Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқас (роман)



Pdf көрінісі
бет25/45
Дата19.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94921
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45
AHA АМАНАТЫ 
Бос жатқан тіке жолда жаудың тосқауылына кездесіп қалу қаупінен аулақ болу үшін, біз 
Елиннің айтуы бойынша, орағытып алыс жолмен қайтып келеміз. Жол бойы қалың орман. 
Түн қараңғы. Аспанда қаптаған қара бұлт. Астымдағы денесінде бұршақтай меңі жоқ
қамыс құлақ, құйма тұяқ боз бие ауыздығын күрт-күрт шайнап, басын шұлғып, анда-санда 
пысқырып, адымын соза басып, аяң жүріспен келеді. Аяз азбаңдап тұр. Соңымда 
Николаймен қатар келе жатқан Бозжанов ыңылдап ән салады. Менде үн жоқ. Өткен-
кеткен өмір, үй тұрмысы, ағайын арасындағы түкке тұрмас дүрдараз, соғыс жағдайы бірі 
аяқталмастан бірі есіме түсіп, мені тұншықтырып келеді. 
— 
Жолтай! Сен не айтып келесің? 
— 
Жай, жолдас комбат, өлең айтып келемін. 
— 
Қатарласып жүріп маған да естіртіп айтшы? 
— 
Тек есіме Абайдың «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» түсіп кетіп еді. 
— 
Одан басқа тағы не түсті? 
— Апам есіме түсті. Біз алты ағайындымыз. Бесеуміз майдандамыз. Нұрмағамбет қана 
елде. Ол ЦК - да қызмет істейді. 
— 
Мен бір әке, бір шешеден жалғызбын. 


161 
— 
Артыңызда ешкім бар ма? 
— 
Білмеймін, мен кетерде жеңгеңнің құрсағында 6-7 айлық біреу жатыр еді. Шамада 
жеңгең октябрьде босануға тиісті. Қазір ноябрьдің аяғы. Қалай босанды екен? Сәби — ұл 
ма, қыз ба? Майданға келгелі бері сен де, мен де әлі күнге дейін хат алғанымыз жоқ қой... 
Тұңғышымның кім екенін осы уақытқа дейін білмеймін. 
— 
Аманшылық болса, ағатай, кешікпей-ақ хат келіп қалар. Сізге деген хатты алдымен 
өзім аламын да, сүйіншіні сұраймын. Сүйіншіге не бересіз маған? 
— 
Ұл болса жирен қасқаны, қыз болса мына боз биені мінгізер едім саған. 
— 
Қыз болса да жирен қасқаны мінгізіңіз. 
— 
Жарайды, мен үшін баланың бәрі бала. Таңдағаныңды ал. 
— 
Онымен құтылмайсыз, той істейсіз. 
— 
Біреудің қойын тартып алайын ба? 
— 
Жоқ, біздің полкта құдайға шүкір, он шақты құлын-тай, жабағылар бар ғой, соның 
біреуін кәдімгі қазақшылап сойып, қазы-қарта айналдырып, ет асамыз. Ол жағын менің 
өзім басқарамын. Сіздің ісіңіз болмасын. — Дұрыс. 
— 
Келістік қой, ақсақал? 
— 
Келістік, Жолтай. Ал сен жаңа апаң туралы ойлап келемін деп едің ғой. Соныңды 
айтшы? 
Менің апам өте байсалды қария кісі еді.Балаларының ішіндегі ең еркесі мен болатынмын. 
Әсіресе, мен фин соғысынан қайтып келгеннен кейін апам да, ағаларым да, жеңгелерім де, 
әрі-беріден кейін ағаларымның балалары да мені өте қадірлеуші еді. Апам сауатсыз кісі. 
Бала кезімнен бастап мен апама газеттер, өлеңдер оқып беруші едім. Апам құйма құлақ 
адам. Ұйып отырып тыңдап, бір-екі оқығаннан кейін жатқа білетін. Абайдың көп 
өлеңдерін жатқа айтушы еді. 
— 
Онысы жақсы екен. 
— 
Апам көп-көп әндер, әңгімелер біледі. Немерелерін әлдилеп отырып ертегілер 
айтады. Менің апам халық университетін бітіргендердің бірі. 
— 
Ой, мақтаншақ екенсің ғой. Апаңды қашанғы мақтай бермексің! 
— 
Е, апамды мақтамағанда мен кімді мақтаймын?! 
— 
Айтуыңа қарағанда апаң мақтауға тұратын кісі екені рас. 
— 
Мен фин соғысынан қайта оралғанда апам маған бір өлең айтып берді. 
— 
Қандай өлең? 
Өмірде біз қайғырып уайым жеңіз, Аңсаймыз, анау біздік болса дейміз. Егерде аңсаған зат 
қолға түссе. Тағы да онан өзге нәрсе іздейміз. Аңсаумен өтеді әмір бір қалыпта, Құдірет, 
— оны да біз өмір дейміз, — деді де, апам маған қарап, — Жолтай, бұл кімнің өлеңі? Сен 
осыған түсінесің бе? — деп сұрады. «Білмеймін, апа», — дедім мен. Шынында осы 
уақытқа дейін білмеймін кімдікі екенін. 


162 
— 
Қазақтыкі емес. Лермонтов «Мы в жизни печалимся и грустим» дейді. Дуров 
болса: «...Дай нам для глаз новизну, для сердца обнову» дейді де «...чтоб нам несулила 
судьба всегда ею мы недовольны» деп бітіреді. Солардың біреуін бір қазақ аударған 
болуы керек. 
— 
Жатқа білмейсіз бе? 
— 
Білсем айтып берер едім ғой. 
— 
Қап, осындай да өлеңдерді жаттап алмағаныңыз. 
— 
Аты есімде жоқ. Орыстың бір ақыны былай дейді. Дәлме - дәл есімде қалмапты, 
бірақ мазмұны былай: 
Не верю, когда говорят
— мертвые воскресают. 
Не верю, что песок удерживает воду. 
Не верю, что роза расветает на льдине. 
Не верю в благородство хищников, 
Не верю в искренность лисицы. 
Не верю в коварство лани... 
Тағы осы сияқты нәрселерді айтып-айтып келіп: «Жарымның опасыздығына сенбеймін» 
деп айтады да, «Ее могут сломать, но не гнуть», — «Иілмейді адалым, сынса сынар» — 
деп бітіреді. 
— 
Қап, осындай өлеңдерді не жазып алмай, не жаттап алмай, қор еткеніңіз - ай! — деп 
Бозжанов маған ашуланды. Біраз үн қатпай келеміз. 
— 
Жаңағы ақынның «Не верю» дегенін біз былай аяқтасақ... 
— 
Қалай? 
— 
Мысалы: 
Сөнбекшің жарық жұлдыз сөнуіне, 
Елімнің құл - күңдікке көнуіне.
Жау бізді тықсырса да түпкірлетіп,
Сенбеймін жаудың бізді жеңуіне. 
— 
Ай, жігітім, мазмұны дұрыс болғанымен, ырғағы келмей тұрған сияқты. 
— 
Қайтейін, ақын болмасам... айтпақшы алам бізді соғысқа аттандырардың алдында, 
бәріміздің басымызды қосып, өз қолымен тамақтандырып болған соң, былай деп еді: 
«Сендерді туа - туа шаршап едім, сендерді өсіре - өсіре шаршап едім, сендер енді ер жетіп
азамат болдыңдар. Мен кәудіреген кемпір болдым. Соғыс басталды. Барма деп біріңе де 
айтпаймын. Барыңдар. Енді мені сендердің хабарларың шаршататын болды ғой. 
Барыңдар. Барыңдар! Тағы да қайталап түн ұйқымды торт бөлетін басыма күн туды. 
Барыңдар. Барыңдар. Ешқайсыңмен қоштаспаймын, шығарып салуға бармаймын. 


163 
Барыңдар. Жолдарың болсын. Барыңдар!» Жаңа есіме түсіп келе жатқаны апамның сол 
сөздері еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет