Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқас (роман)



Pdf көрінісі
бет22/45
Дата19.05.2023
өлшемі1,68 Mb.
#94921
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
Байланысты:
199Бауыржан Момышұлы-Москва үшін шайқас 230330 123802

ЕСТЕ ҚАЛҒАНДАР 
Арада талай соғыстар болды. Барлығын бірдей тізіп жату қиын. Ол жөнінде барлық 
газеттер де жазды. Газеттер 316 дивизияның 8-гвардия дивизия болғандығын, дивизияның 
Қызыл Ту орденімен наградталғанын, Иван Васильевич Панфиловтың өлімін аза тұтып та 
жазды. 
Панфилов өлімі біз үшін өте ауыр қаза болды. Байсалды ұстаз, білгір командир ретінде 
кімнің де болса, көкейінде қалды ол "кісі. Оны сүймейтін, құрмет тұтпайтын, тұлға 
көрмейтін ешкім жоқ еді арамызда. Оның қазасы өзі басқарған дивизиясы үшін де үлкен 
сын болды. Панфиловпен бірге болған, бірге соғысқан адамның қайсысы болса да, ол 
туралы білетінін ортаға салғысы келетін болар-ау. Кейбір есімде қалған кездерімді мен де 
жұрт алдына ұсынғым келеді. 
Алматыдамыз, дивизияның алғаш құрылып жатқан кезі. Генерал кабинеттен шыққан бойы 
менің қолтығымнан алды да, өзімен бірге ертіп келе жатты. (Кез келген генерал шені 
төмен кіші офицерлермен қолтықтасып жүре бермейді.)


144 
— 
Тезірек жүрейікші, тезірек. Мен қағазға біраз айналып отырып қаппын. Кешігіп 
қалмасақ игі еді. Басшыларға кетіп бара жатқанда кешігуге болмайды. Адъютантым бір 
жерде кідіріп қалды ма, білмеймін. Сіз менімен бірге жүріңіз. Басшыларға адъютантсыз 
бару генералға ыңғайсыздау болар. Қасымда болыңыз. Бір нәрсеге әлде керек болып 
жүрерсіз. 
Машина көк желекке оранған Алматының тұп-тура кең көшесімен ызғи жөнелгенде 
генерал маған: 
Қайда бара жатқанымызды білесіз бе? — деп сұрады. 
— 
Дәл білмеймін, жолдас генерал. Бірақ сіз айттыңыз ғой басшыларға барамыз деп. 
— 
Сіз екеуміз Орталық Комитетке келе жатырмыз. Неге келе жатқанымызды білесіз 
бе? 
— 
Білмеймін, жолдас генерал. 
— 
Мен сізге сыр ғып қана айтайын, ешкімге тіс жарып ештеңе демеңіз. Осы сөздерді 
айтқанда жас сәбилерше күліп хаххаа Содан кейін құлағыма сыбырлады да, — Орталық 
Комитеттің секретарьларына, Халық Комиссарлар Советінің председателіне ісірмекпін. 
Оларға тілек қойып ем, келіңіз депті. Олардан не жөнінде сұрағымның келетінін білесіз 
бе? 
— 
Білмеймін, жолдас генерал. 
— 
Сіз менің серігім болып келе жатырсыз ғой, неге келе жатқанымызды білуіңіз 
керек. Республика басшыларында үш - ақ тілегім бар: біріншісі — бізге бірқатар әйелдер 
мен қыздар, өздігінен тіленген фельдшерлер мен медсестралар келеді. Меніңше, бұл 
патриоткаларды әскерше киіндіру керек, бірақ, әйелше әдемі киіндіру керек деп 
ойлаймын. Дивизия интенданты « қайтеміз, жолдас генерал, оларды солдатша киіндіреміз 
де» дейді, сонда ол әйелдерге еркектің көйлегін, іш киімін, гимнастеркасын, шалбарын, 
солдаттың шұлғауын орап, етігін кигізбек. Табель осылайша осындай болуға тиіс дейді ол. 
Мен қыздарды еркекше киіндіре алмаймын. Ішкі киімдерді қайдан тапсаң, одан тап, 
әйелдің киімдері болу керек. Шалбар емес, юбка болсын, шұлғау емес, шұлық. 
Гимнастерканы, шинельді, малақайды киіп, белдікті Пуымын жүре берсін. 
— 
Ал, олардың шаштарын қайтесіз, жолдас генерал? 
— 
Бұл екінші кезектегі мәселе. Әйелдер шаштарын қимайды. (өзі менің есіме мұны 
жақсы түсірдіңіз. Оны әйелдердің өзі білсін, бұрым қоя ма, болмаса басқадай етіп әсемдей 
ме, соғыс жағдайында қайсысы қолайлы болса, солай етсін. 
— 
Сонда сіз олардың шашын алдыртып тастамақсыз ба, жолдас генерал? 
— 
Жо... жоқ. О не дегеніңіз? Мен олай деп айтқан жоқпын, өздері білсін дедім ғой. 
Ерік өздерінде. Екінші мәселе — өзімізде жеке оркестрдің болуын сұраймын. Қисыны 
келген кезде музыкамен, салтанатпен жүрген қандай жақсы, көңіл көтереді. Үшінші 
мәселе — республика басшылары біздің полктарда болып жауынгерлермен оз 
туысқандарынша, жолдастарынша сөйлесуін сұрамақпын. Ол көңіл үшін... 
Бір сағаттан кейін орталық Комитеттің бірінші секретарының кабинетінен генерал күлім 
қағып шықты. Біз Үкімет үйінің үлкен коридорымен жүріп келе жатқанда менің 
қолтығымнан ұстап, генерал ақырын ғана құлағыма сыбырлағандай: 


145 
—Барлық мәселені шешті к. Басшы жолдастар біздің тілегімізді орындайтын болды, деп 
ізет білдірген милиционердің сәлемін қабылдады да өтe берді. 
...Сентябрьде біздің батальон старое Рахино маңында қорғаныс шебінде жатты. Генерал 
жаяу біздің әскерлердің о шетінен кіріп, бүл шетінен шықты, барлық әскери 
жабдықтарымызды көрді. 
Генерал маған адамдарды жи деп бұйырды. Жиналған жұрттың бәріне де отырып, темекі 
тарта берулеріне рұқсат етті. 
Өзі кішкене биіктеу кеспелтек томарға отырды да сөйлей бастады: 
— 
Мен сіздерге, жолдастар, мұнда не істеп жатқандарыңызды білейін ден, 
әңгімелесейін деп келдім. Жақсы іс жасап жатыр екенсіңдер. Бірақ, шынын айту керек, 
араларыңызда жалқаулар да бар көрінеді. Оларды көзіне шұқып көрсетпей-ақ қояйын. 
Отделение командирлерінің бастықтарының өзі-ақ оларды тезге салар. Солдат — үйсіз 
адам. Оның жанында әкесі де, шешесі де, қамқоршы әйелі де жоқ. Солдатты туған-
туысқандарынан айырған соғыс. Оның басындағы жалғыз панасы — көк күмбез аспан, 
ұрыстағы оның үйі — окоптар мен траншеялар, ал, оның семьясы, туысы —- өзі жүрген 
әскери коллектив. Міне, сондықтан да бұл коллектив жақсы семья сияқты ынтымағы зор 
коллектив болуы керек. Біз соғысқа әзірленіп, өзіміздің әскери позицияларымызды 
дайындаудамыз. Әрбір жауынгер өз үйін салғанда жанын салатын қожайындардай болуы, 
ынталы істеуі керек. Траншеялар мен ячейкаларды ыңғайлы етіп салғанымыз жөн, онда 
өзіміз боламыз ғой. Алдымызда әлі қиын ұрыстар бар, жолдастар. Ең басты мейлінше аз 
шығынданып, немісті тұмсыққа қаттырақ ұру. Жақсы жасалған қорғаныс солдаттарды оқ 
пен снаряд жарықшақтарынан сақтайды. Әрбір жауынгер өзінің не істейтінін жақсы білуге 
тиіс. Өз міндетін ақылмен дұрыс орындауы үшін оған жалпы жағдайды білу қажет. 
Сіздерге қарағанда газетті мен бұрынырақ алып, бұрынырақ оқимын, радионы да ертерек 
тыңдаймын. Сондықтан соғыстағы хал - жайды қысқаша баян етейін сіздерге. 
Өздеріңізге мәлім барлық майданда жау бізді қатты тықсырып келеді. Ал, біздің 
резервтеріміз сонау алыс түкпірден майдан шебіне жетіп үлгере алмай жатыр. Бірақ олар 
әлі-ақ келіп жетеді. Алыстағы Алматыдан келіп біз де қосылып отырмыз ғой. Әзірге біздің 
армияға қиын жағдайда соғысуға тура келіп тұр. Қолбасшы өзінің сөзінде біздің 
Отанымыздың басына қауіп төнгенін, біздің сәтсіздіктеріміздің қандай себептерден екенін 
талдау жасап айтып берді. Оны сіздер жақсы білесіздер. Мен қайталап жатпаймын. Сіздер 
мен біздердің алдымызда қиын міндет тұр. Біз қорғаныстамыз. Ал, қорғаныстағы негізгі 
міндет — өрекпіп келе жатқан жауды қайткен күнде де тоқтату. Қалай тоқтатуға болады. 
Ол үшін ең алдымен жақсылап орналасу керек. Мықты бекіну керек. Орналасқан жеріміз, 
өзімізге жасаған қорғанымыз ұрыс жүргізуге қолайлы болсын. Фашист әскерлері 
шабуылға шыққан кезде оларды оқпен қарсы алып, шайлықтыру керек. Фашистерді егер 
көбірек тұмсыққа ұрсақ, көп кешікпей ол жылжи алмай туралайды, тоқтайды деген сөз... 
...1941 жылдың ноябрінің бас кезі, әлі есімде. Біздің штаб Софьино деревнясына 
орналасқан еді. Біз де қорғаныстамыз, немістер де қорғаныста. Жан Рахимовтың 
басшылығымен тамақ әзірлеуге дайындалып жатты. Ол май шыжғырып жатыр да, 
Рахимов жерде сәбіз турап отыр. Жанға қазанға ет сал деп қояды. Туралған етті салған 
кезде ыстық май шыжылдап, быжылдап бөлмені бу басып кетеді, қоңырсыған иіс шығады. 
Біз тұрған үйдің қожайыны ақсақалды, жетпістер шамасындағы шал еді. 
Бәріміз оны «папаша» дейтінбіз. Ол кісі әлгі будан шашалып - қақалып шолақ тонын 
жамылды да, үйден шығып кетті. 
Бізге генерал келді. Шолақ тонын шешіп жатып Рахимовтен: 


146 
— 
Бір тәуір тамақтың исі шығып тұр ғой, не әзірлеп жатырсыңдар? — деп сұрады. 
—Бұрынғы тамақтардан жалығып кеткен соң, жолдас генерал, бүгін палау пісірсек пе деп 
едік, — деді Рахимов, жуылмаған қолын қоярға жер таппай апыл-ғұпыл сүртіп. 
— 
Палау жасауға қажетінің бәрі бар ма сіздерде? 
— 
Бәрі де бар, жолдас генерал. 
—Е, онда жасаңдар,—деді орындыққа отыра беріп,—көптен палау жегем жоқ. Шығыстың 
тамағын сағындым. Егер шынымен палау пісіріп жатсаңыздар, онда мен сіздерге қонақ 
боламын, — деп генерал не дер екен дегендей екеумізге де қарады. 
— 
Е, болыңыз, болыңыз, жолдас генерал. Рахимов шығып бара жатыр еді: 
— 
Маған бола асықпаңыз, Рахимов жолдас. Кәдімгі өзбекше болсын, жақсылап 
жасаңыздар. 
Генерал менімен біраз әңгімелескеннен кейін планшетінен картасын алды да, алға жайып 
салды. Тесіле қарап отырды да, мені жағдаймен таныстырды. 
Бағанағы сыртқа шығып кеткен шал келіп еді, генерал орнынан тұрып, қол беріп 
амандасты. 
— 
Иә, Иван Тимофеевич, денсаулығыңыз қалай? 
— 
Рахмет, жолдас генерал, әзірше тірі жүрмін ғой. Ал, өз денсаулығыңыз ше? 
— 
Мені Иван Васильевич - ақ десеңізші, Иван Тимофеевич. Екеуміз аттас екенбіз ғой. 
Мен генералдан рұқсат алып, шаруамен кеттім. Қайтып келсем Жан қазанды қақпақпен 
жауып үстінен қалың орап тастапты. Ең сыртынан өзінің сырмалы кеудешесін 
бастырыпты. 
Өзбекшелеп ол маған бу шығармаса күріштің майды бойына тартатындығын, содан кейін 
ылбырап пісетінін түсіндірді. 
— 
20-30 минут осылай жауып қоям, содан кейін алдарыңызға әкелем, жолдас комбат, 
— деді. 
Синченко самауырға тамызыққа ағаш ұсақтап отыр. Ал Рахимов қиярдан, жуадан, 
шалғамнан салат жасап отыр. 
— 
Бұл арадан кеткіңіз келмей ме, Иван Тимофеевич, бір қаңғырған мина кеп 
төбеңізден түссе қайтесіз, — деді генерал. 
— 
Атамекенімнен қайда барамын, — деп күрсінді әлгі шал. 
— 
Өмір бойы осы үйде тұрдым, жұмақтың төрінде болғыр Матрена Михайловнам осы 
үйде бес бала тапты, мен де осы үйде өлгім келеді. Бәрі бет-бетімен басы ауған жаққа 
кетті: екі ұлым Қызыл Армия қатарында, ұрыста, бір кіші қызым институттан дәрігер 
болып тура майданға кетті. Ал, үлкен ұлым мен қызым немерелерімді алып, немістер 
Волоколамскіні алғаннан кейін Москвадан әрі көшіп кетті. Мен осы үйді күзетіп қалдым. 
Сіздер немісті тықсырып қуғаннан кейін мүмкін семья боп атамекенге олар да оралар. 
— 
Менің үлкен қызым да оқуын бітіре алмады. Ол да ұрыста медсестра болып істеп 
жүр, — деді генерал. 


147 
— 
Ол не болғанын, қызыңды тіпті оқуын бітіртпей майданға жібергенің не. 
— 
Қызымның өзі кетті. Соғыс біздің бәрімізге бірдей ғой, ақсақал. Отан соғысы ғой, 
Иван Тимофеевич. 
— 
Иә... Осы араға сіз екінші рет келіп отырсыз, жалпы қызық адам екенсіз, Иван 
Васильевич. Бәріне жұмсақ айтасыз, дауысыңыздың қаңқылдап шыққанын бір естімедім, 
«мынаны былай ету керек, сіздің былай етуіңізді сұраймын» дейсіз де жүресіз. Сіздің 
бұйрығыңыздың өзі де біртүрлі жұмсақ бұйрық. Бірақ, жұрттың бәрі ұйып тыңдайды, 
орындайды. 
Жан буын бұрқыратып палауды алдымызға әкеп қойды. Рахимов Николай екеуі шыны 
табақшаларға салынған салатты, қасықтарды әкеле жатыр. Генерал орнынан тұрып қолын 
жууға кетті. Әлгі шал кеткісі келіп еді, бірақ генерал оны жібермеді. 
— 
Екеуміз жақсы әңгімелестік, енді бірге отырып тамақ желік. 
Шал көпке дейін көнбеп еді, генерал да қоймады оны. Қоярда қоймай әкеліп отырғызды. 
Бәріміз де ізет сақтап, генералдың алуын күтіп отырмыз.
— 
Палауды қасықпен жеген кімді көрдің, — деді ол қасық ұсынып жатқан Рахимовқа, 
— кәне ортақ табақтан қолмен өзбекшелеп алайық. — Қожайынға қарады да, — мұны 
палау деп атайды, Иван Тимофеевич, міне, былай қолмен жейді деп, генерал табақтың 
шетінен оң қолының ұшымен палауды алды да, бір күрішті шашау шығармай, кәдімгі 
палау жеп кәнігі болған өзбекше аузына апарды. — Қолмен жегенге не жетсін, қасықпен 
алсаң дәмі тіпті басқа көрінеді. 
Есік жақта тұрған Синченко арақты көрсетіп Рахимовке ым қақты. 
— 
Жолдас генерал, «Наркомовскаяны» ұсынуға рұқсат етіңіз, — деп Рахимов қипақ 
қақты. 
— 
Бағанадан бері не қарап отырыс, тіпті ас алдында осының өзінен бастағанымыз 
жақсы болатын еді ғой. Кәне, бар болса құйыңыз. 
Синченко флягадан арақты құйды да, отырғандардың алдарына қойды. 
Генерал сол қолымен рюмканы алып, біздің жеңісіміз үшін тост көтерді. 
— 
Құдай қолдасын, құдай қолдасын, -— деп шал күбірлеп естілер-естілмес 
бірдеңелерді айтып, қолындағы бұйрықты жерге қоя салды да, шоқынып алды. Сөйтті де, 
— Иван Васильевич, сіздің денсаулығыңыз үшін, — деп рюмканы қайта көтерді. 
Тамақ соңынан шай келді. 
Күн еңкейді. Кеш батты. 
— 
Ал, ішерімізді ішіп, жерімізді жедік, дәмді палауға тойдық. Нысап керек шығар 
енді. Рахмет, жолдастар. Генерал бәрімізбен қол алысып қоштасты. Әсіресе қожайын карт 
пен Жанға ерекше ілтипат көрсетті. Жанға дәмді палау жасағаны үшін мақтау сөздер 
айтып әзілдеді. Мұндай дәмді тағам жеу үшін тағы да бір рет қонаққа келетінін 
өзбекшелеп қалжың араластыра айтты. 
Жан генералдың мұншама жайдары мінезіне қатты риза болып, сол сәтте өзінің қызыл 
әскер екенін де ұмытып, өз ұлтының салтынша кеудесіне қолын қусырып, басын изеп, 
тағзым етіп шығарып салды. 


148 
Сыртқа шыққан соң, генерал Рахимовпен тағы да қоштасты да, маған: 
—Сіз мені шығарып салмайсыз ба, жолдас Момышұлы. Сізбен әңгімеміз әлі аяқталған 
жоқ көрінеді. Сіздің шанамен жүруді жақтырмайтыныңызды білемін, сонда да келіңіз, 
менің қасыма отырыңыз, ал, атқосшыңыз бен менің адъютантым артымыздан ерін 
отырсын, — деді. 
Біз орманға жеткенше генерал тіс жарып сөз қатпады. Ағаш арасындағы қараңғы аллеямен 
тартып келеміз. Қос торының тұяқтарының дүбірінен, шана табанының ызғыған 
сыбысынан басқа ешнәрсе естілмейді. 
— 
Әлі есімде. Алматыда бір кездескенімізде сіз үшінші июльден кейін ғана өзімді 
шын офицер деп санадым дегеніңіз. Ұмытқан жоқсыз ба? 
— 
Иә, ұмытқан жоқпын. Есімде, жолдас генерал. 
— 
Менің сол бір сәттегі түсінуімше сіз Қолбасшы сөзінен соң ғана өзіңіздің 
командирлік жауапкершілігіңізді ұққандай едіңіз. Біздің командирлердің көпшілігінің дәл 
сізше ұққандығына кәміл сенемін. Қолбасшы мұндай жауапты сөзді партияның атынан, 
Орталық Комитеттің атынан айтты ғой. Мен сізден, жолдас Момышұлы, көптен бері бір 
жәйді сұрағым келіп, сұрай алмай жүр едім. Енді сұрамай болмайтын шығар. 
— 
Сұраңыз, жолдас генерал. 
— 
Сіз осы уақытқа дейін партияға неге өтпей жүрсіз? — деп сұрақты тіке қойды. 
Комбаттардың ішіндегі партияда жоғы мен ғана едім, бұған, әсіресе біздің полктың 
комиссары Логвиненко тіптен риза емес - ті. 
Сондықтан да генералдың бұл сұрағы маған аса жайлы сұрақ болған жоқ. Мен де бірден 
жауап бере алмай үндемей қалдым. 
— 
Сіздің патриоттық, азаматтық, шынайы таза қасиеттеріңізге мен ешбір шек 
келтірмеймін. Сіз жөнінде, жолдас Момышұлы, менің ешбір күдігім жоқ. Бірақ партия 
қатарына өтуге сізге не бөгет болды? Сіз 1924-1936 жылға дейін комсомол қатарында 
болыпсыз ғой. 
«Оһо, мұны да біліп қойған екен ғой» деген ой сап ете түсті. Парлап жеккен ат бірде 
осқырып, бірде пысқырып, желе жортып келеді. Жеңіл шана шоқалақ жерлерге келгенде 
толқындағы қайыңша теңселіп. ауытқып барып түзеліп кетеді. Біз қараңғы түскен тау 
ішінде келе жатқандаймыз. Генералдың адъютанты мен Синченко бізді біресе қуып жетіп, 
біресе артта ұзап қалып қойып келе жатты. Қараңғы орман мүлгіп түр. 
Мен генералға 1936 жылы Қиыр - Шығыста ұзақ жорықта жүрген кезде комсомол 
билетімді жоғалтып алғанымды айттым. Қиыр - Шығыстың бір шалғайынан екінші 
шалғайына ауа көшіп жүрген әскерлік өмірде бұрынғы есепте тұрған жерімнен қанша 
байланыс жасасам да, еш хабар ала алмай, ақыры комсомолдан өз-өзімнен шығып қалдым. 
Одан әрі генералға партияға өтуге өзімді әзір емеспін деп санайтындығымды айттым. 
-— Мен сонау 1916 жылғы империалистік соғыстан бері майдандамын, ескі армияның 
қатарында фельдфебель шеніне дейін көтерілгенім бар. Одан кейін 1929 жылға дейін 
азамат соғысында мен барлық майдандарда да болған шығармын. Міне, енді өздеріңмен 
бірге Ұлы Отан соғысында жүрмін. Бір жағынан сіздің асықпағаныңыз да теріс емес, 
партияға өтуге мен де асыққан жоқпын, азамат соғысының аяқ кезінде, 1923 жылы өттім. 
Партия жолының артық, адалдығына көзім жетіп барып өттім. Сіз өзіңізді әзір емеспін деп 


149 
санайтын көрінесіз. Соғыс бүгін-ертең біте қалмайды. Сізді соғыстың өзі әзірлейді. 
Тағдыр жаманшылыққа жазбасын, аманшылық болса сіз нағыз коммунист - командир 
боласыз деп сенемін. 
Шананы айдап келе жатқан қызыл әскерге генерал аттарды тоқтатуды бұйырды. 
— Бұдан әрі ұзамай-ақ қойыңыз, онсыз да мен сізді біраз жерге дейін алып кеттім. Менің 
қолымды алған бойы біраз ұстап тұрды да: — Біздің Отанға шабуыл жасап отырған 
фашизм. Біз қайткен күнде де Октябрьдің ұлы жеңісін қорғап қалуымыз керек. 
Мен атқосшы Синченкомен бірге штабқа қайтып келе жатырмын.
Астымдағы күрең қасқа ат аяқтарын алшаң тастап келеді, біресе пысқырады, біресе 
қаршылдатып ауыздығын шайнайды. Қаншама қиын жолдан өткен, талай соғысты бастан 
кешірген ащы да ауыр азамат соғысының азабын да көрген, революцияның жеңістерін 
қорқаулардан қорғауға қатысқан, жау жүрек үлкен адамның менімен өз тұстастарындай да 
жайлы сөйлесуі, ақылгөйсімей, насихатшысымай еркін де жолдасша сөйлесуі қандай 
ғажап. Ол сөзінің аяғын әрдайым «айтқаныма түсіндіңіз бе», «жақсылап ойланып көріңіз» 
деп бітіруші еді. Сол күндері ол «Отанымыздың тәуелсіздігі мен бостандығын қорғап қалу 
керек» деген сөзді пәлендей жиі қайталамайтын. 
Біз қараңғы аллеямен үнсіз аяңдап келеміз. Көкейімде коммунист Иван Васильевич 
Панфиловтың: «Ұлы Октябрьдің жеңістерін қайткен күнде де қорғап қалу керек» деген 
сөзі ұялаған. 
Бір күні мен генералға мынадай жайды айттым: Совхоз маңында неміс барлаушыларының 
бір взводы біздің батальонның үшінші ротасының қым-қиғаш оғының астында қалды. 
Немістер арлы-берлі жанталасып, қашуға тырысты, жан ұшырды. Бірақ пулеметчиктер 
оларды өткізбеді. Бір де неміс кете алмады. 
Ауыр жараланған бір сержант қана тірі болып шықты. Оны батальон штабына носилкаға 
салып алып келді. Жылы одеялмен жақсылап оралған, қолында әдемі қолғабы бар. Неміс 
қалшылдап, дірілдегі жатыр. Барлық сұраққа да ештеңе білмеймін деп жауап беруде. Ол 
су сұраған кезде мен өзіміздің фельдшер қарт Киреевтен сержантқа су беруге бола ма деп 
сұрадым. Ол менің құлағыма келіп сыбырлады: 
— 
Оның бірнеше жерден омыртқасы үзілген, ішін де оқ тесіп кеткен. 
Неміс суды қағып салды да, ауыр күрсініп былай деді: 
— 
Рахмет, большевиктер мұндай мейірімді деп ойламаушы едім. 
Біз сержантқа одан әрі сұрақ қойғанымыз жоқ. Киреев оның қасынан қарыс аттап шыққан 
жоқ. Неміс екі иығынан дем алып жатыр. Басын көтеруді сұрады да: 
— 
Өліп барам. Көмерсіздер, — деп Киреевтің қолында жан тапсырды. Киреев оның 
көзін жұмды да, басын жайлап жастыққа салды. Жау солдатының өлімі қай - қайсымызға 
болса да батып тұрғандай. Сөйтсек алғаш айбат шеккенде жаралы сорлының қолы тоңған 
екен. Мұны білген лейтенант Василий Попов оған өзінің қолғабын кигізіпті. 
Генерал сәл ойланып тұрып: 
— 
Ұрыс даласында басқаша, онда соғыстың өз заңы бар, онда ешкімді ешкім аямайды 
— өлтіру, тұтқындау... Ал, дұшпан қолға түскен кезде, әсіресе жараланып түскен кезде 
оған адамша мейірімді көзқарас болғаны дұрыс. Мұны бізден әскери этика талaп етеді. 


150 
Міне, біздің генерал осындай болған еді. 
Тағы бір есімде қалғаны бізде олжа радиоқабылдағыш бар болатын. Степанов оның 
маңына ешкімді жуытпай, өзі ғана ұстайтын еді. Бір күні бөлмеге кіріп келсем, ол 
радиоқабылдағышын айналдырып жатыр екен. Қасында Бозжанов, Краев, Рахимов тұр. 
Алғашқы сәтте түңкілдеген үзік - үзік дыбыстар естілді, тырылдаған үн құлаққа түрпідей 
тиді. Бір уақытта немістердің бақылдағаны жетті құлағымызға. Содан кейін «уралаған» 
дауыстар естілді. 
Телефонист маған трубканы ұсынып еді. Рахимов Степановқа «тырылдатпай қоя тұр» 
дегендей ыңғай білдірді. 
— 
Жолдас Момышұлы! деген генералдың үні естілді. — Сіздерде радиоқабылдағыш 
бар ма? 
— 
Бар, жолдас генерал. 
— 
Онда Москва» тыңдай қойыңыздар! 
Степанов ары-бері бұрап Москваны ұстауға тырысты. Отырғандардың бәрі де отқа төнген 
балалардай радиоқабылдағыштың төңірегіне шүпірлей қалыпты. Тағы да айқай - шу, 
құлақ жейтін тырыл, үздік-үздік гуіл, немістердің бажыл - балдыры. 
— 
Бүгін айдың неше жаңасы? — деп сұрады Краев. Бозжанов саусақтарын санап - 
санап тұрды да: 
— 
6-шы ноябрь екен ғой, — деді. 
Бір уақытта радиоқабылдағыш ышқынып барып үн қатты. Бәріміз де тына қалдық. 
Әрқайсымызға таныс, сабырлы сөздері, салмақты үн естілді. 
«...Жау Украинаның көбін, Белоруссияны, Молдавияны, Литваны, Латвияны, Эстонияны, 
басқа бірсыпыра облыстарды жаулап алды, Донбасқа өтті, Ленинградтың үстіне қара бұлт 
болып төнді, біздің даңқты астанамыз — Москваға қауіп туғызып отыр». 
«...Біздің армиямыз бен флотымыздың жауынгерлері Отанымыздың намысы мен 
бостандығын сақтап, құтырған жаудың шабуылдарын ерлікпен тойтара отырып, 
жүректілік пен батырлықтың үлгілерін көрсете отырып, жаудың қанын судай ағызды. 
Бірақ, жау қырғынға ұшырағанына қарамай, ол өзінің солдаттарының қанын титтей де 
бағаламайды, ол қатардан шығып қалған адамдарының орнына майданға үсті-үстіне жаңа 
отрядтарын айдап салуда, қыс түскенге дейін Ленинград пен Москваны алу үшін ол 
барлық күшін аямай жұмсауда, өйткені қыстан оған ешбір жақсылық күтуге болмайтынын 
ол біледі». 
«...Алайда, фактілер «қауырт» жоспардың барынша саяз ойдан шыққандығын және 
негізсіздігін көрсетті». 
«...Батыс Европада жолы болған «қауырт соғыстың» шығыста жолы болмай, іске 
аспауының себебі не?» 
«...Москва мен Ленинградты қорғау майданында біздің; дивизиялардың жақын арада 
немістердің отыз шамалы шыныққан дивизияларын құртып жіберуі Отан соғысының орта 
ішінде жаңа совет жауынгерлері мен командирлері, летчиктері, артиллеристері, 
минометчиктері, танкистері, жаяу әскерлері, моряктары шыңдалып шығатынын және 
қазірдің өзінде шыңдалып шығып жатқанын, ертеңгі күні олар неміс армиясының зәресін 
алатын зор күшке айналатынын көрсетеді». (Ду қол шапалақтау.) 


151 
«Осы жағдайлардың бәрін қосқанда «қауырт соғыстың» шығыста қалай да іске 
аспайтындығын күн ілгері шешкендігінде ешбір күмән жоқ». 
«...Гитлершілерді ұлтшылдар деп есептеуге бола ма? Жоқ, болмайды. Шынында 
гитлершілдер қазір ұлтшылдар емес, олар империалистер». 
«...Гитлершілдер партиясы империалистердегі, империалист болғанда, дүниежүзінің 
барлық империалистері ішіндегі ең жыртқыш және қарақшы империалистердің 
партиясы». «Гитлершілерді социалистер деп есептеуге бола ма? 
Жоқ, болмайды». 
«...Гитлершілдер партиясы — демократиялық бостандықтардың дұшпандарының 
партиясы, ортағасырлық реакцияның және қара жүректік погромшылардың партиясы». 
«...Қандай шарамен болса — дейді Гитлер, — немістердің дүние жүзін жаулап алуы керек. 
Егер біз ең алдымен славян халықтарын, орыстарды, поляктарды, чехтарды, словактарды, 
болгарларды, украиндарды, белорустарды ығыстырып құртып жіберуіміз керек. Мұны 
істеуімізге ешқандай себеп жоқ». 
«...Адам дейді Гитлер, туғаннан күнәлі болып туады, оларды тек күш арқылы ғана 
басқаруға болады. Олармен айналысқанда қандай әдіс қолданудың да артықшылығы жоқ. 
Саясат талап еткен уақытта, өтірік те айту керек, сатып та кету керек, тіпті өлтіру де 
керек». 
«...Өлтіре беріңдер дейді Геринг, бізге қарсы болған әрбір адамды өлтіре беріңдер, өлтіре 
беріңдер, буған сіздер жауапты емессіз, мен жауаптымын, сондықтан өлтіре беріңдер». 
«Мен адамды дейді Гитлер, ождан деп аталатын қорлаушы бәледен азат етемін. Білім 
сияқты, ождан да адамды жарымжан қылады. Менің артықшылығым сол, ешбір 
теориялық немесе моральдық ар-ұят дегендер мені тоқтата алмайды». 
Неміс команда 25 сентябрьде 489 жаяу әскер полкына берген, немістің өлген унтер 
офицерден табылған бір бұйрығында былай делінген: 
«600 метр жерге келген әрбір орысқа оқ атуға бұйырамын. Орыс өзіне батыл жау қарсы 
келіп отырғанын, одан ешбір мейірім күтуге болмайтынын білуі керек». 
Майдандағы Франкфуртта туған лейтенант Густав Цигельден табылған неміс 
командованиесінің солдаттарға арнаған бір үндеуінде былай делінген: 
«Сенде жүрек те, жүйке де болмасын, соғыста олардың керегі жоқ. Есіркеушілік, 
аяушылық дегендерді атымен жой, кез келген орысты, совет адамын өлтіре бер, мейлі ол 
карт болсын, немесе әйел болсын, қыз, иә бала болсын, тоқталма өлтіре бер, бұл арқылы 
сен өзіңді апаттан қорғайсың, өзіңнің семьяңның болашағын қамтамасыз етесің және 
даңқың мәңгіге қалады». 
Гитлер партиясы мен Гитлер командованиесі лидерлерінің программасы мен нұсқаулары 
адамдық бейнесін жойып, жабайы андар дәрежесіне дейін төмендеген адамдардың 
программасы мен нұсқаулары міне осындай. 
Міне осындай ождан мен абыройдан айрылған айуандық моральді адамдар шімірікпестен 
улы орыс ұлтын, Плеханов пен Лениннің, Белинский мен Чернышевскийдің, Пушкин мен 
Толстойдың, Глинка мен Чайковскийдің, Горький мен Чеховтың, Сеченов пен Павловтың, 
Репин мен Суриковтың, Суворов пен Кутузовтың ұлтын құртуға шақырады! 


152 
Неміс басқыншылары КСРО халықтарына қарсы қырғын соғыс жасағысы келді. Бола 
қойсын, егер немістер қырғын соғысты қаласа оны өздері де көреді. (ұзақ ду қол 
шапалақтау.) 
Ленин соғыстың екі түрі барлығын айырды, басқыншылық соғыстар, демек, әділетсіз 
соғыстар және азаттық жолындағы, әділетті соғыстар. 
Немістер қазір басқыншылық, әділетсіздік соғыс, басқаның жерін тартып алуды, басқа 
халықтарды бағындырып алуды көздеген соғыстар жүргізіп отыр. Сондықтан да адал 
адамдар неміс басқыншыларын жау деп біліп, оған қарсы аттануға тиіс. 
Гитлершіл Германияға қарағанда, Совет Одағы мен оның одақтастары азаттық, әділеттік 
жолында, Европа мен КСР Одағының қудаланылған халықтарын Гитлердің азат ету 
жолында соғыс жүргізіп отыр. Сондықтан да барлық адал адамдар КСРО, 
Великобритания, тағы басқа одақтастар армиясы азат етуші армия деп біліп, оған 
болысулары керек. 
Әңгіме Европаның халықтары мен территориялары туралы болсын немесе Азияның, оның 
ішінде Иранның халықтары мен территориялары туралы болсын, бәрінде де, басқалардың 
территориясын жаулап алуды, басқа халықтарды бағындыруды көздеу бізде болмайды, 
соғыста ондай мақсат көздеуіміз мүмкін емес. Біздің бірінші көздейтін мақсатымыз 
өзіміздің территориямыз бен өзіміздің халқымызды неміс - фашист тепкісінен азат ету 
болып отыр. 
Бізден көмек күткен славян халықтарына, Европаның құлдықтағы басқа халықтарына 
өзіміздің талабымызды, өзіміздің режимімізді ұсыну бізде болмайды, соғыста ондай 
мақсат көздеуіміз мүмкін емес. Біздің «мақсатымыз бұл халықтардың Гитлер құлдығына 
қарсы азаттық күресіне көмектесу, осыдан кейін олардың өз жерінде өз қалауынша 
тіршілік етуіне толық бостандық беру. Басқа халықтардың ішкі істеріне ешбір қол сұғу 
болмайды. 
Бірақ бүл мақсаттарды іске асыру үшін біздің Отанымызды құлдауға келіп отырған неміс 
басқыншыларының соғыстық қуатын қирату керек, неміс оккупанттарын бірін қалдырмай 
құрту керек. (Ұзақ, ду қол шапалақтау.) 
Бірақ бұл үшін біздің армиямызға, біздің флотымызға бүкіл еліміз шын мәнісінде, белсене 
көмектесетін болуы қажет, біздің жүмысшыларымыз бен қызметшілеріміз, еркектеріміз 
бен әйелдеріміз кәсіпорындарында тынбай істеп, майданға танктерді, танкке қарсы ататын 
мылтықтар мен зеңбіректерді, пулеметтерді, винтовкаларды, ұрыс жабдықтарын барған 
сайын молайтып беретін болуы қажет, біздің колхозшыларымыз, еркектеріміз бен 
әйелдеріміз өздерінің егіс жерінде тынбай істеп, майданға және елімізге астықты, етті, 
өнеркәсібіне шикізатты бұрынғыдан да еселеп мол беретін болуы қажет, бүкіл біздің 
еліміз, КСРО- нің барлық халқы біздің армиямызбен, флотымызбен бірге Отанымыздың 
намысы мен бостандығы үшін, неміс армияларын қирату жолында алып бостандық 
соғысын жүргізіп отырған бірыңғай жауынгерлік лагерь болып ұйымдасуы қажет. (Ду қол 
шапалақтау.) 
Біздің ендігі міндетіміз осы. 
Біз бүл міндеті орындай аламыз және орындауға тиіспіз. 
Осы міндетті орындағанда ғана, неміс басқыншыларын талқандағанда ғана біз ұзақ және 
әділетті бейбітшілікке жетеміз». 


153 
— 
Жолдастар, әрқайсың өз роталарыңа барыңдар да естіп - білгендеріңді солдаттарға 
айтыңдар, — деп тарқаттым мен тыңдағандарды. 
AAA 
Тыныштық... Көз алдымызда орлармен, окоптармен жырым - жырым болған Москва 
өлкесінің жері. Қысқы аяз көгере буланып тұр... 
Кешегідей бүгін де командирлер мен саяси қызметкерлер роталарға радиодан 
тыңдағандарын айтуға кетті. 
Мен Краевтен бірге со л ірге жаққа қарай келе жатырмын. 
— 
Жолдас комбат, бір-екі соз айтуға болар ма екен? 
— 
Айта ғой, Семен. 
— 
Кім білсін, Мосвкада Қызыл Алаңда әскерлер салтанатпен сапта тұрған шығар... 
Сіз қалай ойлайсыз, немістер Қызыл Алаңға да самолеттерін қаптатар ма екен? Әлде онда 
да бұлыңғыр тұман екен. Біздің естігенімізді неміс естімеді дейсіз бе, олар да қарап 
отырмас, — деп қауіптене сөйледі Краев. 
— 
Тұман бөгет емес, Краев. Демек, Қызыл Алаңда парад жүргізіліп жатқанына 
қарағанда Москва көгінің мықты сенімді қорғаныста болғаны. 
Жауынгерлер орман шетінде отыр. Біз келген соң олар орындарынан турды. Отырып 
темекі тартуларына рұқсат еттім де, Краевқа әңгіме өткіз дедім. Ол алшақтай басып ортаға 
келді де жөтеліп алды. Қолғабын шешіп қойнына тықты да: 
— 
Жолдастар, бүгін, міне қазір Қызыл Алаңда Москва гарнизонының салтанатты 
парады болып жатыр. Қолбасшы партия мен үкімет атынан сөз сөйледі. Ол бізді Октябрь 
революциясының 24 жылдығымен құттықтады, "я жолдастар, бұл жылды біздің еліміз өте 
қиын жағдайда мейрамдап отыр. Жау көп жерімізді алып қойды. Ленинград пен Москваға 
өте тақау. Біздің Қызыл Армия жаумен қаһармандықпен күресуде. Армия мен халық 
жауға қарсы күресте бұрынғыдан да топтаса түсті. Бірлік осалдаған жоқ — нығайды, 
күшейді. 
Естеріңізде болар, 1918 жылы интервенттер біздің көп жерімізді алып қойған еді, ал енді 
міне, немістер алып отыр, бірақ сол кезде біздің әкелеріміз, жолдастар, ешбір қиындыққа 
қарамастан, аштыққа да, жалаңаштыққа да, қарудың аздығына да төзіп батырларша 
күресті. Ал бізде ше? Бізде тамақ та бар, киім де бар, әрқайсысында қару-жарақ. Егер 
шындап ерлікпен күрессек немісті будан әрі жібермейтіндігімізді бәріміз де білеміз, 
Волоколамск түбінде оны көрсеттік те. Москвадан садаға кетсін, құзғын жау. Әлі-ақ тым-
тырақай болып кейін қарай қашады. немістер нашар соғыспайды..." — Осы араға келгенде 
Краев мүдіріп қалды да, мүсәпірсіп мен жаққа қарады. 
— 
Оның рас, Краев, немістердің жаман соғыспайтынын өз көзімізбен көріп жүрміз 
ғой. Егер неміс нашар соғысатын болса, біз бұл арада отырмаған болар едік, — деп 
қуаттадым мен оны. 
— 
Иә, жолдастар! Бірақ, біз де жаман соғыспаймыз, — деді Краев одан әрі. — Оны 
немістер де көрді. Оларды қанша рет тұмсықтан ұрып, қанша рет тоқтаттық. Міне, 
Волоколамскіде отырғанына қанша болды. Қашан қуып шыққанша біз құзғын жауды 
төпеп ұра береміз, жолдастар. Олар әлі көресісін көрген жоқ. Жауды әзірге тоқтатқанымыз 
бер жағы ғана, ол қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көреді. Бүгін Қолбасшы бізде де 


154 
танктер коп болады деді. Содан кейін немістерді қуамыз. Алды-артына қарамай қашар 
бәлем дер. Бізге, жолдастар, бүкіл халық қарап отыр, бүкіл халық қорғаным деп сеніп 
отыр. Мықтап соғысуымыз керек, халық сеніміне дақ түсірмеуіміз керек... Қолбасшының 
мына сөзі менің есімде қалды: «Бүл соғыста сіздердің ұлы аталарыңның — Александр 
Невскийдің, Дмитрий Донскойдың, Кузьма Мининнің, Дмитрий Пожарскийдің, 
Александр Суворовтың, Михаил Кутузовтың әруағы қолдасын. Ұлы Лениннің жеңімпаз 
туы жігер берсін...». 
Краев мені оң жақ канатқа дейін ертіп барды да, ротасының басқа взводтарында әңгіме 
өткізуге кетті. 
Краевтың сөзінен қуат алып мен де штабқа қарай қайтып келе жатырмын. Егер барлық 
командирлер мен саяси қызметкерлер Қолбасшының сөзін Краев сияқты айтып бере алса, 
онда жаман болмағаны. 
Менің есімде генералдың командирлер мен саяси қызметкерлердің бір кеңесінде айтқан 
мынадай сөзі есіме түсті. «Біз Волоколамскіні бердік, бірақ дұшпанды әбден титықтатып 
бердік. Ол өзінің түпкі мақсатына жете алған жоқ. Біз оның жоспарын бұздық, уақытша 
болса да ілгері қарай жылжудан бас тартуға оны мәжбүр еттік. Ол енді Волоколамскіде 
өнері тасығандықтан отырған жоқ. Осыны жауынгерлерге түсіндіріп айтыңыздар, олар 
біздің әскерлер бекерден-бекер шегініп келе жатыр деп ойламасын. Рас, біз де өнеріміз 
тасығандықтан шегініп отырған жоқпыз, шегінуге мәжбүр болдық, бірақ шегінудің де 
шегінуі бар. Дұрыстап, ақылмен шегіну керек. Неміс уақытша тоқтады. Бірақ ол күшін 
жинап жатыр. Оның ойы енді бір жұлқынып Москваға жетіп алмақ. Өткізе алмаспыз. Біз 
алдағы уақытта да есін кетіре соққы беріп, жаудың желігін басуымыз керек. 
Командованиенің кейінгі резервтерді алға жеткізіп жинақтауы үшін уақыт ұтуымыз керек. 
Уақыт! Уақыт ұту керек! Қолбасшы айтты: «Біздің ісіміз әділ іс, біз жеңеміз!» деді. Я, біз 
жеңуге тиіспіз. Сондықтан да жағдай барған сайын шиеленісіп келеді. Жау да 
жанталасуда. Оның қатал құрсауы Москва төңірегін тарылтып, қусыра түсуде. Бұл 
қайсымыздың жанымызға батпайды дейсің. Қайсымыз осы қаланы сүймедік, қайсымыз 
осы қала туралы жырды шабыттана жырламадық? Москва аман болса екен, Москва 
тыныш болса екен деп қайсымыз айтпадық. Күн асқан сайын біздің шегіне түсуіміз де 
Москваға қатты батуда. Бірақ, біз берікпіз, берік бола бермекпіз! Уақыт! Уақытты ұту 
керек! Сонда Москва жау қолына түспейді!» 
Ол күндер — қатал да қаһарлы да күндер еді. Ұлы Октябрьдің жеңісі, ұлы халықтың 
намысы жолында қиян-кескі соғыс жүріп жатты. Социалистік революцияның, 
пролетарлық революцияның жеңісін осы бір қара түнек қауіптен қорғап қала аламыз ба, 
жоқ па? Әлде қалай болады деген арпалысқан сын сағаты еді. Әр жүрек осылайша қинала 
соғып, әр жүзден мейірімсіз жауға қаһарлы айбат туды. Жұртың бәрінің қабырғасы 
қайысты. Сондықтан да «жаным арымның садағасы» деген ата дәстүрін ұстап өлім 
қаупіне бас байланды. Өйткені ар кіндігі артымыздағы Москвада еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет