Бауыр топографиясы Бауыр


Бауыр қантамырларының топографиялық анатомиясы



бет3/4
Дата07.11.2022
өлшемі26,24 Kb.
#48056
1   2   3   4
Байланысты:
Бауыр топографиясы

Бауыр қантамырларының топографиялық анатомиясы
А. Меншікті бауыр артериясы. Меншікті бауыр артериясы бауыр-12-елі ішек байламында жатады, ол жалпы бауыр артериясының жалғасы. Қақпа алдында немесе бауыр қақпасы ішінде оң жақ және сол жақтық тармақтарға бөлінеді.
Қосымша артериялар — бауырдың бөлігін немесе сегментін дербес қандандыратын тармақтары. Қосымша артериялар барын операция кезінде есте сақтау керек. Себебі бауырға қақпадан тыс енетін басқа тамырлар да болуы мүмкін. Қосымша артерияларды қателікпен байлау (мысалы, асқазан резекциясында) бауырдың сәйкес бөлігінің некрозына әкеледі.
Бауырдағы ұштасулар: ағзаішілік және ағза сыртылық болады. Асқазан —12-елі ішек және оң жақ асқазан артериялары ағзасыртылық ұштасуларға қатысады. Сондықтан, жалпы бауыр артериясын асқазан — 12-елі ішек және оң жақ асқазан артерияларының басталған жеріне дейін байласа, бауырға жанама жолмен келеді.
Б. Қақпа венасы — бауырға веналық қанды әкеледі. Қақпа венасы қанды құрсақтың сыңар ағзаларынан қабылдайды.
Қақпа венасының сағалары:

  • жоғарғы шажырқай венасы;

  • көкбауыр венасы;

  • жоғары ұйқы без— 12-елі ішек (vv.pancreaticoduodenalis superior);

  • қақпа алды венасы (v. prepilorica);

  • сол асқазан венасы (v. gastrica sinistra);

  • оң асқазан венасы (v. gastrica dextra);

  • төменгі шажырқай венасы (v. mesenterica inferior);

  • ішектің ортаңғы венасы (v. colica media).

Қаңпа венасының бағанынан оң жаң және сол жақ бөліктік веналар шығады. Оң жақ бөліктік қақпа венасы екіге: оң жаң парамедиандық сектор венасы және оң жаң латералды сектор венасына бөлінеді.
Оң жақ парамедиандық сектордың қақпа венасы жоғары қарай өрлеп, ортаңғы бауыр венасының оң жағына, бауырдың артына бағытталған. Оң жақ латералды сектордың қақпа венасы VI және VII сегменттерге және I сегментке тармақ береді.
Сол жақ бөліктік қақпа венасы сол жақ парамедиандық және латералды сектор венасымен қатар I, IV сегменттер венасына бөлінеді. Сол жақ парамедиандық сектордың қақпа венасы III және IV сегменттерге тарайды. II сегменттің қақпалық венасы оқшаулау жатады, сондықтан ол сегментті алып тастау оңайға түседі.
В. Бауыр веналары. Бауыр веналары паренхимадағы веналық қанды төменгі қуыс венасына құяды. Егер ағза ішінде бауыр артериясы мен қақпа венасы тармақтарының архитектоникасы бір-біріне сәйкес болса, ал бауыр венасының тармақтары интерпозиция қалпында «қолдың айқасқан саусақтары» секілді орналасады.
Бауырдың артындағы ағзаішілік бауыр веналары — шығарушы қысқа ағза сыртылық веналар құрып (3-25), төменгі қуыс венасына бауырдың қақпа венасының жүлгесі (sulcus v. cavae) деңгейінде құяды.
Қуыс веналардан қан жүруі бұзылғанда (қақпа гипертензиясы), олардың қақпа веналар мен портокавальды ұштасулары маңызды. Осы ұштасулар арқылы порталды гипертензия кезінде қан қақпа венасынан қуыс веналар жүйесіне өтеді.
Портокавалды ұштасулар келесі ағзалар мен бөлімдерде болады: 1) тік ішектің кілегей асты қабатында; 2) өңеш бойында; 3) құрсақтың алдыңғы-бүйір қабырғасында.
Осы үштасуларда порталды гипертензия кезінде қысым жоғарылайды да, өңеш пен асқазанда және тік ішектегі веналары варикозды кеңейеді. Осындай веналардың эрозиясы ағзалар ішіне қан құйылуына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет