Осы нервтер тармақтары бауыр қақпасында бауырдың алдыңғы және артқы өрімін құрайды.
Бауырдың алдыңғы өрімі кіші шарбы май жапырақтары арасында бауыр артериясымен бірге орналасқан. Бауырдың артындағы өрім қақпа венасы мен жалпы өт өзегі арасында жатады.
Бауырдың бөліктік және сегментаралық құрылысының ерекшеліктері Бауыр оң жақ және сол жақ бөліктен тұрады. Олардың шекарасы бауырдың диафрагмалды бетінде орақ тәрізді байлам, висцералды бетінде сол жақ ұзынша жүлге бауырды екіге бөледі.
Оң жаң бөлікке шаршы және құйрықтық бөліктер қосылады. Бауырдың бөліктері бір-бірінен дәнекер тін пердесімен бөлінген. Бұл жағдай бауырға анатомиялық резекция жасауға мүмкіндік береді.
Бауыр сегменттері және секторларында қан айналым, нервтену және лимфа ағысы толық шектелген емес. Бауыр паренхимасында қақпа венасы тармақтанады, ал дренаждық функцияны бауыр веналары атқарады. Порталды жүйе құрылымдарының, бауыр артериясының және бауыр өзектерінің бауыр ішінде таралу бағыты бірыңғайлы. Осылай бауырды сегменттер және секторларға бөлу «порталды жүйе» деп аталады.
Бауырды бауыр веналарының таралу бағытына сәйкес бөлшектеу «кавальді жүйе» деп аталады. Бұл жүйелердегі тамырлар мен өт өзектерінің таралу бағыттары біркелкі емес.
Куино сегментарлық схемасы бойынша бауырда: 2 бөлік, 5 сектор, 8 сегмент бар.
Сегменттер бауыр қақпасының айналасындағы фасциясы бойынша орналасқан.
I-ші сегмент — артқы (дорсалды) секторды қүрайды (моносегмен- тарлы);
II-ші сегмент — сол латералды сектор деп аталады (моносегмен- тарлы);
III және IV — сегменттер сол парамедианды сектор түзеді;
V және VIII —оң парамедианды секторды құруға қатысады;
VI және VII —оң жақ латералды секторды құрайды.
Оң порталды саңылау бауырдың оң бөлігін екі секторға боледі: оң парамедианды және оң латералды. Оң саңылауды бауырдың диафрагмалды бетіне проекциялay үшін, бөліктер арасындағы жүлге мен бауырдың оң шетінің арасын үшке бөледі. Бұл кезде, оң сай осы қашықтықтың сыртқы және ішкі бөлігінің шекарасына сәйкес жатады. Оң порталды саңылау ағза ішінде қиғаш, бауырдың висцералды бетімен 30-45° оң ашылған бұрышты жазықтық құрады.
Бауырдың сол бөлігінің құрамы:
сол жақ парамедианды сектор — III, IV сегменттерден түрады;