«Баяғы күнің елестей, Келмеске кетті айналып. Орыспен төбе теңеспей, Алған беттен таймалық!»


Өлеңдері оқылыады (Студенттер оқиды)



бет2/3
Дата02.12.2022
өлшемі31,18 Kb.
#54441
1   2   3
Өлеңдері оқылыады (Студенттер оқиды)


2-ші баянама. САРЫШОЛАҚ ШЫҒАРМАЛАРЫ – ШЫНДЫҚТЫҢ АЙНАСЫ
Ұлы Абайдың шындық мәселесін бірінші орынға қойғаны баршаға мәлім. Абай өзінің қара сөзінде де, өлеңдерінде мұны қадап айтады. Мысалы, қара сөзінде: «Кімде-кімнің әділеті жоқ болса, оның иманы жоқ» десе, өлең сөзінде:
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және сүй хақ жолы деп Әділетті, - дейді.
Абайдың осы ой тұжырымның үдесінен шыққан ақылы кеніш Сарышолақ та:
Шындық үшін жанталас,
Бұйырсын десең иманың.
Сұлулық көзі – сан тарау,
Дұрыстық серті – иланым, - дейді.

Ақын өз көзімен көргендерін ғана өз өлеңіне арқау етті. Патшалық Ресей отарлау жолында от шашқан қаруын ғана емес, жымысқы айла-шарғысын шебер пайдаланды, екіжүзді саясат жүргізді. Билікті генерал-губернатор уезд бастықтарына беріп қана қоймай, ел ішінен болыс, старшын, тілмаш дегендерді шығарып, қапталына алып, қол жаулығы етті. Мұндай лауазымды орындарға өз жұртын сатқан екіжүзділерді алды. Бұл жайт тарихтан белгілі, өмір шындығын Сарышолақ қалай суреттеді, соны қарастырайық:
Дұрысын айтсақ болысқа
Сөзіңді тыңдар немкетті,
Немкеттінің белгісі
Шен үшін ат терлетті,
Күпіне ісіп еліне
Көрінбекші келбетті.
Мұндай болыстар хақында дана Абай былай деген еді: «Ол болыс болғандар өзі қулық , арамдықпен болыстыққа жеткен соң момынды қадірлемейді. Өзіндей арам, қуларды қадірлейді, өзіме дос болып, жәрдемі тиеді деп, егер қас болса, біртүрлі өзіме де залал жасау қолынан келеді деп». Сарышолақтың айтуынша:
...Параменен мал кетті,
Бұрынғы байдан әл кетті,
Тілін тауып ояздың
Тілмаштар кербез әндетті.
Тілмашы осындай, ал биі мынадай:
Ішпей- жемей мал жиып,
Көзін салд бай- пақырға.
Параменен би болды,
Бала менен қатынға.
Биасылдан би болса,
Залалы тиед жақынға,
Қосуынан туған ғойын нар
Аузын салды тақымға.
Ақын басқа да бірсыпыра толғауларында отарлаушылардың елді басқару, билеу тәртібіндегі қолданып отырған адамгершілікке қайшы іс- әрекетін ашып көрсетеді.Ізгі ниетті адамдар қуғын-сүргінге түсіп, олардың орнына алаяқ қулар, берекесіз сұмдар келгенін, ондай тексіздердің ойлайтыны қарақан қара басы, қалтасының қамы ғана екенін, осы үшін елін сатып жіберуге дейін баратынын көпшілік алдына жайып салады.
Жайлауым күнде тарылды,
Ат үстінен ойқастап
Күле тыңдайд зарыңды,
Өзіңе басшы сайлады
Араңда жүрген залымды,
Өзіңнен туған көрдемше
Сақалдан алды шалыңды,
Аяққа басты арыңды.
...Құл-құтан билік жүргізді-ау
Маңдайыма не жазбақ,
Қайда қылған еңбегі
Жақсының түбі неге азбақ?
Сарышолақтың бұл өлеңдері зар заман заңғарлары Дулат, Шортанбай, Мұратпен де үндес.
Дулат:
Би, старшын мойнына
Жезден, қарғы тағынды;
Аға сұлтан қазылар
Майырға болды жағымды, – [19.85]
десе, Мұрат ақын:
Замана қайтіп түзелсін
Қоңсыдан туған би болды,
Бұ сықылды күй болды
Көрген жұртқа таң болды,
Азамат ердің баласы
Айдарына малы жоқ
Топ көрерге зар болды,
Қара кісі хан болды,
Қоспақтан туған қортықша
Қатарға шығып нар болды, – [20.619]
Шортанбай ақын:
Аяқты қия басу жоқ
Орыстың салған жолы бар,
Емін-еркін заман жоқ
Ендігі жүрген жігіттің
Маңдайының соры бар[21.19], –
деп замана көрінісін шыншылдықпен көрсеткен еді.
Сарышолақтың жоғарыда оқылған аз ғана өлең жолдарының өзі-ақ көп нәрсені аңғартады. Оның өз кезіндегі әлеумет өмірінің айнасы болып, өз заманының алдыңғы қатардағы әлеуметтік ой-санасын жинақтай білгендігін көреміз. Сарышолақ шығармалары арқылы патшалық Ресей отаршылдарының біздің Ақтөбе жеріндегі іс- әрекетін және оны өткен ата-бабаларымыздың қалай қабылдағанын бұрынғыдан тереңірек түсінеміз. Әрі шайыр қалдырған мұра әлі күнге шейін «ұлы орыс халқының отарлауы арқасында ғана біз тағылықтан, надандықтан арылдық, мәдениетке қол жеткіздік» деп жүргендер үшін сабақ болмақ. Сарышолақ өзіне дейінгі ақындарша халық жырлары үлгісіндегі мазмұны арман-қиялға құрылған шығармалар шығармады. Ол өз туындыларында қазақ әдебиетінің сәбилік дәуірінен келе жатқан көтере әсерлеуден бойын тартты. «Ақиқат-адам иманы» деген шайыр әрбір суреттелген көріністің негізінде шындық жатуы керектігін басты принцип ретінде ұстанды. Осы жолдан таймады. Шын мәніндегі реалист-ақын болды.
Ол сондықтан да өзі жайлы:
Шын сөздің әрқашанда беті ашық
Сөзімді тыңдамаққа жұртым асық...
Елімнің арқасында нөсерледім
Жүремін өлең сөзден шашу шашып.
Немесе,
Сөз саралап, пысықтап
Бұралқы сөзге ермедім,
... Туралап айттым шын сөзді
Халқым болды сенгенім,
Сүйенген соң халқыма
Еш қағу сырттан көрмедім, –
десе, Былшық биге:
Қарамас шындық тағыңа
Әділдік әркім бағына,
Шындық болсын саған серт
Жамандық бермей жағыңа, –
дейді.
Бірде шындықтан ауытқи бастаған Мырзағұл биді:
Пайда болды бойыңда,
Тәкаппарлық, менмендік.
Не бар сонда ойыңда
Қайда кеткен көргендік?
...Осы істен тыйылсаң
Адалдыққа сыйынсаң,
Айтқанға ерлер жүреді
Не тозаққа бұйырсаң,-
деп тура жолға бастайды.
Тіпті оның көркемдік қуаты күшті «Намыс» атты поэмасында да шындықтан шашау шығып кету жоқ, өмірден ойып алынған сюжетке құрылған. Сол туындысын ақын былайша аяқтайды :
Тойламаққа жеңісті
Өзенге халқым жиналды-ай,
Сарышолақ сілтер өлеңді
Нөсерлеп жауын құйғандай,
Көзбенен көрдік барлығын
Кім қалар бұған иланбай!
Кенен ойдың иесі Сарышолақ тіршілігінде негізінен екі нәрсеге ерқа сүйеді. Оның бірі – шындық та, екіншісі – туған елі еді. Бұл пікіріміздің куәсі оның:
Ретті жерде нақылдап
Сермедік солай сермедім.
Еркелеткен Сәкелеп
Халқым болды сенгенім,
Немесе:
Талайлары тосылды
Қырғидан бүре төнгенім,
Мақтанып әсте не етемін
Жақ аштырмай жеңгенім,
Барлығы елім арқасы
Қас жүйріктей желгенім, –
Бұдан да әрі кетіп,
Құланда – қия, құста – ұя,
Болады ер жігіттің өз Отаны
деген сөздері болса керек.
Тағы бір назар аударатын нәрсе – Сарышолақтың

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет