Урсодезоксихолий қышқылы алғашқы тәуліктік дозасы 12-15мг,бірнеше айдан бірнеше жылға дейін қолданады. Ем нәтижесінде қанда билирубин,холестерин,сілтілі фосфатаза,аминотрансфераза,γ-глютамилтранспептидаза, IgM және тері қышынуы азаяды немесе жоғалады.
Урсодезоксихолий қышқылы алғашқы тәуліктік дозасы 12-15мг,бірнеше айдан бірнеше жылға дейін қолданады. Ем нәтижесінде қанда билирубин,холестерин,сілтілі фосфатаза,аминотрансфераза,γ-глютамилтранспептидаза, IgM және тері қышынуы азаяды немесе жоғалады.
Азатоиприн 100мг преднизолонмен қоса 10-15мг дозасында қолдану ұсынылады.
Циклоспорин (сандиммун) 3-5 мг тәуліктік дозада бірнеше ай бойы қолданады.
Колхицин 1-1,2 мг тәулігіне 1,5-2 жыл бойына тағайындалады.
D-пеницилламин- тәуліктік дозасы 300-600-ден 900 мг-ға дейін,нәтижеге қол жеткізген соң 150-200мг-ға дейін төмендетіледі.
Глюкокортикойдтар- 10-15мг тәуліктік дозада қысқа курстармен ұсынылады.
Хлорамбуцил 0,5-4,0 мг –ға дейінгі тәуліктік дозада бірнеше ай қолданылады.
Бауыр циррозындағы ісіктік асциттік синдромның емдеу схемасы
Асциті бар науқасқа екіншілік гиперальдестеронизм дамымауы үшін төсектік режим тағайындайды. Күнделікті тәуліктік диурез, тәуліктік ішілген сұйықтық көлемі,артериалдық қысым,тамыр соғысының жиілігі,дене салмағы бақыланып отырады және лабараториялық көрсеткіштер электролиттік көрсеткіштер, қандағы альбумин,зәр қышқылы,креатининнің мөлшерін бақылап отыру қажет.
Егер бір апта ішінде төсектік режим сақталып,тұссыз емдәм қолданған кезінде тәуліктік диурез 0,5 және науқас 2кг дене салмағын жоғалтса келесі қадам- зәр айдағыш заттармен емді жалғастырамыз.
Зәр айдау терапиясы
Альдестерон антагонистері: верошпирон,альдактон,спиронолактон тағайындайды.Бүйректің дистальды иілген каналшаларына және қыртысты қабаттағы зәр жинайтын түтікшелерге әсер етеді.Нәтижесінде Na- дын кері сорылуы тежеліп, K-ды сақтау артады.Альдактон 150-200 мг – тәулігіне-7-10күн.Дозасын 75-100га дейін төмендетіп ол ұстамалы дозаны айлап, жылдап қажеттілігіне қарай береді.Бауыр жетіспеушілігінде оның дозасын 50-75мг-ға дейін төмендетеді.Әсері нашар білінгенде фуросемид қосады (40-80мг тәулігіне) 2-3 апта бойы.Емге нашар көнетін асцит синдромында бұл дәрілерді қосарлата береді: