Баудинова Нәзипа Батырбекқызы мно-23-115(2)-10 Аралық бақылау 2 Тапсырма №1 Тақырыбы: Ежелгі түркі шешендігіндегі сөйлеу үлгілері Мақсаты


Тақырыбы: Нақтылы сөз сөйлеуге дайындалу. Ауызша сөзді дайындау кезеңдері



бет6/6
Дата23.10.2023
өлшемі40,27 Kb.
#120652
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
рк1 (1)

Тақырыбы: Нақтылы сөз сөйлеуге дайындалу. Ауызша сөзді дайындау кезеңдері
Тапсырма:

  1. Ауызша сөзді дайындау кезеңдері атаңыз.

  1. Сөздің тақырыбын анықтау.

  2. Тақырыптың аты.

  3. Сөздің түрлері.

  4. Сөйлесудің мақсаты.


  1. Өз ұнаған тақырыпты таңдап ауызша сөзді дайындаңыз.

Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты әрекет.
«Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек» деп жатады үлкен кісілер. Бірі жар таңдау болса, екіншісі - мамандық таңдау. Яғни, таңдаған мамандығымыз біздің өмірлік нанымыз екенін есте ұстаған жөн.
Ғаламтор бетінде жарияланған мәліметтерге сүйенсек, елімізде екі миллионнан астам жастар өз мамандықтары бойынша жұмыс істемейді екен, басқа сөзбен айтқанда дипломдары бар, бірақ жұмыстары жоқ. Бұл қазіргі қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Бұның себебі неде деп ойлайсыздар?
Менің ойымша, бұл мамандықта дұрыс таңдамау салдарынан орын алады. Себебі, қазіргі жастар заманауи мамандық таңдауға көп көңіл бөліп, ал жұмыс істеуге келгенде оны игере алмай жатады. Яғни, әрбір мектеп бітіруші түлек мамандық таңдар алдында өз – өзіне "ол маған не үшін керек?", "мен өмір бойы осы салада жұмыс істей аламын ба?", "бұл мамандықтың қыры мен сыры қандай?" деген сұрақтар қойып, ойланғаны дұрыс. Сонымен қатар, әр жоғары оқу оырндары арнайы жас түлектер үшін ашық есік күндерін өткізеді. Сол жерде кәсіби бағыт – бағдар беретін мамандырмен тілдесіп, кеңес алған дұрыс деп есептеймін. Сонда елімізде дипломы басқа саладан, өздері мүлде басқа салада жұмыс істеп жүрген жастар қатары азаяды деп ойлаймын.

  1. Ауызша сөздің монологтық бір түрін дайындаңыз.

Монологтың түрі: Баяндама
Маған ұнайтын спорт түрі.
Мен спортты ұнатамын. Спортқа деген қызығушылығым жоғары. Әр түрлі ойындарды ұнатамын. Әсіресе футболды, шахматты, теннисті, боксты ұнатамын. Спортқа бала кезден жақынмын. Кішкентай кезімнен тенниске қызығамын. Үстел теннисі мен үлкен алаңда ойналатын теннис түрі бар емес пе, екеуінде ойнаймын. Бірақ үлкен теннис ойнауға мүмкіншілігім аздау. Сондықтан көбінесе үстел теннисін ойнаймын.Допты қарсылас жаққа жіберіп, өзіне қайтіп келуін бақылау тамаша. Доп кімнің алаңына түссе, сол жеңілді. Егер де сыртқа шығып кетсе, шығарған ойыншы ұпайдан айырылады. Ойын ойнағанда достарыммен бірге ойнауды қалаймын. Спорт - адам денсаулығына пайдалы екенін білемін. Сондықтан спорттың қимылды көп қажет ететін түрлерімен де айналысамын. Теннистен басқа футбол, волейболға деген ынтам бар. Сайып келгенде волейболды екінші орынға қояр едім. Себебі мектепте де, спорт алаңдарында да волейболды ойнаймын. Бір-бірімізге белгі беріп ойнаймыз. Осы ойында сенімділік маңызды екенін білемін.Онымен қоса бірлік те қажет екенін түсінде бастадым. Волейболға деген қызығушылығым жаңадан пайда болды. Алдыңғы жылдан бастап қызыға бастадым.Оған "волейбол" деп аталатын аниме әсер етті. Волейбол мен теннисті ойнап жатқанда, өзімді жақсы сезінемін. Көп қимылды қажет ететін спорт түрі болғандықтан маған қатты ұнайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет