Баяндама «Қазіргі отбасындағы еңбек және гендерлік рөлдердің бөлінуі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі»



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі24,67 Kb.
#15042
  1   2
Байланысты:
Баяндама


Баяндама

«Қазіргі отбасындағы еңбек және гендерлік рөлдердің бөлінуі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі»

Қазіргі кезде қоғамдағы және отбасындағы әйел мен ердің орны туралы түсініктер мен көзқарастар, стереотиптер мен әлеуметтік үрдістер ерекше өзекті мәселеге айналып отыр. Себебі бүгінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін зорлықсыз өмір cүрудің жолдарын іздеу аса маңызды. Осындай жағдайда гендер мәселесін дәстүрлі дүниетаным шеңберінде қарастырудың қажеттілігі туындайды. Өйткені ер мен әйелдің қоғамдық рөлі жайлы ұғым мен ұстаным ұрпақтан ұрпаққа дәстүр бойынша жалғасып келе жатқан, тамыры тереңге кеткен түсініктер негізінде қалыптасады.

Бұл түсініктер қоғам дамуының ұзақ тарихы бойында дамып отырады және оның тарихи, экономикалық, саяси, психологиялық және діни қырлары бар.


Қазақстанда қазіргі кезде жүріп жатқан әлеуметтік – экономикалық, мәдени, саяси өзгерістер көптеген қоғамдық мәселелерді қайта қарауды қажет етеді. Солардың ішінде өзекті мәселелердің бірі – гендер мәселесі. Қазақстанның нарықтық экономикалық қатынасқа өтуі еңбектің гендерлік бөлісіндегі қайшылықты шиеленістіре түсті.
Қазіргі таңда әлемде әйел бейнесін жаңа өркениет негіздерін қайта қарауды талап етеді. Қазақстан Еуропа мен Азияның ортасында орналасқандықтан, осы екі жақтың да ықпалына басқа Орталық Азия елдерінен гөрі қаттырақ ұшырайтыны анық. Гендерлік қатынастарға қатысты халықтың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ халқының дәстүрлі құндылықтар жүйесін, еркек пен әйелдің қоғамдағы орны мен рөлі туралы түсініктер жүйесінің эволюциясын зерттеуі қажет. Ал енді сол мәселенің түп тамырын білу үшін жалпы гендер деген не, ол қайдан шықты және оның қазақ қоғамындағы болып жатқан үрдістерге әсері қандай екенін қарастыру қажет.

Гендер («gender» ағылшын тілінен ауд. «род», «тек» деген мағ. білд.) – бұл, биологиялық емес, әлеуметтік жағдайларға (қоғамдық еңбектің бөлінуі, спецификалық әлеуметтік функциялар, мәдени стереотиптер) тәуелді әлеуметтік жыныс, әйелдер мен еркектер арасындағы айырмашылықтар. Танымал ағылшын социологы Энтони Гидденс «Социология» атты еңбегінде: «Гендер дегеніміз – еркек пен әйел арасындағы дене бітімінің айырмасы емес, ер азаматқа тән қасиеттер мен әйелдік болмыстың әлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан өзіндік ерекшеліктері» деп анықтама беріпті Алғашында гендерлік зерттеулер батыста жүргізілді: Америкада, Англияда, Франция және Германияда. Ресейлік және Қазақстандық психологиялық әдебиеттерде «гендер» термині өте сирек кездесетін. Бүгін жағдай өзгеріп барады: гендерлік зерттеулер адам жайлы ілімнің барлық негізгі аймақтарына кіре бастады. Біреулері «гендерлік зерттеулерді» әйелдердің мүддесі үшін әйелдердің әйелдерді зерттеуі деп түсінеді. Бірақ бұл дұрыс емес, көптеген жағдайларда әйел затының құқықтары жерге тапталып жатады, сондықтан әйел құқығына байланысты мәселелер туындап, гендерлік зерттеуледе көрініс тауып жатады. Осындай жынысқа байланысты дискриминация жағдайларын болдырмас үшін де гендерлік саясат жүргізіледі.
Өз елімізге келетін болсақ, қазақ әйелдерінің құқықтарын қорғайтын мынадай құжаттар бар. Қазақстан Республикасының Конституциясы жыныс белгісі бойынша дискриминацияға тиым салады. Қазақстан 1981 жылы ЮНЕСКО-ның «Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық формаларына жол бермеу жайлы конвенциясына» қол қойды, ал 1998 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының әйелдерге қатысты дикриминацияның барлық формаларын тоқтату жайлы конвенциясына қосылған болатын.
Дәл қазіргідей ашық қоғамда заман талабына сәйкес қоғамдағы ер азаматтар мен арулар әлемі гендерлік саяси көзқараспен қарасақ, теңескендей. Әйтсе де, қазақ қыздарының бүгінгі күнгі тәуелсіз қоғамымыздағы орны қандай?
Бұрынғы даналардың жазғандарына көз жүгіртсек, көбі әйел адамды тек «шаңырақтың сақтаушысы», «бала күтушісі» ретінде ғана қарап, қоғамдық жұмыстарға араластырмаған. Қазіргі заманда әйел адам қоғамдық жұмыстардың барлық түрінде, билік басында да, жеке кәсіпкерлікке де, әскери іске де, ғылымға да араласып жүр. Дегенмен, мәселе әйел адамдардың осы іс-әрекет түрлеріне қандай дәрежеде араласып жүргенінде.
Дінімізде әйел заты күнкөріс қиыншылығынан, уайымынан босатылған. Әйел жұмыс істеп, зорығып ақша табуға, бұл үшін бес уақыт намазын қалдыруға, басын, қолдарын ашып немесе еркектердің арасына араласып күнә істеуге мәжбүр емес. Барлық нәрсені оның аяғына алып келу мәжбүрлігі бар. Дініміз оны осылай қадірлеген. Мұсылман әйел сауда, ғылым, өнеркәсіп және құрылыспен айналысуға мәжбүр болмаса да, мұнымен шұғылдануы, ақша табуы күнә емес, өз қалауымен жұмыс істеуіне болады. Отбасында да, қоғамда да еркек пен әйелдің тең емес екенін айтқым келеді. Себебі ер адам әркез әйел затынан бір саты жоғары тұрары хақ. Әйелдердің еркектермен жарысып жұмыс істеп, ақша табуын дұрыс деп санамаймын. Себебі әйел адам уақытын бала тәрбиесіне арнау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет