Осы мақсатқа жету үшін, мен Сіздерге қаржылық тапқырлықты
калай пайдалануға болады, соны айтып бердім.
Менің бір абзал досым
төрт баласын колледжде оқыту үшін,ақша жинаудың қаншалықты
қиын екенін айтты. Ол ай сайын өзара қорға 300 доллардан салып, 12
мың доллардай ақша жинаған екен. Оның есебі бойынша төрт балаға
400 мың доллар қажет екен. Оған 12 жыл уақыт керек. ең үлкен
баласы бұл кезде 6 жаста болатын.
1991 жылы Финиксте жылжымайтын мүлік нарығы ауыр
жағдайда еді. Жұрт үйлерін тегін бергендей болды. Мен өзімнің
класстас досыма, өзара қордың ақшасы есебінен бір үй сатып алуға
кеңес бердім. Бұл пікір оған ұнады. Мүмкіншіліктерді ойластыра
бастадық. Алдымен оны мазаландырғаны басқа үйді сатып алу үшін,
оның банктен алған кредиті жоқ еді. Мүлікті банксіз де алуға болады, -
дедім мен. Екі аптадай біз үй іздедік. Үйлер көп еді,
сондықтан
таңдап алу мүмкіншілігі мол болды. Ақырында бір жақсы жерден үш
201
бөлмелі үй таптық. Үй иесің жұмыстан қысқартқан екен, енді ол басқа
жаққа көшпекші. Ол үйге 102 мың сұрады, біз 79 мыңға ұсыныс
жасадық. Ол бірден келісті. Бұл үй кезінде жалпы сауда бойынша
алынған екен сондықтан менің досыма берешек ақша көлемі мен сату
бағасының айырмашылығы 7 мың долларды ғана қолма-қол төлеу
керек еді. Бұрынғы иесі үйді босатқан соң, ол үйді жалға берді.
Барлық
шығындарды төлеп, соның ішінде үйдің кепілдік құнын қоса
төлеп, ол аяғында үйді жалға беруден айына 125 доллардан пайда
түсіріп отырды.
1994 жылы Финиксте жылжымайтын мүліктің нарығы өзгерді, бұл үйге
енді тұрушылар 150 мың доллар берді. Жолдасым менімен
тағыда ақылдасты. - Əрине, сат,- дедім мен, бірақ салық төлеуді
тоқтата тұратын 1031 бабты (статьяны) ескере отырып сат.
Сөйтіп, ойламаған жерден онда 80 мың доллар ақша пайда болды.
Мен Техастағы бір танысыма телефон соқтым, ол бұл ақшаны бір
кішірек қоймаға салды. Үш
айдан кейін, менің досым ай сайын мың
долларға жуық чектерді ала бастады, бұл ақшалар колледж үшін өзара
қорға түсе бастады. Енді балалар үшін төлейтін ақша күн сайын емес,
сағат сайын өсетін болды.
1996 жылы ол, бұл қойманы 330 мың долларға сатып жіберіп, оны
айына үш мың доллар пайда түсіретін басқа іске салды, айына
түсіп тұратын үш мың долларды тағыда солай өзара қорға салды. Енді
менің досым осылай 400 мың долларды табатындығына еш күмəні
жоқ, ал мұны бастау үшін 7 мың ғана доллар жəне біразырақ
қаржылық тапқырлық керек болды. Енді оның балалары қандай оқуды
қаласа, соны ала алады, ал бастапқы актив
негізінде құрған өзінің
корпорациясын, өзі жұмыс істемеген кезінде пайдаланады. Осындай
ұтымды инвестицияның нəтижесінде, ол зейнетке ерте шығуға
мүмкіншілігі бар.
Бұл кітапты оқып шыққаныңыз үшін Сізге көп рахмет.
Сөйтіп, ақшаны қалай өзіңе жұмыс істетуге болатындығы
жөнінде, Сіз бірдеңелерді білдіңіз, -деп сенемін. Қазіргі кезеңде өмір
сүру үшін, мүмкіншілігінше қаржылық тапқырлықты қалайда көп
қолдану керек. Қаржылық тəжірбиесі жоқтар ғана ақшаны тек қана
ақша жасайды, -деп есептейді.
«Тəжірбиесі жоқ» деген -ақымақ деген сөз емес. Олар табыс табу
ғылымын игермегендер. Ақша бұл идея ғана.
Егерде Сізде көп ақша
болсын десеңіз, ойлану тəсіліңізді өзгертіңіз.
Əрбір адам өмірде бір нəрсеге қолын жеткізе алған болса, ол
кішкентай идеядан бастап, зор іске жете білгендігінін дəлелі.
Инвестиция жөнінде де осындай пікір айтуға болады. Ғұмыр бойы
пайдалы мəмілені немесе жақсы жағдайларды күтіп ақша жинаған,
текке уақыт өткізген талай адамдарды білемін. Мұны мен онша
ақылды іс, -деп есептемеймін.
Кейбір инвесторлардың бар жиғандарын бір-ақ мəмілеге
(сделкаға) салып, соңынан бəрінен айырылып қалғандарының талайын
білемін. Мүмкін ондайлар жұмысты жақсы істеуді білетін шығар, бірақ
ақша салуды емес. Қаржылық сауаттылық өте маңызды. Егерде
Сіз
мұны неғұрлым ерте бастасаңыз, солғұрлым жеңіл əрі пайдалы
болады. Кітаптар сатып алыңыз. Семинарларға барыңыз. Біліміңізді
практикада қолданыңыз. Кішкентайдан бастаңыз. Мен қолма-қол бес
мың долларды миллиондаған активке айналдырдым, міне алты жыл
бойы, олар маған айына 5 мың доллар пайда келтіруде.
Рас, мен бұған бала кезімнен үйрендім. Мен Сізге оқыңыз, -деп
кеңес берем -бұл соншалықты күрделі де емес, менің айтарым: егер
мағынасын түсінсеңіз, оның соншалықты қарапайым екенін
аңғарасыз.
Меніңше жеткілікті айттым ғой, -деп есептеймін.
Сіздің қолыңыздағы -Сіздің басыңызға байланысты.
Есіңізде
болсын ақша -бұл небəрі идея қиял ғана. «Ойлан жəне бай бол» деген
тамаша кітап бар. Назарыңызды аударыңызшы: «Жұмыс істе жəне бай
бол» деген емес. Ақшаны өзіңе жұмыс істете біл, сонда сен бай
боласың. Қазіргі кезеңде еппен емес, ақылмен қимыл жасау керек.