Bay ake kedey ake 1 Роберт Кийосаки



Pdf көрінісі
бет7/41
Дата19.01.2023
өлшемі1,48 Mb.
#61899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
Бірінші серіктестік
Келесі күні əкеммен болған əңгімені, ең жақсы досым Майкке
айттым. Майк екеуімізде, осы мектепте оқитын кедей отбасыларынан
едік. Ол да мен сияқты, тағдырдың қызық қалтарыстарына
байланысты, осы мектепке окуға келген еді.
Біреудің мектеп шекарасын біз тұратын көше арқылы өткізуіне
байланысты, байлардың балаларына арналған мектепке бардық.
Шындығында, біздер соншалықты кедей де емес едік, бірақ бізге
солай көрінетін, себебі: бізден басқа балалардың барлығында да жаңа
бейсбол қолғабтары, жаңа велосипедтері барлығы жаңа болатын. Əкем
мен шешем бізге қажеттінің бəрін берді: ас, киім, үйіміз болды. Бірақ
одан артық ештеңе жоқ.
Менің əкем: “Егер саған бірдеңе қажет болса, оны сен еңбекпен
табуың керек”, -дейтін. Бізге көп нəрселер қажет еді, алайда 9 жасар
балаға көп жұмысты кім береді?
Біз ақшаны қалай істейміз?, -деп сұрады Майк.
Мен білмеймін, -дедім. Ал, сен маған серік болғың келе ме?
Ол келісімін берді, сөйтіп сол сенбінің таңында маған тұңғыш
бизнес-серіктес пайда болды.
Біз таңертеңнен бері, ақшаны қалай жасау керектігі жөніңде
жоспар құрумен болдық. Кей уақытта, біз теңіз жағалауында тұратын
Джимми сияқты “байларды” еске алдық. Бізге бұл біршама өкінішті
еді, бірақ осы өкініш бізді баю жолына ынталандырушы күш болды.
Бір кезеңде, бізге түстен кейін бір ой келді. Бұл пікірді Майк бір
ғылми көпшілік кітаптан оқыған екен.
Біз бір-бірімізге үлкен үміттілікпен қарастық, сөйтіп біздің
серіктестігімізде-өз ісіміз пайда болды.Содан кейін, біз бірнеше апта
бойынша көрші-көлемдерді, үйлерді аралап, босап қалған тіс
тазартқыш пасталардың тюбиктерін (шөлмек) бізге берулерін өтіндік.
Алдымен бұған үлкен адамдар таң қалып, содан кейін күлімсіреп
келісімдерін берді. Кейбіреулері біз не істемекшіміз, -деп білгілері
келді. Оларға біз: “Оны біз сіздерге айта алмаймыз. Бұл


коммерциялық құпия” , -дедік.
Бір кезде шешем мазасыздана бастады, себебі: біз жинаған
заттарымызды коюға, оның кір жуатын машинасының тұрған жерін
қалап алып едік. Əртүрлі қажетсіз заттар салынған қағаз жəшіктің
жанында, біздің жинаған тюбиктеріміз күннен-күнге көбейе бастады.
Бір күні шешемнің шыдамы таусылды. Оны күнде өздері лас əрі
майысқан тюбиктерді көру тойдырған білем.
-Бізден, осы сендер не істеп жүрсіңдер?”-деп сұрады.
Маған қайдағы бір “коммерциялық құпия” дегенді қойыңдар. Бəрін
тез шығарыңдар, əйтпесе мен барлығын лақтырып тастаймын”,- деді.
Біз, Майк екуіміз жалынып, жақында ойымызды іске асыру
мақсатында, əліде болса жеткілікті материалдарды жинап алу үшін,
уақыт керек, -деп түсіндірдік. Шешем бізді аяп тағыда бір аптаға
рұқсат етті.
Осылай ісімізді тездетіп бастауға сыртқы жағдайлар түрткі
болды. Өйткені, жұмыс атқарушы серіктестік ретінде, қойма жөнінде
менің шешемнің тарапынан алғашқы ескерту алдық. Енді Майкке
көршілерді тездетіп паста тюбиктерін босатуды, ол үшін тістерін жиі
тазартуды өтіну міндеті енді. Мен өндіріс орнын жинақтауға кірістім.
Бір күні əкем, бір досымен үйге келіп, аулада бар ынтасымен
жұмыспен айналысып жатқан тоғыз жасар екі баланы көреді.
Маңайымыздың бəрі ақ ұнтақтармен қоқыстанған еді. Ұзын үстелдің
үстінде пайдаланудан кейін, мектептен алып келген бос сүт
пакеттерін, жанында грильде алаулап тұрған қызыл шоқтарды көрді.
Əкем баяу қимылдап, бізге жақын келді. Машинасын есік алдында
тастауға тура келді, себебі гаражға қоюға біздің өндірісіміз жол
бермеп еді.
Ол досымен жақынырақ келіп, шоқ үстіндегі қазандықта тіс
тазартқыш тюбиктердің балқып еріп жатқанын көрді. Ол кезеңде паста
тюбиктері пластмассадан емес, жезден жасалатын. Олардың бояуын
отпен өшіріп, қазындыққа салып балқытып ертіп, содан кейін оны сүт
пакеттеріне арнайы тесік арқылы құя бастадық. Картонды жəшікте
гипс бар болатын. Сумен араластырылған сол ұнтақ маңайымызды
аппақ қылған еді. Мен абайсызда қапшықты құлатып алғанмын,
сондықтан маңайымызда ақ боран соққандай еді. Гипстен біз құю
қалпын жасадық.
Əкем біздің балқыған жезді, гипстен жасалған қалыпқа қалай
құятындығымызды бақылап тұрған.
-Ақырын, байқа, -деді. Мен үндемей басымды изедім. Бір


уақытта жұмысымызды аяқтап, қазындықты орнына қойып, əкеме
қарап жымиып.
-Балалар, сендер не істеп жатырсындар?, -деп сұрады ол
күлімсіреп.
-Біз сенің айтканыңды жасап жатырмыз. Біз бай болғымыз
келеді, -дедім мен.
-Солай, -деді Майкте басын изеп. Біз серіктеспіз.
-Ал, мынау гипстік қалыптарда не бар?, -деді ол қызықтап.
-Абайла, -дедім мен. Жақсы партия болуға тиіс. Содан кейін
кішкентай балғамен, қалыптың екі жымдасқан жерінен ұрып, жоғарғы
бөлігін босаттым. Қалыптан жез тиын түсті.
-О, Құдай, -деді əкем. Сендер жезден ақша жасап жатырсыңдар
ма! -деді таңданып.
-Дəл өзі, -деді Майк мақтанышпен.
-Біз, Сіздің айтқаныңызды, істеп жатырмыз. Біз ақша
жасаудамыз. Əкемнің досы теріс айналып, шек-сілесі қатып күлді.
Əкем жымиып, басын шайқады. Ол жанып тұрған грильді,
тюбиктермен толы қағаз жəшікті, үсті-бастары ақ ұнтаққа былғанған, өз
істеріне мəз, біз екеуімізді кезімен шолып шықты.
Əкем, бізге істеп жатқан жұмысымызды тоқтатып, өзімен бірге
есік алдына келіп, отыруымызды сұрады. Ол бізге жалған ақша
жасаушылардың кім екенін байыппен түсіндірді.
Біздің арманымыздың тас-талқаны шықты.
-Сіз мұны заңсыздық дегіңіз келе ме? -деді Майк даусы дірілдеп.
-Ойнай берсін, -деді əкемнің досы.
-Мүмкін бұл олардың табиғи қабілеттіліктері болар. Əкем оған
ренішпен қарады.
-Ия, бұл заңсыздық, -деді ол , ақырын. Дегенмен, сендер өз
ойларыңды көрсете білдіңдер, ерекше ізденістерін мен жан-жақты
ойлану қабілеттіліктеріңді көрсеттіңдер, -деді. Ойлануды осылай
жалғастыра беріңдер. Мен, шындығында сендерді мақтан тұтам.
Біз, Майк екеуіміз ренішті түрде 20 минуттай үнсіз отырдық та, сонан
кейін заттарымызды жинастыра бастадық. Сөйтіп, біздің


өндірісіміз ашылған күні жабылды: Қоқыстарды жинастыра жүріп, мен
Майкке қарап: “Ия Джимми жəне оның достарынікі шындық. Біз
кедейміз”, дедім. Бұл уақытта менің əкем кетіп бара жатқан.
-Балалар, -деді ол- егерде сендер тез берілсеңдер, онда кедей
боласындар. Ең негізгісі, сендер бірдеңе істедіңдер. Көп адамдар бай
болғысы келетіндіктерін армандап айтумен ғана болады. Ал, сендер
бұл үшін бірдеңе істедіңдер. Мен қайталап айтамын, мен сендерді
мақтан тұтам. Тоқтамаңдар. Күресті жалғастырыңдар. Біз, Майк
екеуіміз үнсіз тұрдық. Мұны есту бізге қуанышты еді, сонымен бізге
не істеу керек?
- Ал, папа сен неге бай емессің?,- деп сұрадым мен. Мен мұғалім
болуды ойлағанмын. Мұғалімдер баю туралы ойламайды. Бізге оқыту
ғана ұнайды. Мен сендерге көмектескім келді, бірақ, шындығында
ақшаны қалай жасау керек екенін білмеймін. Біз алаңды жинастыруды
əрі қарай жалғастырдық.
- Балалар егер сендер бай болғыларың келсе, менен сұрамаңдар.
Майктің əкесіне барыңдар,- деді сөзін жалғастырып.
- Менің əкеме ме?, -деді Майк таңданып.
- Ия, сенің əкеңе,- деп жауап берді менің əкем күлімсіреп.
Екеуіміздің банкиріміз бір адам. Ол сенің əкең туралы ең жоғарғы
пікірде. Сенің əкең ақша жасаудың жолдарын тамаша біледі, -деп
айтқанын бірнеше рет естідім.
- Ол, менің əкем бе? -деді Майк сенімсіздікпен.
- Ал, олай болса, онда бізде бай адамдардың мектептегі балалары
секілді тамаша машина немесе үлкен үй жоқ?
- Жаңа машина жəне үлкен үй, қайткенде де сенің бай жəне
ақшаны калай табу керектігін білетіндігінің белгісі емес,- деп жауап
берді əкем.
Джиммидің əкесі қант плантациясында жұмыс істейді. Оның
менен айырмашылығы шамалы. Ол компанияға жұмыс істесе, мен
мемлекетке кызмет етем.
- Компания оған машина сатып алып берді. Бұл компанияның
қазіргі кезеңде қаржылық проблемалары (қиындықтары) бар, енді
жақында Джиммидің əкесінде ештеңе болмайды.
Ал, Майк, сенің əкең ондай емес. Ол меніңше өз империясын
құруда, бірнеше жылдардан кейін, ең бай адам болады. Бұл сөздер


Майк екуімізді қайта қызықтыра түсті. Біз қосылып жасаған
шаруамыздың қалдықтарын тездетіп жинастырып, Майктің əкесімен
қашан жəне қай жерде кездесіп сөйлесуіміз туралы ақылдастық. Оның
қиындығы, ол кісі көп жұмыс істейтін, үйіне өте кеш оралатын. Ол
кісіге көптеген қоймалар, құрылыс компаниясы, бірнеше дүкендер
жəне үш ресторан қарайтын. Осы ресторандар үшін, ол жұмыста
түнге дейін болатын. Ауланы жиыстырып болғаннан кейін, Майк
автобусқа мініп үйіне кетті. Ол сол күні кешке əкесімен, бізге қалай
бай болуды үйрете ме, əлде жоқ па?- соны сөйлесіп, білуге асығып еді.
Өте кеш болсада, Майк əңгімеден кейін маған телефон соғуға уəде
етті. Кешкі 8.30 телефон соғылды.
- Тамаша,- дедім мен, келесі сенбіде, деп телефонды орнына
қойдым. Майктің əкесі бізбен кездесіп, əңгімелесуге уəде қылды.
Міне, сенбі күні таңғы 7.30 мен автобусқа мініп, қаланың кедейлер
тұратын бөлігіне тарттым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет