Бауыр топографиясы Бауыр



бет2/4
Дата07.11.2022
өлшемі26,24 Kb.
#48056
1   2   3   4
Байланысты:
Бауыр топографиясы

Бауыр синтопиясы:
Бауыр алдынан- диафрагманың қабырғалық бөліміне және іштің алдыңғы қабырғасына, қабырға доғалары бұрышында тиіп жатады; артында-бауырдың диафрагмалық беті, диафрагманың бел және қабырғалық бөліктері және төменгі қуыс венасымен жанасады. Бауыр жоғарыда —диафрагмаға, төменде — бауырдың висцералды бетіне, оң жақ бүйрекке және бүйрек үсті безге, асқазанның кіші иініне, 12-елі ішекке, көлденең тоқ ішекке, өңештің құрсақ бөліміне тиіп жатады.
Бауырдың синтопиясын білу, ондағы іріңдік абсцесстер жарылғанда олардың таралу бағыттарын алдын ала ескеруге маңызды.
Іріңді абсцесстердің таралу бағыттары:

  • кеуде қуысына—перитонит, шекаралық абсцесстер дамиды;

  • диафрагма астына қарай — диафрагма астылық абсцесстер дамиды;

  • қуысты мүшелер ішіне —асқазан, аш және тоқ ішектерге;

  • кеуде қуысына, плевраішіне (эмпиема және іріңді плеврит дамуы), өкпеге (өкпе абсцессі), перикард ішіне (жүрек тампонадасы дамуы мүмкін);

  • ішперде артындағы кеңістіктегі үлпаға.

Бауырдың байламдары:
1) орақ тәрізді байлам — бауыр мен диафрагма арасында орналасады. Сагиталды бағытта бауырды оң жақ және сол жаққа бөледі; 2) жұмыр байлам — кіндік пен орақ тәрізді байламға дейін созылған. Арасында кіндік венасы өтеді. Оны, қақпа венасына контрасты сұйық құюға (кіндік венасы арқылы портогепатография жасау) және қақпа венасы қанын экстракорпоралды ұштастырып (шыбық артериясымен кіндік венасын қосып), бауырды артерияландыруға қолдануға болады; 3) тәждік байлам — ішперденің бір жапырағынан тұрады. Ішперде бауыр үстінен диафрагмаға өтеді. Осы байламның оң жақ және сол жақ шеттері, бауырдың оң жақтағы және сол жақтағы үшбұрышты (ішперденің екі жапырағынан құрылған) байламдарына қосылады. Үшбұрышты байламдарды кесіп, бауырдың оң жақ бөлігін немесе сол бөлігін орнынан босатады; 4) бауыр — 12-елі ішек байламда жалпы өт өзегі (холедох), қақпа венасы және бауырдың меншікті артериясы өтеді. Ұмытпау үшін мнемотикалық әдіспен байлам ішіндегі құрамды оңнан солға қарай «ДВА» деп атауға болады (дуктус, вена, артерия).
Бауыр паренхимасынан аққан қанды бауыр — 12-елі ішек байламын, ішіндегі тамырлармен бірге саусақтармен қысып, уақытша тоқтатуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет