікті дайындалу-сөйлеуге күнделікті дайындық шешеннің іс ірскетінің әр түрін қамтиды.
1. Өздігінен білім алу
Бұл, яғни:
- жаңа білімдерді игеру;
- ғылым мен техниканың әрбір саласынан мәліметтер
жинау;
-күнделікті баспасөзден, радио және телехабарлардан ақпарат алу;
- ғылыми-техникалық, публицистикалық және көркем әдебиетті оқу.
2. Шешеннің жалпы мәдениетінің қалыптасуы
Шешендік өнерді адамның жалпы мәдениетінен бөліп қарауға болмайды. Бұл мәселеге тек шешендік өнердің теоретиктері ғана емес, сонымен бірге шешендік өнердің нағыз шеберлерімен араласқан адамдар да көңіл аударған. Г.Н.Свешников аса білімді, жан-жақты адам болған. Механика немесе математика саласындағы қажетті бір анықтама алғысы келгендер дереу Георгий Николаевичке телефон соғатын болған, ол кісі толық жауап берген. Кәсіби білімдерінен басқа Г.И.Свешников латын жөне грек тілдерін, ежелгі дүние мәдениетін, дүниежүзі әдебиетін жақсы білген, сонымен қатар француз, неміс, ағылшын, итальян тілдерінде жақсы сөйлеген.
3. Жеке архивін қарастыру
Көпшілік алдына жиі шығатын адамдарға айналасындағыларға ыждақатпен қарап, қажет нәрселердің бәрін тізіп отыру қажет.
Өз сөзінде цитата, нақыл сөз, мақал-мөтел қолдану керек пе, т.б. ойластырған жөн. Газет-журналдардан қиындылар, оқыған әдебиеттің қажетті жерлерін көшіріп алу, маңал-мәтелдерді, қанатты сөздерді, афоризмдерді жинастыру жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |