Bay ake kedey ake 1 Роберт Кийосаки



Pdf көрінісі
бет35/41
Дата19.01.2023
өлшемі1,48 Mb.
#61899
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
9. Батырларға қажеттілік.
Мен бала кезімде, бейсбол ойыншылары Уилли Мэйсомды, Хэнком
Аарномды, Йоги Берройды мақтан тұтатынмын. Бұлар менің
ең сүйікті ойыншыларым болды. Мен солардай болуды армандадым.
Мен үшін олардың бейсбол карточкалары, ең құнды зат болды. Олар
туралы барлығын да білгім келді. Барлық статистикалық мəліметтерді
білетін едім: олар қанша доп соқты, орта есеппен қанша доп соғады,
қанша ақша төлейді, атаққа қалай жетті. Қолыма бейсбол қолғабын
алғанымда, өзімді Йоги немесе Хэнком сияқты сезіненетінмін. Бұл
бірдеңеге ұмтылып, үйренудің тиімді түрлерінің бірі еді.
Батырларға еліктеу- тəрбиелеудің жақсы түрі. Өсе келе менің жаңа
батырларым пайда болды. Олар гольф ойыншылары: Питер Якобсен,
Фред Капез, Тайгер Вуде. Менде бұлардан да басқа еліктейтін адамдар
бар, мысалы: Қаржы алыптары-Дональд Трамп, Уоррен Баффет, Питер
Линч, Джордж Сорос жəне Джим Роджерс. Мен, бұлар жөнінде
де барлық статистикалық деректерді білемін.
Уоррен Баффеттің ақшаны қайда салатындығын қадағалаймын, оның
нарық туралы пікірлері жарияланған бірде-бір басылымдарды
құр жібермеймін. Мен, Питер Линчтің «Уоллстриттен асып түсу» атты
кітабын оқимын, онда өзі акцияларды қалай таңдап алатындығы
жөнінде жазған. Дональд Трамптың: əңгімелерді қалай жүргізеді,
мəліметтерді қалай жасайтындығы жөнінде де оқимын. Қаржылық
жұмыстарымды жүргізгенімде осыларға еліктеймін. Олар осындай
болса, мен неге олардай бола алмаймын, деген ой келеді. Сіз, өз
батырыңызды іздеп көріңіз, соның арқасында бұл мəселелер
қарапайым болып көрінеді.
10.Қайырымдылық қаблеттілігі.
Есіңізде болсын қайырымдылық қашанда, өзіңізге қайтып


оралады. Менің екі əкемде ұстаз еді. Жомарт бола біл, -деп үйретті
мені бай əке. Оқымысты əкем халық үшін көп еңбек етті, əсіресе білім
беру саласында, ол үшін өзінің білімі мен уақытын аяған емес. Ақша
бере алмады. Мен айтқанымдай: ол қашанда ақша берер едім, бірақ
менде артық ақша жоқ,-дейтін. Менің бай əкем басқалармен
ақшасымен де, білімімен де бөлісетін.
Ол: «Егерде бірдеңе алғың келсе, алдымен бер» дегенді
ұнататын. Ақшасы аз кездің өзінде, ол шіркеулерге, қайырымдылық
қорларға көмек беретін. Бұл, осы кітабымның негізгі өзегі. Егерде
Сізге бірдеңе «жетпесе» жəне оған Сіз «зəру» болсаңыз, оны алдымен
басқа біреуге беріңіз, сонда ол Сізге артығымен қайтып оралады. Бұл
жағдай тек қана ақшаға ғана байланысты емес, адамдардың қарым-
қатынастарының барлық түрлеріне қатынасы бар.
Мүмкін, Сізге бұл бір түрлі болып көрінуі ықтимал, бірақ осы
тəсіл маған қашан да көмектесетін. Мен осындай қайта оралып келу
принципіне сенемін, өйткені маған керектіні жұртқа берем. Маған
ақша керек, сондықтан оны берем, сөйтіп ол бірнеше есе болып
қайтып оралады. Мен тауарымды жақсы өткізуім керек, сондықтан
біреуге оның тауарын өткізуге көмектесем, сонда барып маған табыс
түседі. Маған байланыс керек, тағыда біреуге осы тұрғыдан
көмектесем-менде қажетті байланыс та пайда болады.
Ертеректе мен мынандай бір сөз естіп едім: «Аллаға ештеңе
қажет емес, бірақ адамдарға беру керек» Мен осы пиғылды қашанда
ұстанам.
«Кедейлер, байлардан асқан сараң»-дейтін бай əке. Егер адам бай
болса, жұртқа не қажет, соны береді, -деп түсіндіретін бай əке. Менің
өзіме керек ақша мен көмекті, мен жұртқа беруге ғұмыр бойы
тырысып келдім. Ол маған қашанда артығымен оралатын. Кімге қалай
көмектесу керек, не беру керек» деп ойланудың өзі, проблемаларды
шешуге көмектеседі. Егерде өзіме адамдардың салқын қарай
бастағанын сезсем, дереу олармен жылы амандасып, жақсы лебіз
білдіремін, сол уақытта менің маңайымда осындай сезімдермен
адамдар көбейе бастайды.
«Сіздің өміріңіз -ол айнаның көрсеткеніндей Сіздің өз бейнеңіз»-
деген сөз дұрыс. Сондықтан: «Қайырымдылық жасаңыз -ол адамнан
қайтады», -деймін.Мен, оқығысы келгендерді оқыта отырып, өзімде
оқып, көп біле түсемін.
Егерде, Сіз ақша туралы көп білгіңіз келсе, онда біреуді
оқытыңыз. Сонда Сізге жаңа идеялар келіп, біліміңіз одан да əрі
тереңдей түседі.


Менің əкем мұғалімдермен жұмыс істеп, олардың басшысы
болды.
Бай Əкем жастарды бизнеске оқытты.
Осындай жомарттықтары, оларды одан да əрі ақылды қылды. Өмірде,
бізден
əлдеқайда дана күштер бар. Жалғыз өзіңізде табысқа жетуіңіз мүмкін,
бірақ абзалы сондай күштердің көмегімен жету жеңіл болады. Өзіңізде
барды біреуге беруге аянбау керек сонда бұл күштер Сізге
қайырымдылықпен қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет