Тапсырма № 2
Тақырыбы: Шешендік арнау
Мақсаты: Шешендік арнаудың түрлерін, айтылу ережесін, шешендік бейнесін түсіндіру.
Тапсырма
Сұрақтар
Тілек туралы не білесіз? Мысал келтіріңіз
Тілек- Жаңалық пен жақсылыққа құтты болсын айту. Мысалы: бақытты баянды бол.
Алғыс дегеніміз не? Мысал келтіріңіз
Алғыс көбінесе әлеуметке, халыққа көмегі тиген, жақсылық көрсеткен кісіге риза болғанда, кейде топты жерде, кейде жеке жерде айтылады. Мысалы: Мың жаса, мәртебең өссін,жасың ұзақ болсын.
Қарғыс дегеніміз не? Мысал келтіріңіз
Қарғыс-зәбір-жапа шегіп, қорлық көрген, азапталған адамның
жәбірленушісіне ашынып айтқан зілді кейіс сөзі, лагнеті. Мысалы: Жетпей желкең қиылсын! Арам қатқыр.
«Естірту» дегеніміз не? Бірнеше мысал келтіріңіз.
Қазақтың ертедегі салт бойынша түзде жүріп өлген адамды отбасы мүшелеріне жақын туыстарына естіртуші адам айтатын сөзін естірткелі отырған уақиғаны тұспалдап, жұмбақтап ишарат пен өлеңмен кейде әр түрлі салыстырушылармен хабарлаған.
«Көңіл айту» деген не? Мысал келтіріңіз
Шешендік сөз арқылы көңіл айту көңілі қаралы, жүрегі жаралы жандарды жақсы лебіз жанашырлық сөзбен көңілін ширатып, көзінің жасын тияды, бойына қайрат береді, қайғысын сейілтеді. Мысалы:қаза ортақ, қайғы кезек, өлім хақ екенін естіртіп жұбатады, өткенге өкінгенше тірінің тілеуін тіле дейді.
«Бата беру» рәсімінің бірнеше нұсқасын беріңіз
Қазақ халқының ежелгі салт дәстүрінің бірі – бата, тілек білдіру. Сөз арқылы таратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз, «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгереді», «Баталы құл арымас», «Көп тілеуі – көл» деген оқ пікірді уағыздап кейінгі ұрпағына ықылас білдірген. Ат жетектеп, бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Бата беру әдетте, құрметті ақсақалдардың, не құдайы қонақтың үлесіне тиген. Халқымыздың бата тілегін бейнелейтін шешендік сөздердің неше алуан нұсқалары бар. «Ас адамның арқауы», «Астан ешкім үлкен емес», - деп игіліктің адам өміріндегі шешуші мәнін дұрыс түсінген ата-бабамыз шын пейілімен ақ дастарханын айқара жайып, келген құдайы қонаққа барын беріп, құрақ ұшып қарсы алған
Достарыңызбен бөлісу: |