Бауыржан Момышұлы – елі үшін туған ер



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі197,4 Kb.
#5634

 

Бауыржан Момышұлы – елі үшін туған ер 



 

Қазақ  халқының  даңқын  шығарып,  абыройын  асырған  айтулы 

ұлдарының  бірі  –  гвардия  полковнигі,  жазушы,  Совет  Одағының  Батыры 

Бауыржан  Момышұлының  Ұлы  Отан  соғысындағы  ерлігі,  соғыстан  кейінгі 

қаламгерлік,  ұлтжандылық  қасиеттері  кейінгі  ұрпаққа  үлгі.  Баукеңнің 

шығырмалары  жастарды  отансүйгіштікке,  адамгершілікке,  азаматтыққа 

тәрбилейді.  Әсіресе  «Москва  үшін  шайқас»  туындысы,  майданнан  оралмай 

қалған  жауынгерлер  тағдырын  көркем  сөзбен  суреттеп  жазуы  қазіргі 

жастардың  бойында  Отанға  деген  сүйіспеншілік  із  қалдырары  анық. 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі ғалым 

Мекемтас  Мырзахметұлы  «Баукеңнің  «Москва  үшін  шайқас»  кітабын 

жазудағы басты мақсатын  атақты «Волокалам тас жолы» кітабының авторы 

А. Бектің арнап жазған өлеңінен көреміз: 

 

Кейіпкерін пешкі мен ноқаттардай жайылытты, 



Ал мендегі геройлар алға тартпақ тарихты. 

Өр көкірек ақымақ! Үнің неден тарылды? 

Шейіттерді қастерле! Нанға сатпа арыңды! 

Қасиетті құрбандар жанын қиды ар үшін,  

Қойсам деймін ескерткіш, бұл солдаттық парызым!  

 

деген Баукеңнің үнін есіткендей боламыз» деп жазады [1, 5-6 бб.].  



Бауыржан  Момышұлы  туралы  кезінде  белгілі  ғалым  Қаныш  Сәтбаев: 

«Көз  алдымызда  өтіп  жатқан  оқиғалар  даусыз  бүкіл  дүние  жүзі  тарихының 

игілігіне  айналмақ,  онымен  болашақ  ұрпақтан  шыққан  зерттеушілер  де 

айналысатын  болады.  Бұл  аса  маңызды  тарихи  мәнді  оқиғалардың,  жарқын 

көріністерінің  ішінде  Ұлы  Отан  соғысының  барысында  еліміздің  тағдыры 

шешілген, Москва үшін шайқас жүргізілген 1941 жылдың күзіндегі оқиғалар 

ерекше  маңызды  әрі  оның  принципті  мәні  бар.  Москваны  қорғаудағы  аса 

жауапты  шептер,  Қазақстанның  абыройы  мен  даңқына  орай,  Қазақстанда 

генерал  Панфилов  жасақтаған  дивизияға  тапсырылды.  Бұл  оқиғалар  біздің 

бәріміз үшін де өте маңызды, әрі біз бұл аса зор шайқастар жөнінде тереңірек 

білуге  тиіспіз.  Полковник  Бауыржан  Момышұлы  сұрапыл  шайқастарға 

қатысушы  ғана  емес,  ол  жетекші  командир  болды,  сондықтан  да  оның 

әңгімелері бізге ерекше құнды болмақ» [1, 8-б.] – дейді. 

О. Сүлейменов 1980 жылы «Менің Бауыржаным» атты мақаласындағы 

ақынның  мына  бір  жан  тебірентерлік  сөздерінің  әдіснамалық  маңызы  зор. 

«Өмірде өзіме ықпалы болған адамдар көп емес, бірнешеу ғана. Ой өрісімнің, 

сыртқы  дүниеге  көзқарастарымның  қалыптасуы  да  соларға  байланысты. 

Кейде  өмір  бойы  бір  адамның  тұтқыны  болу  үшін  онымен  екі-үш  рет 

кездескенің  жетіп  жатады...  Өз  кітабымда  мен  де  Бауыржанға  соқпай  кете 

алмаймын.  Мен  оны  ерте,  балалық  шағымнан-ақ  «Волоколам  тас  жолын» 



 

алғаш  оқыған  кезден  білемін.  Оның  темір  Бауыржаны  менің  қаһарманым 



болды [2], – дейді.  

1941  жылдың  күзінде  Спас-Рюховск  қалашығындағы  Бауыржан 

Момышұлы  батальонына  неміс  әскерлері  шабуыл  жасап,  8  сағаттық 

қантөгістен  соң  фашистер  батальонды  қоршауға  алады.  Дегенмен  батыр 

Бауыржанның  сарбаздары  Ивановский  селосы  маңында  фашистердің 

автоколонасына  шұғыл  шабуыл  ұйымдастырып,  оны  жойып  жіберіп, 

қоршауды бұзып өтеді. Бұл кезде фашистер майданнан қосымша әскер алып, 

батальонды  қайта  қоршайды.  Сонда  Баукең  өз  батальонын  жаңа  әдіс-ромб 

тәрізді  қатарға тұрғызып, жаудың шебін бұзып өтеді.  

Әскерлер  25  қазан  күні  35  шақырымды  соғыс  сала  отырып 

Волокаламск қаласындағы дивизияға жетті. Батальон соғыс сала отырып әрі 

аман, әрі қоршаудан: 690 адам, 18 зеңбірек және 30 ат арбаны алып шығады. 

Сонымен  бірге  қоршаудан  басқа  да  бөлімшелердің  жауынгерлерін  алып 

шығады.  Баукең  осы  тұста  қызыл  әскерлерді  қатарға  қосып  генерал  И.В. 



Панфиловтың  сиреп  қалған  дивизиясына  көмек  береді.  Одан  кейін  де 

талай  қақтығыс  соғыс  өтті.    Оның  есімі  1941  жылдардың  өзінде  аңызға 

айналды.  

 

Москваны  қорғаған  Панфиловшылар  туралы  құжаттарды  жаяу  әскер 



Генералдық штабының басшысы (1941-1942 жж.) генерал Франц Гальдердің 

қолжазбаларынан  қарастырдым.  Ондағы  мәліметтер  бойынша  Масква  үшін 

шайқаста немістер жағынан   4  мен  9-армиялар,  2  және  3-танктік  топтар, 

оның ішінде 34 жаяу әскер,  1 кавалериялық, 9 танктік, 6 мотодивизия және 2 

мотобригада  болған.  Неміс  әскерлерінің  әскери  тәсілі  бойынша  Ф.  Гальдер 

қолжазбасының  441  бетінде:  «Біздің  әскерлер  Калинин  қаласынан  оңтүстік-

батысқа  қарай  шабуылын  үздіксіз  дамыта  берді.  Жау  Еділ  (Волга)  өзенінен 

кері  өтеді,  сол  кезде  56  мотодивизиялық  корпус  алдыға  жылжып,  Ираннан 

қайтарылған  таулық  атқыштар  дивизиясын  шегіндіреді».  Бауыржан 

Момышұлы  өзінің  «артымызда  Москва»  атты  естелік  кітабында  Руза, 

Алексин,  Волокаламск,  Тарус,  Титов  қалаларын  стратегиялық  маңызды 

нүктелері ретінде жиі еске алады. 

Әңгіме  Мәскеуге  ұйымдастырылған  екінші  шешуші  шабуыл  жайлы 

болып  отыр.  Кітаптің  редакторлары  осы  жерде  қызықты  ескерту  жасайды: 

«Бұл  атқыштар  дивизиясы  генерал  Панфиловтың  Қазақстанда  жасақталған 

№316 атқыштар дивизиясы болуы мүмкін» [3]. Соғыс кезінде жасалған ерлік 

бейбіт  өмірде  де  жалғасады.  Баукең  өзінің  естелігінде  «1946  жылы 

докторлық 

диссертация 

қорғаған 

Ермұханға 

Совет 


Армиясының 

полковнигіне  тиесілі  үш  мың  сомдық  карточкасын  және  1,5  мың  сом  ақша 

беруін қиын сәтте қолын созуы деп қана емес, таланттың болашағына салған 

инвестициясы  ретінде  түсінгеніміз  жөн  шығар.  «Мен  Ермұханның  ХІІ-ХІІІ 

ғасырлардағы  қазақ  халқының  тарихы  жөніндегі  біліміне  таң  қаламын»  [4, 

166-б]  дейді.  Мемлекеттік  мұрағатта  жұмыс  істеген  кезде  Ерекеңмен  жақсы 

болған,  рухани  дос  болған  адамдардың  бірі  –  Баукең.  Мұрағатта  мынадай 

естеліктер бар:  «Ел  жиналған  кезде кешігіп дастархан басына  Ерекең  келді. 



 

Бұл  заман,  ел  үшін,  Ерекең  үшін  өте  қилы  кез,  40  жылдардың  аяғы  50 



жылдардың  басы  болатын.  Қонақтардың  біразы  шеттеп,  Ерекеңе  сәлем 

беруден  бас  тартқан  көрінеді.  Сол  кезде  бірқатар  белгілі  азаматтардың 

ортасында,  төрде  отырған  Баукең  орнынан  атып  тұрып,  Ерекеңді  шақырып 

орнына отырғызады».  

 

Асыл  азамат  Ермахан  Бекмаханов  1966  жылы  6  мамырда  51  жасқа 



қараған  шағында  ауыр  науқастан  дүниеден  өтті.  Оның  Бауыржан 

Момышұлымен қоштасарда айтқан соңғы сөзі: «Үлгере алмай кетіп барамын, 

кешіріңіз!»  болса  керек.  Ал  осыған  халық  атынан  кешірім  сұрап,  жауап 

бергендей Баукең былай деп жазыпты: «Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде, деп 

боздар сорлы қазақ мен өлгенде». Осы сөзімді Қанышқа, Мұхтарға, т.б. арнап 

жазып  едім.  Інім  едің,  сенімен  қоштасып,  басыңа  қойып  тұрмын.  Жатқан 

жерің  торқа  болсын.  Әрқашан  да  есімдесің,  бауырым.  Жылаушы  Б. 

Момышұлы. 7 мамыр 1966 жыл, Алматы қаласы [5, 381-б.]. 

 

Партия  мен  ІІХК  (НКВД)  шоқпарынан  қаймықпай,  қудалауға  түскен 



ғалымды қатарға қолдауы, әрине Баукеңнің қайсар мінезін аша түседі.  

 

Қазіргі  таңда  аты  аңызға  айналған  қолбасшы  Б.  Момышұлы  туралы 



көптеген  кітаптар,  естеліктер  және  әдістемелік  құралдар  жарыққа  шықты. 

Сонымен  бірге  орта  мектептерде  қазақ,  орыс,  өзбек,  ұйғыр  тілдерінде  9-

сынып  оқушыларына  арналған  жаңа  оқулықтарда  Батырдың  суреті,  жүріп 

өткен  жолы,  жасаған  ерлігі  толықтай  берілген.  Дегенмен  Бауыржан 

Момышұлының  өмірі  мен  қызметі  және  мұралары  әлі  де  зерттеуді  қажет 

етеді. 


 

Назгүл  Бердіқожа,  Қорқыт  Ата  атындағы  Қызылорда  мемлекеттік 

университетінің  «Қорқыттану  және  өлке  тарихы»  бөлімінің  ғылыми 

қызметкері 

 

 



Пайдаланылған әдебиеттер  

 

1. Бауыржан Момышұлы. I том. – Алматы: Жазушы, 2004. 

2.  Олжас  Сүлейменов.  «Менің  Бауыржаным».  //  Лениншіл  жас.  30 

декабрь. 1980. 

3.  Ф.  Гальдер.  «От  Бреста  до  Сталинграда:  военный  дневник».  – 

Смоленск, 2001. 

4. Хангелді. Әбжанов. Қазақстан: Тарих. Тіл. Ұлт. – Астана, 2007. 

5.  Ермұхан  Бекмаханов.  Қазақстан  XIX  ғасырдың  20-40  жылдарында. 

Алматы: Сана, 1984. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет