Bay ake kedey ake 1 Роберт Кийосаки


Бір мақсатқа үңілуді білушілік



Pdf көрінісі
бет34/41
Дата19.01.2023
өлшемі1,48 Mb.
#61899
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41
8. Бір мақсатқа үңілуді білушілік.
Салтанатты заттар активтер арқылы сатып алынуы керек. Менің
бір жолдасымның баласының жаман дағдысы бар еді- ол ақшаны
жөнсіз оңды солды жұмсау. Ол 16-ақ жаста еді, өзінің жеке
машинасының болғанын жақсы көреді. Бұл қылығын, ол: «менің
достарыма əке-шешелері машина алып берді», деп дəлелдейді. Өзінің
жинағандарын, қолма-қол ақша ретінде пайдаланғысы келеді. Сол
уақытта əкесі маған телефон соқты.
-Қалай, -деп ойлайсың? Мұны жасауға рұқсат берейін бе, əлде
басқа ата-аналар сияқты машина алып берейін бе?
-Мүмкін, бұл біруақытта проблеманы шешер, ал ұзақ мерзімді
тұрғыдан келсек, оны неменеге үйретесің, -дедім мен. Баланың өз
машинасы болғаны аңсауын, оны бірдеңеге үйренуге ынталандыру
үшін пайдалансақ қайтеді? Менің досымда бір идея пайда болды да, ол
үйіне кетті. Екі айдан соң, мен онымен тағы жолықтым.


-Қалай, балаң машина алды ма? -деп сұрадым мен.
-Жоқ. Бірақ, мен ол үшін 3 мың доллар ақша бердім- деді ол.
Мен, оған осы берген ақшаны пайдалан, ал сенің оқуың үшін жинаған
ақшаны жұмсама дедім.
- Үлкен жомарттық жасаған екенсің.
- Жоқ, олай емес. Ақшаны мен, оған бір шарт қойып бердім. Мен, сенің
ақылың бойынша, оның машина алғысы келгенін бірдеңеге
үйренуге бағыттауға тырыстым.
- Сонда, қойған шартың не? -дедім қызық көріп.
- Алдымен, сенің «егеуқұйрық жүгірісі» ойынын ойнадық. Содан
кейін, ақшаны ақылмен қалай жұмсауға болатындығы жөнінде
əңгімелестік. Сосын, мен оған "Wall Street Journal" басылымын жəне
құнды қағаздар нарығы туралы бірнеше кітаптарды сыйға тарттым.
- Ал, содан кейінше? Шарттың мəні неде?
- Менің балама айтқаным: бұл 3 мың доллар сенікі, бірақ оған
машина сатып алма. Бұл ақшаға: брокер тауып акциялар сатып алуға
болады, ол оны 6 мыңға жеткізгенде, 3 мыңын машинаға, қалған 3
мыңын оқуға жұмсауға болады дедім.
- Ия, одан не шықты?
- Алдымен оған сəті түсті. Бірақ, бірнеше күннен соң, барлық
ұтқандарынан айырылды. Ол одан сайын қызыға түсті. Қазір, ол 2 мың
долларды жоғалтқан тəрізді, бірақ қызығушылығы бəсеңдеген жоқ.
Мен берген кітаптардың бəрін оқып шықты, жаңаларын оқу
үшін кітапханаға барады. Ол «Wall Street Journal» журналының
барлық нөмірлерін оқып шықты, тағы басқа пайдалы ақпараттарды
іздестіруде. Теледидардан «Эм-ти-ви»дің орнына «Эн-би-си»-ді
қарайды. Қазір оның 1000-ақ доллар ақшасы қалды, дегенмен жаңа
білім алуға ынтасы орасан зор. Егерде, ол осы ақшасынан айырылып
қалса, тағыда 2 жыл жаяу жүретінін біледі. Оны бұл қынжылтпайтын
сияқты. Машинаны ойлауды тоқтатқан тəрізді, себебі: ол өзі үшін
жаңа бірдеңені көрді, жаңа ойынды білді.
- Ал, барлық ақшасынан айырылып қалғанда не болады?- деп
сұрадым мен.
- Сонда көрерміз. Жоғалтса қазір жоғалтсын, біздің жасымызға
келгенде емес, -деді ол. Оның сыртында мен, оның оқуына 3 мың


долларды ұлымды пайдаландым,-деп есептеймін. Оның қазіргі білгені,
оған ғұмыр бойы азық болады. Ол енді ақшаға басқа көзқараспен
қарайтын болды, оны орынсыз шашуды тоқтатты.
Мен айтқанымдай, егер адамның ішкі тəртібі жоқ болса, онда
оған бай болуға ұмтылушылықтың қажеті жоқ. Себебі: активтер
колонкасынан ақша ағымы теориялық тұрғыдан аса күрделі
болмағанмен, ақша жұмсаудағы өзіңнің беріктілігіңді тəрбиелеу өте
қиын. Қазіргі кезеңдегі дүниеге қызығушылық, салтанатты тұрмыс-
салтқа ұмтылушылық, ақшаны пассивтер қолонкасы арқылы жұмсап
жіберу оңай. Егерде Сізде іштей беріктілік болмаса, ақшаңыз өзіңіздің
тарапыңыздан қарсылықсыз оңды-солды жұмсалумен болады. Бұл
кедейліктің, сонымен қатар қаржылық тапқырлықтың жоқтығының
белгісі жəне сылтаулары.
Төмендегі мына мысалда: қаржылық тапқырлықтың цифрлармен
белгіленуге көрсетілген, яғни бұл жағдайда ақшаны оданда көп ақша
əкелу үшін, пайдалану қаблеттілігі көрсетілген.
Егерде, жылдың басында, біз 100 адамға 10 мың доллардан
берсек, менің ойымша, жылдың аяғында 80-інде ештеңеде қалмайды,
кейбіреулері жаңа қарыздар алады, себебі: олар ақшаларын машина,
мұздатқыш, теледидар, бейнемагнитофон немесе саяхатқа қолма-қол
ақшамен жұмсап жіберген; 16-нда бұл ақша 5-10 процентке өскен; 4-
інде бұл ақша, 20 мың немесе 1 миллион долларға айналған.
Біз мектепке, түбінде бір мамандық алып, сосын ақша үшін
жұмыс істеуге, оқуға барамыз.
Менің ойымша: ақшаны өзіне жұмыс істетуге мəжбүр етушілікке
оқу, қай оқудан болса да маңызы кем емес. Мені де басқалар сияқты
салтанатты тұрмыс қызықтырады.
Айырмашылығы сол: кейбіреулер мұны кредитке алады. Бұл
"көршімнен кем болмаймын" деген қызғаныш тұзағы. Мен «Порше»
машинасын сатып алуға шешкенімде, өз банкиріме телефон соғып,
маған кредит алу оңай еді. Бірақ, мен пассивтер колонкасын (бөлігін)
өсіргеннің орнына, активтерге назарымды аудардым. Бұл іске барлық
қаржылық тапқырлығымды жұмылдыра білдім. Қазіргі кезеңде, біз
ақшаны қалай жасауды ойланудың орнына, қарыз алғанды жақсы
көреміз. Бұл қысқа мерзімді тұрғыдан жеңіл, ал ұзақ мерзімді
тұрғыдан- түбі жаман. Бұл жаман дағды, алдымен адамдарда пайда
болып, артынан тұтастай мемлекеттерге де ауысқан.
Есіңізде болсын: кей жағдайларда жеңіл жол- ауырға, ал ауыр
жол-жеңілге айналады. Неғұрлым өзіңізді жəне жақындарыңызды өз
ақшаларына қожайын болуларын тезірек үйретсеңіз, соғұрлым жеңіл


болады.
Ақша- бұл ғаламат күш. Өкінішке орай, бұл күшті жұрттың
көпшілігі өздеріне қарсы пайдаланады. Егерде, Сіздің қаржылық
тапқырлығыңыз жоқ болса, ақша Сізді басып жаншып кетеді. Ол,
Сізден «ақылды»болады. Ал, егер ол Сізден ақылды болса, онда Сізге
ол үшін, ғұмыр бойы жұмыс істеуге тура келеді.
Ақшаның қожайыны болу үшін, одан ақылды болу керек. Ол
сонда Сізді тыңдайды. Ақшаға құл болудың орнына, Сіз оны
басқарасыз. Бұл да қаржылық тапқырлық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет