Баудинова Нәзипа Батырбекқызы мно-23-115(2)-10 Аралық бақылау 2 Тапсырма №1 Тақырыбы: Ежелгі түркі шешендігіндегі сөйлеу үлгілері Мақсаты



бет2/6
Дата23.10.2023
өлшемі40,27 Kb.
#120652
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
рк1 (1)

Тапсырма
Төмендегі 1 тақырыпты таңдап жауап беріңіз
Грек-Рим шешендерінің өмірі туралы:
Перикл заманы (б.д.д. V ғасыр)- ежелгі грек саяси қайраткері, б.з.б. 444/443-429 жылдары ( 430 жылдан басқа) Афинының стратегі (қолбасшысы).
Жан-жақты білім алған. Б.з.б. 442 жылдан бастап Афины мемлекетін басқарды. Афиныда мүліктік цензаны жойды, қызмет адамдарына жалақы тағайындады, т. б. Перикл тұсында көптеген қоғамдық құрылыстар (ПарфенонПропилеиОдеонҚанатсыз Ника храмы) салынды. Афины эллиндік әлемнің ірі экономикалық, саяси және мәдени орталығына айналды. Периклдің сыртқы саясаты Афиныны күшті теңіз мемлекетіне айналдыруға бағытталды.
Софистер (б.д.д. V ғасыр) - "даналықтың", "шешендіктің" кәсіби үстаздары ретінде көрінген ежелгі грек философтарын осылай атаған (б.з.б. V г.). Софистердің бірегей мектебі болған жоқ. Діннен бас тарту, табиғат кұбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық және әлеуметтік релятивизм — олардың ортақ көзқарасы болып табылады. Софистердің негізгі тобы ("аға" Софистер) құл иеленушілік демократияны жақтады. Оларға ортақ касиет — табиғатты жалпы материалистік тұрғыдан түсіндіру.
Платон (б.д.д. 427-347жж)- ежелгігрек философы,математик, 
Сократтың шәкірті, еуропалық идеализм философиясының негізін салушы. Платон оның лақап аты болып, жауырыны кең болғандықтан "жалпақ", "кең" деген мағынада Платон деп аталған. Платонның шын есімі — Аристокл.
Платон философиялық ізденістің алғашқы нұсқасының бірегей өкілі болды. Әсіресе классикалық философия Платонды өз арқау дәстүрі етіп қалыптасқаны белгілі. Платонның Афина қаласында құрған Академиясы адамзат мәдениетіндегі ең алғашқы жоғары оқу орынының таңдаулысы есептеледі. Платон және ұстазы Сократ және шәкірті Аристотель үштігі шығыс (мұсылман әлемі) пен батыс (христиан әлемі) тарихында философия мен ғылымның алғашқы негізін қалаған ойшылдар есептеледі.
Аристотель(б.д.д.384-322жж)ежелгігрек философыПлатонның  шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Ескендір) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие. Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады,олардыңарасында физикаметафизикапоэтикатеатрмузыкалогикариторика (шешендік өнері), саясатэтикаэстетикабиологиязоология  және экономика қатарлылар айрықша аталады.
Цицерон (б.д.д. 106-43 жж)- Ежелгі Римнің саяси қайраткері, шешен, жазушы. Ақсүйектер әулетінен. Б.з.б. 63 ж. консул болған кезінде беделі қатты өсті. 1-триумвират (үштік одақ) құрылғаннан кейін ықпалы төмендеп, б.з.б. 58 — 57 ж. қуғынға түсті. Б.з.б. 56 — 50 ж. Гней Помпей мен Юлий Цезарьды жақтады. Олар араздасқаннан кейін (б.з.б. 49) азамат соғысы кезінде екеуін татуластырмақ болды. Цезарь жеңгеннен кейін (б.з.б. 47) саясаттан қол үзіп, ол өлтірілгеннен кейін ғана саясатқа қайта араласты. Оның Марк Антонийге қарсы 14 сөзі — “филиппик” осы кезеңге жатады. 2-триумвиратқа қарсы күресте сенат жеңілген кезде, Антоний мен Октавиан Августың қолынан қаза тапты.
Квинтилиан (б.д.д. 100-36 жж)- Рим шешендігі (шешендік өнердің ұстазы), ақын, заңгер, жазушы, Шешенге арналған нұсқаулықтың (Institutio oratoria) авторы – көне заманнан бізге жеткен шешендік өнердің ең толық оқулығы. Бұл кітап барлық риторика мектептерінде Цицерон шығармаларымен бірге зерттелді. Квинтилиан жоғары рим қоғамының талғамының экспонаты ғана емес, сонымен қатар әдеби стильдің реформаторы және латын тілінің мәселелерін зерттеуші болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет