Bay ake kedey ake 1 Роберт Кийосаки


Жақсы кеңесшілерді таба білушілік



Pdf көрінісі
бет32/41
Дата19.01.2023
өлшемі1,48 Mb.
#61899
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
6. Жақсы кеңесшілерді таба білушілік.
Кəсіби мамандарды табуға ақшаңызды аямаңыз. Мен үйлердің
алдында «Делдалсыз сатылады» деген хабарландыруларды жиі
көремін. Менің бай əкем басқаша əрекет етуге үйрететін. Ол кəсіби
жоғары мамандардың еңбегі жоғары дəрежеде төленуі керек, -деп
есептейтін. Менде осы саясатты ұстандым. Бүгінгі таңда маған
жоғары ақылы заңгерлер, бухгалтерлер, жылжымайтын мүлік жəне
құнды қағаздар брокерлері жұмыс істейді. Неге?
Өйткені, кəсіби мамандардың қызметі Сізге ақша жасауға
көмектеседі. Біз ақпарат ғасырында өмір сүреміз. Ақпараттың құны
жоқ. Жақсы агент немесе брокер Сізге ақпарат береді жəне оқытады.
Маған осындай көмек беруге даяр, бірнеше адамдар бар. Бұлар маған,
бастапқы ақшам жоқ кездерде көмектескен, осы уакытқа шейін бірге
жұмыс істейміз. Менің агенттерге төлейтін ақшамның көлемі, олардың
ақпараттарының арқасында табылған ақшаның көлемімен
салыстырғанда, кішкентай ғана бір бөлігі. Менің агенттерім көп ақша
тапқанда, мен өте қуанам, себебі: ол менің табысымның өскендігінің
көрсеткіші. Жақсы агенттің көмегі ақша табушылықта ғана емес, олар
уақыт үнемдеуге көмектеседі. Мысалы, менің жер учаскелерін 9мың


долларға сатып алып,соңынан 25 мың долларға сатқандығым (содан
Порше машинасын сатып алғанмын) осының дəлелі.
Агенттер Сіздің нарықтағы құлағыңыз жəне көзіңіз. Олар онда
күнде болады, сондықтан Сізге оны істеудің ешқандай қажеттілігі
жоқ. Мен одан да гольф ойнына барамын. Мені қашанда
таңқалдыратыны: кедей жəне орта класс өкілдерінің нашар қызмет
керсеткендері үшін біреулерге 15-20 процент көлемінде сыйақы береді
де,-ал делдалға мəміленің (сделканың) 3-7 процент көлеміндегі
төлемақысын көп деп шағымданады.
Оларға шығындар колонкасындағы (бөлігіндегі) адамдарға төлеуді
жақсы көреді де, ал
активтер колонкасындағы адамдарға келгенде сараңдық көрсетеді. Бұл
қаржы тұрғысынан қарағанда құптарлық іс емес.
Делдалдар əртүрлі болады. Өкінішке орай, олардың көпшілігі
қарапайым сатушылар. Ал жылжымайтын мүлік саудасының
агенттері, олардан да төменгі дəрежеде.
Олар жылжымайтын мүліктерді сатады, ал өздерінде мұндай
мүлік жоқ. Үй сататын агентпен, инвестиция сататын агенттің
арасында үлкен айырмашылық бар. Мұндай жағдай, акциялар мен,
облигациялармен, өзара қорлармен, сақтандыру полистерімен
айналысатын брокерлерімен жəне қаржыны жоспарлау мамандарының
əрқайсысына қатынасы бар. Дұрыс маман табылғанша қаншама
адамдармен кездесуге болады.
Маған жұмысқа тұрғысы келген маманнан, мен ең алдымен оның
қандай мүлкі бар, өзінің қанша жеке акциялары бар, неше процент
салық төлейді, осылардың бəрін сұрап біліп алам. Осындай жағдай
менің бухгалтерім мен салық заңгеріме де толық қатысты. Менде өз
ісімен айналысатын бухгалтер бар. Бұл əйелдің мамандығы -
бухгалтерлік есеп, ал бизнесі жылжымайтын мүлік. Бірнеше менде
тағы бизнестер болды олар бизнеске маманданған еді, ал
жылжымайтын мүлікпен ақтайтын Мен оның қызметінен бас тарттым
себебі: біздің мақсаттарымыз əр түрлі еді.
Өзіңіздің мақсатыңызға сай жəне сəйкес келетін мамандарды
іздеңіз. Олардың көпшілігі уақытпен санаспай, үлкен қанағаттық
сезіммен Сізді қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп, ой-пікірлерін
айтып кеңестерін береді. Сөйтіп олар құнды капиталдық салымның
біріне айналады. Олармен əділ де жəне тура болу керек, сонда оларға
саған сондай тілмен жауап береді. Егерде Сіз оларға аз төлесеңіз онда
ол Сізбен жұмыс істеп қайтеді? Бұл қарапайым логика.
Мен жоғарыда айтқанымдай:басқару тəсілдеріне үйренудің бір
түрі- ол адамдарды басқару. Біреулер, өздерінен «ақымақ» дегендерді


немесе өздеріне жұмыс бабындағы бағыныштыларды ғана басқара
алады. Орта буын басшылары жұмыс бабында өспей, бір орында
тапжылмай отырып жұмыс істейді. мұның себебі: олар өз
қарауындағы бағыныштыларды ғана басқара алады, ал
жоғарыдағылармен қандай қарым- қатынаста болуды білмейді.
Ал, адамдарды басқарудың ең жоғарғы тəсілі-ол өзіңнен ақылды
адамдарды басқарып, бір сала бойынша оның барлық күш-куатын,
білімін сарқа жұмылдыру болады, əрине еңбегіне қарай, төлемі де
жоғары болуы шарт. Міне, сондықтанда компанияларда директорлар
кеңесі құрылады. Бұл да қаржылық тапқырлықтың бір саласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет