Баудинова Нәзипа Батырбекқызы мно-23-115(2)-10 Аралық бақылау 2 Тапсырма №1 Тақырыбы: Ежелгі түркі шешендігіндегі сөйлеу үлгілері Мақсаты



бет5/6
Дата23.10.2023
өлшемі40,27 Kb.
#120652
1   2   3   4   5   6
4. Сөйлеу техникасын меңгеру
Жақсы қойылған дауыс, сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алу, аның дикция, мінсіз дыбыстау шешенге аудиторияның назарын өзіне аударуға, сөйтіп айтайын деген ойын тыңдаушыларға дұрыстап жеткізуге, олардың ақыл-ой, сана-сезіміне ықпал жасауға мүмкіндік береді. Өзінің сөйлеу аппаратын үнемі жұмыс қалпында ұстау үшін шешенге сөйлеу техникасын жақсарту жөніндегі арнаулы жаттығуларды орындау керек.
5. Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін арттыру
Күнделікті дайындық ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін арттырудың негізгі жолы болып табылады. Әсіресе, күнделікті тұрмыста сөйлеу мәдениетін сақтауға машықтанған пайдалы. Әр уақытта дұрыс, дәл, ашық және түсінікті тілмен сөйлеуге жаттығу керек, өз ойыңды бейнелі және сезімді тұжырымдай алу - әркімге қажетті біліктілік.
6.Көпшілікке арналған сөздерді сынап-талдау
Шешендік шеберлікті шыңдай түсуге көпшілікке арналған сөздерге сын көзімен қарап, талдаудың да тигізетін пайдасы өте көп. Шешендердің радио, теледидар арқылы сөйлеген сөздерін тыңдай отырып, әр түрлі мәжіліс, жиналыс, кеңестерге, көпшілікке арналған дәрістерге қатыса жүріп, сөздердің мазмұнына ғана емес, сонымен бірге шешеннің сөзінде не ұнады, не ұнамады, өз пікіріңше қандай тәсілдер, қимылдар, сөз оралымдары сәтті болды, керісінше, қайсылары сәтсіз болды, осының бәрін зерделі түрде бақылап отыру керек. Әсіресе, шешеннің аудиторияда қалай жұмыс істейтіндігіне, тыңдаушылармен қалай байланыс орнатқандығына, сөйлеу барысында кенет пайда болған жағдайдарда өзін қалай ұстайтындығына мұқият қараған жөн.
7. Көпшілік алдында сөйлеу тәсілін меңгеру
Күнделікті дайындықтың бір бөлігі - ол шешендік өнер саласындағы әдістемелік білімдерді меңгеру болып табылады. Шешеннің іс-әрекеті қандай кезеңдерден құралады, тыңдаушылармен кездесуге қалай дайындалу керек, сөзді қалай құру керек, аудиторияны меңгерудің қандай тәсілдерін қолданған пайдалы екендігін білу аса маңызды.
2. Сөз сөйлеудің әр түрінің артықшылықтары мен кемшілікткерін көрсетіңіз.
1.Сергітетін,көңілдендіретін сөдің басқа мақсаты болмайды, ол тыңдаушыларды сергітіп, көңілдендіріп, күлдіру керек. Ондай сөздің бар максаты барынша қызықты болу. Ондай сөздер ;әзіл-оспақ, сықақ, адам- дардың ерсі қылықтарып, сөулеу , жүру дағдыларын мазақтап сынау, адам бойындағы теріс мінездер мен кылықтарды күлкі ету түрінде болады. Іскерлік жяғдаяттарда сергіту сөздерінің пайдасы шамалы. Бірақ зілі жоқ әзіл оспақтың сөздің әрбір түріне қатысы бар.
2.Ақпарат жеткізу сөзі. Аппарат жеткізу сөзінің негізгі мақсаты тек қызығушылық, ынта оятын қана коймай, зат пен құбылыс туралы жаңа түсінік беру. Мұндай сөздің негізгі қызметі білім беру және оны байыту. Материалдарды баяндағанда күмән туғызбайтын ақпаратты дайындау, логикалық жағынан ақаусыз дәлелдеу, құбылыстардың арасындағы себеп-салдар байланыстарды ескеру керек. Ақпараттық сөз баяндау, си­паттау, түсіндіру түрлерінде болады. Он да талас туғызатын ешнәрсе болмағаны жөн. Ол тыңдармандар тарапынан қызығушылық туғызатындай, әрі қажетті бо­луы керек. Ақпараттық сөздердің түрлері хабарлама, есеп, жиналыстар мен мекемелерде сөйлеу, баяндама, т.б. Ақпараттық сөз іскерлік тәжірбиеде көптеп қолданылады. Өз тұтынушыларына өз компаниясы шығаратын өнімдері олардың сапасы мен бағасы, арнайы талаптары туралы әңгімелесу.
3.Жігерлендіруші сөз. Әдетте мүндай сөздерде жаңа ақпарат болмайды, айтылатын идеялар да жаңа емес, оның мақсаты - сендіру және дереу іс-әрекет, қимылға бастау. Мұндай сөздердін, материялдарын ыждақатпен таңдап алу қажет, себебі олар тыңдаушыларда тек білуіге құмарлық оятып қана қоймай, олардың санасында адамның, әдет-ғұрыптық, адамгершілік қасиеттерін, отансүйгіштіктің, сенім мен үміттің, әділдік пен ризашылықтың, махаббаттың мағынасын күшейтіп, сезімдерін ояту. Мұндай сөз түрін таңдап алған шешен шектен тыс сезімталдыққа беріліп кету қаупі де бар.
4. Сендіруші сөз. Сендіру дегеніміз - логикалық дәлелдермен бір нәрсенің растығына көз жеткізу немесе теріске шығару. Мұндай сөздерге шешен барлық айла тәсілдерді қолданып, тыңдаушыларды сендіруге тыры- сады. Барлық сөздер сияқты бұл сөз де қызықты болуы керек. Сендіруші сөз мынандай талаптарға сай болуы керек.
5. Іс-әрекетке, қимылға шақырушы сөздр тыңдаушыларды жедел түрде іс-әрекетке кірісуді, не бұрын орын алып отырған іс-әрекеттерді жалғастыруға немесе тоқтатуға шақырады. Мундай сөздер қажетті фактілер мен мәліметтерге негізделіп, сана-сезімінін қабылдаушылық мүмкіншіліктерін оятып, ауызбіршілікке келуі керек.Мұндай сөздер тыңдаушыларға шешен айтып тұрған іс-әрекеттерді орындау қажеттігін туғызуға тиіс.
Мұндай сөздердің үлгісі ретінде мынандай шақыруларды қабылдауға болады.
- сақтандыру полисін, жолдама, кітаптар және баска да жүздеген тауарлар мен кызмет түрлерін сатып алуға не пайдалануға;
-қайырымдылықи қоғамдары мен қорларына көмек беруге, табиғат апаттарына ұшырағам турғындарға көмек беру туралы;
-ресми орынға дәмеленушіге дауыс беруге шақырулар;
-белгілі бір кітапты оқуға, фильмді көруге, спорт жарыстарын тамашалауға шақырулар;
-өз денсаулығын күтуге, спортпен, денешынықтырумен айналысуға, темекі шекпеуге, ішімдік ішпеуге, есірткі қолданбауға, адал, ақпейіл, батыл болуға, жаман әдеттерден аулақ болуға үндеулер.
Сонымен қорыта айтқанда, әрбір шешен сөйлеуге дайындалар алдында өзінің тыңдаушыларға қандай талап қоятындығын, олардан не күтетіндігін анық біліп, со­ған лайықты сөз сөйлеуге дайындалуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет