Баяндама Шағын жоба


БАҚ-тың сыбайлас жемқорлықты жоюдағы үлесі



бет4/5
Дата12.07.2023
өлшемі40,71 Kb.
#104238
1   2   3   4   5
БАҚ-тың сыбайлас жемқорлықты жоюдағы үлесі.
Сыбайлас жемқорлықты жоюға септігін тигізетін тағы бір жол – қолында билігі бар жандардың барлығында өз табысын жария етуге мәжбүрлеу. Олар өздерінің табысын халықтан жасырмау. Бұл бағытта да БАҚ-ның рөлі зор. Тек оны анықтап, жариялату қиыннның қиыны. Басқаша айтқанда, жергілікті БАҚ жергілікті билікке тәуелді. Десек те, БАҚ шамашарқы жеткенше дабыл қағып қалуда. Мысалы, Қазақстанда базарлардың жаппай өртену БАҚ – да тарқатыла жазылды. Сондықтан қайсы бір облыстық қалалық және аудандық деңгейлердегі биліктегілер тарапынан сыбайлас жемқорлық торын құрып, мемлекет қаржысын талан – таражға салғандығы әшкереленді. Парламент сенатының депутаты, жазушы Жабал Ерғалиевтің Егемен Қазақстан газетінде Тоғышар санаға сілкініс керек атты мақаласы жарияланған болатын. Мақалада БАҚ – ның, жұртшылықтың және “Нұр Отан” партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен күресінің негізгі бағыттары нені айқындауы керектігі туралы өте тартымды айтылған. Нұр Отан партияның 2015 – 2025 жылдар аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының мән-мағынасы талданған.
«Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жандандыру жөніндегі бағдарламасында өте дәл әрі анық әрі нақтылы айқындалып отыр. Бағдарламада айтылғанда «сонымен бірге, азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениет, сыбайлас жемқорлықты жуытпайтын тұрақты иммунитет, оны жариялы түрде айыптау болуы керек. Әр қазақстандық әр отбасы сыбай жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның, әр азаматтың ісі екенін түсінуі керек. Сондықтан бала күнінен бастап Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көрегенділік пен адалдыққа тәрбиелеу керек деп өте орынды айтылған пікірлер. Ендігі күні бұл қағидаттар әрбір Қазақстан азаматтарының өмірлік қағидаттарына өмір сүру заңы есебіндегі ұстанымына айналуы керек. Бұл үшін күнбе-күнгі тәрбие мен түсінік жұмыстары өз дәрежесінде болуы керек. Өйткені, біз ендігі арада ұлттың өкениетті дамуына кедергі келтіретін жағдай ретінде бұл құбылысқа қарсы құлшынысты күшейтіп, жемқорлықты, мінез-құлақтан жоюға тиістіміз.
Отан тағдыры үшін аса қажетті бір саналық критерийге жету үшін бұған әуелі әр отбасы және білім беру салалары зор мүдделік танытулары қажет. Және де жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын мектеп тәрбиесінен бастағанды абзал санай отырып, сол тәрбие мен білім берудегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйені құру үшін педагогика, психолгия, құқықтану, саясаттану, экономика, мәдениеттану, сондай-ақ әлеуметтану салаларының ең үздік мамандарын тарту қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүргізу мен білім берудегі негізгі мазмұн «заң», «әділдік» және «тең құқық» сияқты іргелі түсініктермен тығыз ұштасуға тиісті. Ең әуелі әрбір қазақстандықтың қоғам мен мемлекет үшін сыбайлас жемқорлықтың қауіпін түсіну, сонан соң сыбайлас жемқордың жағымсыз бейнесін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық әрекеті мен моралінен бас тарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы өмір салтын қалыптастыру, құқықтық нигилизмді жеңу басты міндет болуы керек. Осындай дәйекті де жүйелі әрекеттер болғанда ғана қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа деген «нөлдік» сенім қалыптасары анық. Жалпы халықтың партия саналатын «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасаудың аса маңыздылығы мен өзектілігі және қоғамның барлық күшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күреске жұмылдыру қажеттілігіне дер кезінде баса көңіл бөлуі құптарлық іс – әрекет. Жасыратындығы жоқ, себебі, қолында билігі мен байлығы, құрығы мен қаржысы бар ықпалды сыбайластарға не істей алар екенбіз, дегендей қоғамда алаңдаушылық болды. Өйткені, бір кездері «егер де бір мекеменің қатардағы біреуі парамен қолға түссе, сол мекемені басқарып отырған басшы өз орнынан өз еркімен кетуі керек»,-деген де пікірлер айтылды. Ол бірде орындалса, бірде орындалмай жатты. Ал, мұның өзі өз кезегінде келіп, қоғамнын жемқорлыққа қарсы күресу сенімін әлсіреткені де рас тұғын.
Қазіргі уақытта қоғамды экономика және мемлекеттік қызмет пен басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық көбірек алаңдатып отыр. Қарапайым қағидаға сүйенер болсақ, экономика әркімнің тіршілігі мен күнкөрісі болса, мемлекеттік қызмет пен басқару саласы – сол әркімнің өз болашағына деген сенімінің тірегі болуы тиіс. Ал енді мемлекеттік қызмет пен басқару саласы сияқты мемлекет тірегінің әлсіреуінің кез – келген көрінісіхалықтың билікке деген сенімінің әлсіреуі екендігін, мұның ел тәуелсіздігіне тигізер залалы мен қаупі боларын ұғынар кез келді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет